1. 1-мақсат. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін дамыту



Дата23.02.2016
өлшемі230.49 Kb.
#10690
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2012 жылғы қызметінің қорытындылары және
2013 жылға арналған міндеттері туралы

Стратегиялық бағыт: Агроөнеркәсіп кешенінің салаларын орнықты дамыту

1.1-мақсат. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін дамыту

1.1.1-міндет. Өсімдік шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

Ағымдағы ахуал:

Статистика деректері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 2012 жылы 21,5 млн. га құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,4%-ға артық. Дәнді дақылдар егілген алаңдар 2011 жылға қарағанда 45,3 мың га-ға (1,0%-ға) арттырылды, бидай егістері 359,5 мың га-ға қысқартылды.

Бұл ретте, 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы мынадай дақылдардың алаңдары: күзгі арпа – 294,1 мың га-ға, жүгері – 2,3 мың га-ға, дәнді-бұршақты дақылдар – 34,2 мың га-ға, мақсары – 20,5 мың га-ға,
рапс – 71,1 мың га-ға, қытайбұршақ – 11,5 мың га-ға, зығыр – 93,2 мың га-ға,
көкөніс-бақша дақылдары – 13,2 мың га-ға, картоп – 5,6 мың га-ға, жемшөп дақылдары – 220,4 мың га-ға, жеміс-жидек дақылдары және жүзім –
3,5 мың га-ға, жабық топырақ көкөністері – 211,3 га-ға арттырылды.

Астықтың жалпы жиналымы 2012 жылы өңдеуден кейінгі салмақта


12,8 млн. тонна құрады (соның ішінде бидай – 9,8 млн. тонна). Астықтың экспорттық әлеуеті ағымдағы маусымда 7,0 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

2012 жылдың қорытындылары бойынша астық эквивалентіндегі ұнды ескере отырып, 11,0 млн. тонна астық экспортқа тиеп-жөнелтілді. Бұл көрсеткіш Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы рекорд болып табылады.

Майлы дақылдардың жалпы жиналымы 976,8 мың тонна құрады, бұл өсімдік майындағы ішкі қажеттілікті 197%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдарына ішкі қажеттілік 178%-ға, картоп – 265%-ға жабылады (ағымдағы жылы осы дақылдар бойынша жалпы жиналым 6,0 млн. тоннадан астам құрады (картоп – 3,1 млн. тонна, көкөніс – 3,0 млн. тонна)).

Жеміс-жидек дақылдары және жүзім бойынша жалпы жиналым
278,4 мың тонна құрады, бұл жемістер мен жидектерге республиканың ішкі қажеттілігін 75%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистикалық деректер бойынша республикада 2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша шамамен 13,7 млн. тонна астық, соның ішінде азық-түлік астығы – 10,9 млн. тонна, жемшөптік астық – 1,0 млн. тонна, тұқымдық астық – 1,8 млн. тонна.

Жаңа өнім астығын сақтауға арналған элеваторлық қуаттылықтарды босату мақсатында солтүстік облыстардың АҚК-дан басқа облыстардың неғұрлым бос АҚК-ға «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ
457,0 мың тонна, соның ішінде Ақмола облысының АҚК-дан 170,4 мың тонна, Қостанай облысынан – 81,1 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан –
205,5 мың тонна астықтың орнын ауыстырды.

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 51-V Заңына сәйкес мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2012 жылы


6,7 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы бөлінді, олардың есебінен
170,7 мың тонна астық сатып алынды.

Облыстық аулы шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2012 жылы ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялар 12,4 млн. га алаңда (76,5% астық алқабында) қолданылды, бұл 2011 жылғы деңгейден 7%-ға артық, тамшылатып суару алаңдары 2011 жылғы 17,2 мың га-ға қарағанда


28,1 мың га-ға жетті (63,4%-ға өсті).

Статистикалық деректер бойынша 2012 жылы жабық топырақтағы көкөністер алаңы 504,9 га құрады, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуымен салынған жоғары технологиялық (өндіргіштігі 20 кг/м2 дейін) жылыжайлар 20,9 га алып жатыр. Бұл ретте жалпы жиналым 60,2 мың тонна құрады, бұл маусым аралық кезеңіндегі елдің ішкі қажеттілігін 66%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жұмыс істейтін көкөністер мен картоп сақтау сыйымдылықтары бір уақытта шамамен 1,0 млн. тонна сақтау құрайды, соның ішінде 2012 жылы жалпы сақтау сыйымдылығы 128,8 мың тонна 90 қойма салынды. 2012 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ кредиттік қаражатының есебінен жалпы сақтау сыйымдылығы 18,5 мың тонна 5 көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

2012 жылы 1003 астық жинау комбайны, 1401 трактор, 198 егу кешені, 445 сепкіш, 271 білігі бар орақ сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерін жаңартудың жалпы пайызы 2012 жылы 1,4% құрады.

2012 жылы АӨК субъектілерін кредиттеуге республикалық бюджеттен және басқа да көздерден 95,9 млрд. теңге, соның ішінде 80 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 65,1 млрд. теңге, соның ішінде ӘКК кепілдігіне астықты сатып алу жолымен 13,4 млрд. теңге қаржыландырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өндірушілерді мынадай бағыттар бойынша субсидиялауды жүргізуде:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті
ЖЖМ және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату. 2012 жылы 18,9 млрд. теңге бөлінді, олар басым ауыл шаруашылығы дақылдарын 16,4 млн. га-да (2011 жылы – 15,9 млн. га) өндірудің агротехнологиялық циклін қамтамасыз етті. Нәтижесінде 56551 АШТӨ
(2011 жылы – 53675 АШТӨ) субсидиялар алды.

2) АШТӨ-ге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау


(2012 жылы 1,6 млрд. теңге бөлінді);

3) тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге шығындардың құнын арзандатуға (50%-ға дейін)


2012 жылы 6,9 млрд. теңге бөлінді. Осы бағдарлама шеңберінде 2012 жылы
5,0 млрд. теңге сомасына 197,2 мың тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыш сатып алынды, бұл 1,5 млн. га тыңайтуға мүмкіндік берді;

4) отандық АШТӨ өткізетін элиталық тұқымның құнын арзандату


(40%-ға дейін). 2012 жылы 2,4 млрд. теңге бөлінді, бұл АШТӨ сатып алған
84,9 мың тонна элиталық тұқымның және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 2820,8 мың данаға дейінгі екпе көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық аналық екпе ағаштарын 8,22 га-ға дейінгі алаңда отырғызуға шығындарын толық өтеуге мүмкіндік берді;

5) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпе ағаштарын отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеу (40%-ға дейін). 2012 жылы 1,8 млрд. теңге бөлінді, олардың есебінен жеміс-жидек дақылдары 0,8 мың га алаңда және жүзім 1,0 мың га, «Апорт» сортты алма ағашы –


113,8 га алаңда салынды, сондай-ақ 2009-2011 жылдары салынған екпе ағаштарын күту жүзеге асырылды;

6) мақта талшығы мен шитті мақта сапасының сараптамасына шығындарды мақта иелеріне толық өтеу. 2012 жылы 387,2 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 391 мың сынама мөлшерінде мақта талшығын будалап сараптау және мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде 93,0 мың сынама мөлшерінде шитті мақтаны сараптау жүргізілді;

7) астық экспорты кезіндегі көліктік шығыстарды субсидиялау.
2012 жылы 20,1 млрд. теңге игерілді, бұл 4,2 млн. тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.

2012 жылы «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» деген жаңа бюджеттік бағдарлама әзірленді, оны іске асыруға республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге (2013-2015 жылдары жыл сайын 3 млрд. теңгеден) бөлінді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары әзірленді, ол ғылыми жемқорлыққа қарсы сараптамаға жолданды.



Проблемалық мәселелер:

1. Жылыжай жабдығын импорттау кезіндегі кеден баждары

Кеден одағының (КО) Кеңесінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген ставкалардан ерекшеленетін әкелу кеден баждарының ставкаларын көшпелі кезең ішінде оларға қатысты қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіне сәйкес жылыжайларға әкелу кеден бажының ставкасы 2012 жылдың соңына дейін 0% мөлшерінде белгіленген, 2012 жылдан кейін жылыжайлар импортына қатысты КО Бірыңғай кедендік тарифінің 20% мөлшеріндегі ставкасы қолданылатын болады.

Жеміс-жидек саласын одан әрі дамыту мақсатында, сондай-ақ республиканың аграрлық секторын қолдау мақсатында көшпелі кезеңнің қолданылу мерзімін ҚР аумағына жылыжайлар импорты кезіндегі әкелу кеден бажының нөлдік ставкасын сақтай отырып, 2012 жылдан кейін ұзарту қажет.

2. Астық жинау комбайндары мен модульдерінің импортына қатысты 27,5% мөлшеріндегі арнайы қорғаныш бажын енгізуге қатысты

2012 жылғы 25 желтоқсанда өткен отырыс барысында ЕЭК КО бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін астық жинау комбайндары мен модульдерінің импортына қатысты арнайы қорғаныш бажын 2013 жылғы 25 ақпаннан бастап 2013 жылғы 5 шілдені қоса алғандағы мерзімге енгізу туралы шешім қабылдады. Көрсетілген шараны қабылдау алыс шет елдерден жеткізілетін астық жинау комбайндарына белгіленген импорттық кеден бажының (5%) үстінен 27,5% мөлшеріндегі арнайы қорғаныш бажы салынатынын білдіреді.

Осыған байланысты, алдын ала қорғаныш бажын алып тастау КО бойынша біздің серіктестеріміздің ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі бойынша жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін туралы Қазақстанның ұстанымы қолдау таппауы мүмкін.

Ымыралы келісім ретінде белгіленетін демпингке қаршы шара шеңберінде Қазақстанға шамамен 200 дана астық жинау комбайндарына квота түрінде ерекшеліктер белгілеуді көздеу қажет, бұл қазақстандық фермерлерге неғұрлым сапалы шетел ауыл шаруашылығы техникасын әкелуді қосымша қаржылық жүктемесіз жүзеге асыру мүмкіндігін сақтау мақсатында қажет.



Өткен жылдардағы алқаларда берілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау

Мемлекет Басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы ҚРҮ кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде көкөніс, майлы және жемшөп дақылдарының үлесін арттыруды қамтамасыз ету» деген
16-тармағын орындау.

Министрлік «ҚазАгроИнновация» АҚ-мен бірге өңірлердің климаттық жағдайларын және ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, облыстар бөлінісіндегі егістік алқаптарының ғылыми негізделген, көкөніс, майлы және жемшөп дақылдарының егістерін кеңейтуді көздейтін ұсынылатын құрылымы әзірледі.

2012 жылғы сәуірде Министрлік, облыс әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгроИнновация» АҚ арасында аудандары бойынша нақты индикативтік көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі меморандумдарға (бұдан әрі – Меморандумдар) қол қойылды, оларға сәйкес облыс әкімдіктері дақылдар және дақылдар топтары бойынша индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі міндеттемелер қабылдады.

Статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 2012 жылы 21,5 млн. га құрады, бұл Меморандумдарда


2012 жылға белгіленген жиынтық көрсеткішке сәйкес келеді. Астық-жемшөп, жарма және бұршақты дақылдардың (арпа, сұлы, қарақұмық, тары, бұршақты дақылдар) егістік алқаптары жиынтықта өткен жылдармен салыстырғанда
405,4 мың га-ға және Меморандумдардың көрсеткіштеріне сәйкес салыстырғанда 99 мың га-ға арттырылды.

Майлы дақылдар 1842,7 мың га ауданда егілді, бұл 2011 жылға қарағанда 25,8 мың га-ға артық және Меморандумдардың көрсеткіштеріне 24,6 мың га-ға артық. Жемшөп дақылдарының алаңдары 222,4 мың га-ға арттырылды және 2840,3 мың га құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден асады.



Мемлекет Басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы ҚРҮ кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Астықты сақтау және тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту және қолданыстағы сақтау қуаттылықтарын жаңа өнімді қабылдауға уақытылы дайындау бойынша нақты шаралар қабылдау» деген 19-тармағы және ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары 2012 жылғы 3 ақпандағы АШМ алқасында берген хаттамалық тапсырмалардың «Жаңа АҚК, астық сақтау қоймалары, жеміс-жидек қоймаларын салу және қолданыстағыларын жаңғырту арқылы астық, жеміс-жидек өнімдерін және картоп сақтау сыйымдылықтарын арттыру бойынша шаралар қабылдау» деген 2.4-тармағы.

2012 жылы республикада жалпы астық сақтау сыйымдылығы 24,0 млн. тонна құрады (соның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында (бұдан


әрі – АҚК) – 13,8 млн. тонна, АШТӨ – 10,2 млн. тонна), бұл 2012 жылғы өнім астығын сақтау үшін жеткілікті.

Көрсетілген көлемнен 2012 жылы АӨК субъектілерінің меншікті қаражатының есебінен 601,0 мың тонна сақтау қуаттылығы пайдалануға берілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Ұлттық қор қаражатының есебінен


14,0 мың тоннаға 1 астық сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы жалпы сыйымдылығы 77,0 мың тонна 5 объектіні пайдалануға беру жоспарлануда (көрсетілген жобалар 2012 жылы қаржыландырылды). Сондай-ақ жалпы сыйымдылығы 40,0 мың тонна 2 жоба қаралуда.

Көкөніс қоймалары бойынша

2012 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жалпы құны 11,8 млрд. теңге,


бір уақытта сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 116,4 мың тонна
26 инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады, соның ішінде құны 8,8 млрд. теңге, жиынтық сыйымдылығы 82,0 мың тонна 18 объекті қолданысқа енгізілді. 2013 жылы жиынтық сақтау сыйымдылығы 34,4 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін құрайтын 8 көкөніс сақтау қоймасын қолданысқа енгізу жоспарлануда.

2013 жылға арналған жұмыс жоспары:

1. дақылдардың өңдеудің ғылыми негізделген технологияларына көшу және кеңінен химияландыру, жаңа және қазіргі уақытта пайдаланылмайтын суармалы жерлерді айналымға тарту жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдерін арттыру;

2. өндірісті өңірлеу, егістіктер құрылымындағы бидайдың үлесін ғылым ұсынатын 50-60%-ға дейін төмендету, бір уақытта майлы, жармалы, бұршақты, жемшөп дақылдары және басқа да басым дақылдар егілген алаңдарды кеңейту жолымен егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыру;

3. ауыл шаруашылығының лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігін енгізу;

4. өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру.

1.1.2-міндет. Мал шаруашылығының және тауарлы балық шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

Ағымдағы ахуал:

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сойылған салмағындағы ет өндіріс шаруашылықтардың барлық санттарында 0,7%-ға кеміді. Сиыр сүтінің өндірісі 7,6%-ға, тауық жұмыртқалары – 1,5%-ға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 0,4%-ға артты.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі көлемінің 13%-ға, сүттің 13,2%-ға, жүннің 5,6%-ға артуы белгіленеді.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 5,7 млн. бас, соның ішінде сиырлар – 2,6 млн. бас, қойлар – 15,3 млн. бас, ешкілер – 2,6 млн. бас, шошқалар – 1,1 млн. бас, жылқылар – 1,6 млн. бас, түйелер – 172,6 мың бас, құстар – 33,8 млн. бас құрады.

1 сиырға орташа сүт сауылымы – 0,2%-ға, 1 жұмыртқалағыш тауыққа жұмыртқаның шығуы – 0,9%-ға артты, 1 қойға орташа жүн қырқу өткен жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға кеміді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 сиырға орташа сүт сауылымы 9,1%-ға артты және 3846 кг құрады.

2012 жылы мал шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялардың жалпы көлемі 31,5 млрд. теңге құрады.

2012 жылы құрғақшылыққа байланысты мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығы кәсіпорындарына және жеке аулаларға малдың қыстауын ұйымдастыруда жәрдемдесуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде:

шөпке 14,5 млн. тонна қажеттілік кезінде 15,4 млн. тонна, пішендемеге 302 мың тонна қажеттілік кезінде 329 мың тонна, сүрлемге 378 мың тонна қажеттілік кезінде 548 мың тонна жиналды;

құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ІҚМ аналық мал басын сақтау үшін Үкімет резервінен 1,5 млрд. теңге бөлінді;

құс өсіру және шошқа өсіру шаруашылықтарын жемшөп астығымен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ


311,7 мың тонна көлемінде жемшөп қорын бөлді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Осы міндетті шешудің негізгі жолдарының бірі жайылым учаскелерін суландыруды ұйымдастыру және жайылымдық мал шаруашылығын ұйымдастыру болып табылады.

Осыған байланысты, инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және құнының өтелу мерзімдерін төмендету үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде мал өсіру шаруашылықтарының шалғайдағы жайылымдарда шахталық және құбырлық құдықтар салу бойынша шығыстарын ішінара


(80%-ға дейін) өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды енгізу көзделеді.

Тауарлық балық өсіру

Тауарлық балық өсіруді дамыту мақсатында акваөсіру саласында жұмыс істейтін шаруашылықтар үшін арнайы салықтық режимді белгілеу бастамашылық етілді.

Қарқынды дамыту үшін стратегиялық негіз ретінде Тауарлық балық өсіруді дамыту жөніндегі мастер-жоспарының жобасы әзірленді, ол қазіргі және болашақ ұрпақтардың қызығушылықтарын ескере отырып, балық кластерін кешенді дамытуға бағдарланған.

Саланы одан әрі дамыту үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде тауарлық балық өсіруді субсидиялау көзделеді.



Өткен жылдардағы алқаларда берілген Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық жоспардың «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» деген 57-тармағы

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асырудың басынан бастап «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражатының есебінен бір уақытта 47,3 мың бас бордақыланатын бордақылау алаңдары салынды. 2012 жылы шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражатының есебінен бір уақытта 17,5 мың бас бордақыланатын 47 бордақылау алаңы салынды.

Бұдан басқа, жобаны іске асырудың басынан бастап республикаға
32,4 мыңнан астам бас шетелдік селекциялық асыл тұқымды жоғары өнімді етті бағыттағы ІҚМ әкелінді және фермерлік шаруашылықтарда өнімділігі жоғары тұқымдық бұқалардың өсімін молайту мен оларды одан әрі көбейтуді жүзеге асыратын 80-нен астам репродуктор шаруашылықтары құрылды.

«Сыбаға» бағдарламасының шеңберінде фермерлік шаруашылықтар


115,0 мыңнан астам ІҚМ аналық басын сатып алды. Қолда бар ІҚМ аналық басы сапалы қайта түрлендіру мақсатында тұқымдық қайта түрлендіру процесіне тартылған.

2013 жылға арналған жұмыс жоспары:

1. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды жалғастыру;

2. жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдау;

3. құс өсіруді дамыту бойынша шаралар қабылдау.



1.1.3-міндет. Қайта өңдеу өндірістерін орнықты дамыту және қолдау

Ағымдағы ахуал:

Статистикалық деректер бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі


2012 жылы ақшалай эквивалентте 833 млрд. теңге құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 2,9%-ға артық.

20111 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ұн, жарма, өсімдік майы, өңделген сүт, ірімшік және сүзбе, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері, ет консервілері өндірісінің өсімі белгіленді.

Сонымен бірге, қан өндірісінің нақты көлемі 38%-ға, күріш 2,7%-ға, шырындар 16,4%-ға, қоюландырылған сүт 12%-ға, сары май 5%-ға және шоколад 8,4%-ға төмендеді.

Сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі елдің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша


2012 жылғы қаңтар-қараша айларында 3 689,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көлемнен (3 423,2 млн. АҚШ доллары) 7,8%-ға артық.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша экспорт көлемі 15%-ға (887,4-ден 1 023,8 млн. АҚШ долларына дейін) артты. Атап айтқанда, ұн экспортының көлемі 1,3 есе, өсімдік майлары мен макарон өнімдері 2 есе, маргарин 2%-ға және қышқыл сүт өнімдері 32%-ға артты.

2012 жылғы қаңтар-қараша айларында импорт көлемі 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5%-ға артты және 2 666,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Импорттың нақты негізгі көлемі негізінен КО елдерінен және алыс шетелден әкелінетін жеміс-көкөніс консервілеріне, сүт өнімдеріне, құс етіне, кондитерлік өнімдерге тиесілі.

Сонымен бірге, қайта өңдеу көлемдерінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесі төмен болып қалуда: ет – 24%, сүт – 34,4%, жеміс-көкөніс – 6,9%.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелуі: шұжық өнімдерін өндіру бойынша – 28,4%, өңделген сүт – 46,8%, ұн – 36,8%, жаңа піскен нан – 43%, макарон өнімдері – 51,2%, көкөністерді қайта өңдеу бойынша – 27,8% құрады.

Қайта өңдеу саласының төмен жүктелуінің негізгі себептері мыналар болып табылады:

- шаруа қожалықтарындағы (фермерлік шаруашылықтардағы) және жеке қосалқы шаруашылықтардағы өндірістің жоғары меншікті үлесінен сапалы шикізаттың жетіспеушілігі;

- ауыл шаруашылығы шикізатын, дайындау тасымалдау және сақтау жүйесінің әлсіз дамытылуы;

- ішкі нарықтың импорттық тауардың жасырын демпингінен жеткіліксіз қорғалуы және артық тексерулер;

- отандық өнімді жүйелі өткізу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралардың практикалық қолданылуының болмауы;

- тамақ және қайта өңдеу өнеркәсіптерінің негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының белсенді бөліктерінің жоғарғы тозу деңгейі;

- аралас салалардың жеткіліксіз даму деңгейі;

- техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесінің практикалық қолданылуының болмауы.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін Қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді.

2013 жылға арналған жоспарлар:

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау және дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру.



1.1.4-міндет. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету

Фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша ағымдағы ахуал:

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдерімен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 3 115,6 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 4 379,2 мың га ауданда өңдеу жүргізілді. Ауыл шаруашылы тауарларын өндірушілер қаражатының есебінен дәнді дақылдардың ауруларына қарсы өңдеу – 192,0 мың га-да жүргізілді.

2012 жылы карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау және жою үшін республикалық бюджеттен 614,58 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 161,6 мың га ауданда химиялық өңдеу, соның ішінде карантиндік арамшөптерге қарсы өңдеу 126,98 мың га ауданда, карантиндік зиянкестерге қарсы өңдеу 34,61 мың га ауданда жүргізілді.

Өткен жылдардағы алқаларда берілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары 2012 жылғы 3 ақпандағы АШМ алқасында берген хаттамалық тапсырмалардың «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды белгіленген мерзімдерде жүргізу міндетін нормативтік бекітіп беріп мәселесін пысықтау» деген 2.2-тармағы

«Сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібін және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Орынбасарының – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 наурыздағы № 161 бұйрығымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды белгіленген мерзімдерде жүргізу міндетін нормативтік бекітіп беру бекітілді, алайда осы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелмеді.

Қазіргі уақытта Министрлік жоғарыда көрсетілген бұйрықты бір уақытта күшін жоюға қоя отырып, «Сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірлеуде.

2013 жылға арналған жоспарлар:

1. реттелетін саладағы тиісті бақылауды қамтамасыз ету;

2. аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету.

Ветеринария бойынша ағымдағы ахуал:

2012 жылы 5,7 млрд. теңге сомасына жануарлардың аса қауіпті ауруларының 39,5 млн. диагностикалық зерттеуі жүргізілді. Зерттеулердің негізгі үлесі (94%) ірі қара және ұсақ мал басын 100% қамти отырып, бруцеллезге келеді, ал басқа аурулар бойынша зерттеулер мониторинг мақсатында іріктеп жүргізіледі.

2012 жылы 180 ошақты жою бойынша іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде 171 ошақ жойылды, ал 9 ошақта жою іс-шаралары жалғастырылуда. Сондай-ақ 2012 жылы және 2011 жылдан бері жалғастыра анықталған
243 қолайсыз пунктте ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыру іс-шаралары жүргізілді және жүргізілуде. Солардың ішінде
229 пункті сауықтырылды, ал қалған 14 ошақта сауықтыру жұмыстары жалғастырылуда.

2012 жылы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ


45 экспедиция жасады.

2012 жылы биологиялық материалдық 83,7 мың сынамасы келіп түсті және 114,1 мың зертханалық зерттеу, соның ішінде 88,7 мың референттік зерттеу жүргізілді. Зерттеулердің неғұрлым көп пайызы СҚО, Жамбыл, ШҚО, Қостанай және Ақмола облыстарына келеді.



Өткен жылдардағы алқаларда берілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау

Мемлекет Басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы ҚРҮ кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының «2012-2013 жылдары 126 ветеринариялық зертхана салуды аяқтауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету» деген 20-тармағын орындау

Қазіргі уақытта 39 ветеринариялық (11 облыстық және 28 аудандық) зертхана салынды, солардың ішінде 13 ветеринариялық зертхана 2012 жылы салынды.

2013 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 17 аудандық ветеринариялық зертхананы салуды аяқтау жоспарлануда, қалған 70 зертхана ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Проблемалық мәселелер:

1. Жануарларды сәйкестендіруге арналған атрибуттар мен бұйымдарды және ветеринариялық паспортты сатып алуды орталықсыздандыру сапаны қамтамасыз етпейді және оған кепіл бермейді. Жануарлардың иелері құлақ сырғаларының, ветеринариялық паспорттардың құнын жиі өтемейді және сәйкесінше жергілікті бюджеттерге қаржы қаражаты жеткілікті көлемде келіп түспейді.

2. Қолданыстағы электрондық жануарлардың сәйкестендіру жүйесі (деректер базасы) жетілдірілмеген (клиенттік шешім), сондай-ақ ауылдық елді мекендер жергілікті интернет желісімен қамтамасыз етілмеген. Бұл оған өнімнің өмірлік цикліне (өсіру, өндіру, қайта өңдеу, өткізу) барлық қатысушылардың қол жеткізуін шектейді және мәліметтерді жаңарту мен енгізу уақыттығына әсер етеді, тиімді бақылауды жүзеге асыруда және жануарлардың, малдардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қозғалысын «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша бақылауды жүзеге асыруда кедергілер келтіреді.

2013 жылға арналған жоспарлар:

1. ХЭБ-пен келісілген Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық жүйені жетілдіру жөніндегі стратегияны және ҚРҮ мен Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасы жөніндегі келісімді іске асыру;

2. ҚР ветеринария салысындағы заңнамалық актілеріне ветеринариялық қызметтің құрылымын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін жетілдіру, малдардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құрамындағы зиянды заттардың мониторингін жүзеге асыру, ветеринариялық құжаттарды беру рәсімін оңайлату, ЖАО ветеринариялық қызметінің және ветеринариялық саласындағы қоғамдық ұйымдардың рөлін күшейту, ветеринариялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде және т.б. түзетулер енгізу

3. ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсендіру.

4. ветеринариялық зертханалар салуды аяқтау және мемлекеттік ветеринариялық , соның ішінде ЖАО құрған ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтау.

6. ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру (жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы).



1.1.5-міндет. Бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелерді жасау, енгізу мен таратудың тиімді жүйесін құру есебінен агроөнеркәсіп кешенін жеделдетілген ғылыми және технологиялық дамытуды қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуал

2012 жылы республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді, олардың есебінен АӨК-ні ғылыми қамтамасыз ету бойынша мынадай нәтижелер алынды.

Дәнді, жарма, майлы, жеміс, көкөніс дақылдарының және картоптың
39 сорты мен буданы жасап шығарылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді. Отандық селекция сорттарының дәнді дақылдары егілген егістік алқаптардың үлесі 42,1% немесе 6,8 млн. га құрады.

Астыққа және оны өңдеу өнімдеріне қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың жобасы әзірленді.

Қолтаңбалы сипаттаманың 30 ғылыми ұсынымдары, ауыл шаруашылығы салаларына арналған машиналар мен жабдықтардың жаңа үлгілеріне 15 техникалық құжаттамалар әзірленді; 63 қорғауыш құжаттары алынды, оның ішінде өнертабысқа 5 патент, өнертабысқа 40 инновациялық патенттер, селекциялық жетістіктерге 18 патенттер алынды; қорғауыш құжаттарына 60 өтінім берілді, бұл АӨК енгізу үшін әзірлеу нәтижелерінің инновациялық әлеуетін растау болып табылады.

Қазақ ақбас сиырының 3 зауыттық желісі, жылқының Мергеннің, Сары айғырдың, Палуан торының және Баумұғалжар тұқымдарының 3 зауыттық желісі, қазақ етті ерте жетілетін жартылай биязы жүнді қойларды (ҚЕТЖ) зауыттық типі, әртүрлі түстес елтірілі қойлардың 208 үлгі мөлшерінде


ДНК көздерінің коллекциялық банкі, құрама жемдердің 3 рецепті, сүйір балыққа арналған құрама жемнің 1 рецептурасы құрылды.

2012 жылы ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріске 397 889,48 мың теңге сомаға енгізу жөнінде іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде:

1) өнімдер объектілері, ҒЗТКЖ нәтижелері 163 405,45 мың теңге сомаға іске асырылды, оның ішінде:

- а/ш техникалары мен жабдықтарының үлгілері;

- а/ш дақылдарының бірегей және элиталық тұқымдары;

- жеміс дақылдарының отырғызу материалдары, орман ағаш түрлері және интродуценттер (жемісті, жидекті дақылдардың және жүзімнің екпе көшеттері);

2) 234 484,03 мың теңге сомаға қызмет көрсету, оның ішінде:

- өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірістік сынақтан өткізу, жасыл екпелердің мөлшерлеу сипаттамасы; санитариялық қорғау аймақтарындағы екпелерді егжей-тегжейлі зерттеу; жұмыс жобасын, а/ш қалыптастыруды және басқаларды нығайту жөніндегі технология машиналарын қолдану ұсынымын жасау жөніндегі қызметтер;

- а/ш өндірістеріндегі жұмыскерлердің біліктіліктерін арттыру;

- ветеринариялық препараттарға сынақтар, жемшөп үлгілеріне талдаулар жүргізу, тракторларды, комбайндарды, бүріккіштерді, аэрозольдық құрылғыларды, бүріккіштерді және т.б. сынау, топырақтарға талдаулар жүргізу;

- инновациялық тәжірибені енгізу, инновациялық жобаны ғылыми сүйемелдеу.

Бұдан басқа, 2009-2012 жылдары жұмыс істеп тұрған орталықтардың базасында 376 семинарлар өткізілді, онда АӨК 9296 субъектілері оқытылды. Қашықтықтан және тікелей консультация беру жүйесі арқылы 10 мыңнан аса консультация берілді.



Өткен жылдары өткен алқа отырыстарында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау.

2.5-тармақ «ылғал-ресурс үнемдеу ғылыми негізделген өлшемдерін әзірлеу және оларды өңірлерге жеткізу» ҚР Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасарының ҚР АШМ 2012 жылғы 3 ақпандағы алқасында берген Хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша.

Министрлік ылғал-ресурс үнемдеу технологияларын қолданудың өлшемдерін әзірледі және облыстардың әкімдіктеріне жұмыста пайдалану үшін 2012 жылғы 23 шілдедегі № 9-23/554-дир хатымен жіберілді.



18-тармақ «Ауыспалы егістердің ғылыми негізделген аймақтық схемаларын әзірлеу және өңірлерге жеткізу» ҚРҮ 2012 жылғы 27 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

«ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақстаның әртүрлі өңірлері бойынша ауыспалы егістердің ғылыми негізделген аймақтық схемаларын көздейтін 12 ұсынымдар әзірледі, онда топырақты өңдеу жүйелері, егудің мерзімдері мен нормалары, әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша тыңайтқыштардың оңтайлы дозаларын және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану туралы келтірілген.

2012 жылғы 14 наурызда осы ұсынымдар облыстардың әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына жеткізу үшін және олармен ауыспалы егістерді енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жіберілген болатын.

2013 жылға арналған жоспарлар:

1. Отандық аграрлық ғылымды реформалаудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші кезеңін ҚРҮ бекіткеннен кейін белгіленген тәртіпте іске асыруды бастауды қамтамасыз ету.

2. мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Халықаралық ауыл шаруашылығын зерттеу орталығын және аграрлық зерттеудің Оңтүстік орталығын құруды қаржыландыру жөніндегі барлық қажетті мәселелерді шешуді қамтамасыз ету.

3. отандық аграрлық ғылымның әлеуетін жетекші халықаралық ауыл шаруашылығын зерттеу жүйелерімен халықаралық ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде ауылшаруашылығын зерттеу саласында халықаралық ұйымдарға кіру есебінен дамытуды жылдамдату.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет