Баяндамалар
Қобда аудандық білім бөлімі
1-4 кластарға арналған
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламалар жинағы
Жиренқопа ауылы
Бекітілді аудандық эксперттік комиссия
отырысының хаттамасы №____ ________________
______________________________________________
Қаралды әдістемелік бірлестік отырысының
хаттамасы №_____ ____________________________
Құрастырушы: Даржан Қазбекқызы Бекешева
Жиренқопа орта мектебі бастауыш класс мұғалімі
Рецензенттер:С.Ж.Құттыбаева
Н.К.Бекмухамбетова
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасына пікір
1-4 кластарға арналған «Тіл ұстарту» бағдарламасы 2007-2008 оқу жылында бастауыш класс мұғалімі Д.Қ.Бекешеваның құрастыруымен жазылды, аптасына 1сағаттан әр класқа.
Мұғалімнің алдына қойған мақсаты тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориалық материалдарды дұрыс пайдалану және қазақ тілінің орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарын дұрыс меңгертіп, қолдана білу. Әдеби тіл нормасында ауызша, жазбаша түрде ойын айта,
жаза білуге дағдыландыру және оқушылардың кітап оқуға құштарлығын, ынтасын қалыптастыру, көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу.
Оқушыларды өмірге, қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау мәселесі де пәнге қойылатын қазіргі таңдағы басты міндеттедің бірі сол себептен «Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынған.
Бағдарлама тақырыбы, тақырыпқа сай құрастырылған.
Түсінік хат
Оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде жан-жақты дамыған, ерекше қабілетті оқушы, жеке тұлға тәрбиелеудің қажеттілігі заман талабынан туындайды. Осы заман талабына сай өмір шындығын түсіне білетін, ерекше кабілетті жеке тұлға тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Бастауыш класс оқушыларының жан-жақты ойлауы жеткіліксіз болғандықтан күнделікті оқыту бағдарламасынан тыс оқушының білім деңгейін толықтыра отырып, олардың ойлауын дамыту мақсатында оқушыларымның ерекшеліктерін ескере отырып «Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасы құрылды.
Менің осы «Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасы оқушылардың білім, икемділік дағдыларын қалыптастырады, ана тілінің грамматикалық құрылысын, заңдылығын меңгереді, сөздік қорын бойытады, ауызша және жазбаша тіл стильдерін меңгереді, оқыған, көргендерін өз сөзімен жатық сөйлеуге, оған өз көзқарасын кірістіре білуге, жоспар жасауға, көп үйреніп ізденудің арқасында шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқушыларды іздендіруге, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландырады.
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасының мақсаты:
-
тіл ұстарту жұмыстарында сөз байлығын арттыру;
-
тіл фактілерін,орфография заңдылықтарын әдеби тіл нормасына сай қолдану;
-
ойын дәл,анық айта,жаза білуге, ізеттілікпен,сыпайы сөйлеуге дағдыландыру;
-
оқыған,көргендерін,шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүйелеп баяндауға,хабарлап жазуға баулу
-
оқушылардың кітап оқуға құштарлығын, ынтасын қалыптастыру;
-
көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу:
-
мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру;
-
әңгімені қабылдау әсерін жетілдіру;
-
рухани дүниесін кеңейту;
-
ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-
оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-
көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
-
шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын қамтамасыз ету;
-
шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-
ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
-
өзіндік ой-пікірін айта біліге баулу;
-
оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
-
Күтілетін нәтиже:
Осы «Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламадағы материалдар мен тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өмірде
-
өзіндік еркін пікір немесе көзқарасын білдіре алады;
-
ойын еркін көркемдеп жеткізе біледі;
-
қысқаша мақала жаза біледі;
-
жазбаша түрде жүйелі баяндауы;
-
сөйлеу мәнері;
-
ізденіштігі, байқампаздығы.
Осы «Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасынан алған білімдерінің нәтижесін күнделікті өмірде кездесетін шығармашылық тапсырмалар арқылы қабілеттерін дамытуға, оқушыларды іздендіруге, сол арқылы өз беттерімен еңбектену барысында еркін қолдана алады деп есептеймін
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасының құрылымы мен мазмұны:
1.Суретке тіл бітірейік
Сурет,сюжетті суреттер бойынша және өзінің байқағандарынан әңгіме құрастыруға үйрету, сурет арқылы ауызша тіл мәдениетін арттыру;
2.Сурет арқылы сөйлем құрастыру
Ауызша тіл мәдениетін арттыру мақсатымен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі кеңейту, жетілдіру;
3.Тіл дыбыстары туралы түсінік
Дауысты дыбыстар және олардың түрлері. Жуан және жіңішке дауыстылар;
4.Дауысты дыбыстардың емлесі
А,Ә,О,Ө,Ұ,Ү,У,Ы,І,ИЯ,Ю әріптерінің елмесі,Е,Э әріптерінің қолданылуы;
5.Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Қ,К,Г,Ғ,Б,В,Г,Д,Ф,Ц,Ч,Ш,Һ әріптерінің емлесі, қосарлы дауыссыздардың емлесі, қолданылуы;
6.Сөз және сөз тіркесі туралы түсінік
Сөз тіркесі құрамының басыңқы және бағыңқы болып келуі
7.Сөйлем туралы түсінік
Сөйлемнің өзіне тән грамматикалық белгілері сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері./хабарлы,лепті,сұраулы сөйлем/
8.Ауызша және жазбаша тіл туралы түсінік
Ауызекі сөйлеуде орфоэпия,жазбаша тілде орфография заңдылығының негізгі болатындығы;
9.Қорытындылау
Тіл дыбыстары,дауысты,дауыссыз дыбыстардың емлесі сөз және сөз тіркесі, сөйлем туралы түсініктерді қорытындылау.
Тақырыптық жоспар
1-класс
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
1
|
Суретке тіл бітірейік
|
2
|
|
2
|
Сурет арқылы сөйлем құрастыру
|
2
|
|
3
|
Тіл дыбыстары
туралы түсінік
|
2
|
|
4
|
Дауысты дыбыстардың емлесі
|
2
|
|
5
|
Дауысты дыбыстардың емлесі
|
2
|
|
6
|
Сөз және сөз тіркесі туралы түсінік
|
2
|
|
7
|
Сөйлем туралы түсінік
|
2
|
|
8
|
Ауызша және жазбаша тіл туралы түсінік
|
2
|
|
9
|
Қорытындылау
|
1
|
|
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасының құрылымы мен мазмұны:
1.Мәтін туралы түсінік
Мазмұн оқиғаларына қарай мәтін көлемдерінің түрліше болатындығы. Мәтін оқиғаларының баспалдақты түрде жүйелі баяндалатындығы. Мәтін мазмұнындағы оқиға желісіне байланысты түрлі көріністер мен қосымша оқиғалардың да суреттелетіндігі;
2.Мәтінге жоспар құрастыру
Жоспар жүйесінде өз пікірлерін кірістіре айтқызу;
3.Төл сөз,автор сөзі туралы түсінік
Төл сөз бен автор сөздерінің тыныс белгілері,диалог және оның тыныс белгілері;
4.Ертегілер туралы жалпы ұғым
Олардың қоғам өміріне,адамның дүниетанымына байланысты туып дамуы, ертегілердің таңдаулы үлгілерінде еңбекшіл халықтың арманы,қиялы білдірілетіндігі. Оның түрлері таныстыру
5.Халық ертегілері туралы
Ертегі оқиғасының айтылуы,даму ерекшелігі басталу,аяқталу салты. Ертегілер халық тілінің алтын қазынасы; (Алтын сақа,Қырық өтірік т.б.)
6.Әдеби ертегілер туралы
Ертегінің тілі. Ақынның суреттеу шеберлігі. Кейіпкерлеріне салыстырмалы мінездеме беру; Тайбұрыл (Қобланды жырынан)
7.Хайуанаттар туралы ертегілер (Ақ тиін мен қасқыр,Ешкі мен қасқыр,Түлкі мен жолбарыс,Жыл басына таласқан хайуанаттар т.б.)
8.Тұрмыс-салт ертегілері
(Ақыл,ғылым,бақыт,Білгір адам, Айлакер бала, Қанағат.Шал мен бала,Мейрімді қыз т.б.)
9.Күлдіргі ертегілер
(Үш қу, Аңқау мен ұры,Қостаушы табылса,өтірік айтушы да табылады т.б.)
10.Қорытындылау
Ертегілер туралы түсінікті кенейту, пысықтау
Тақырыптық жоспар
2-класс
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
1
|
Мәтін туралы түсінік
|
2
|
|
2
|
Мәтінге жоспар құрастыру
|
2
|
|
3
|
Төл сөз,автор сөзі туралы түсінік
|
2
|
|
4
|
Ертегілер туралы жалпы ұғым
|
1
|
|
5
|
Халық ертегілері туралы
|
1
|
|
6
|
Әдеби ертегілер туралы
|
2
|
|
7
|
Хайуанаттар туралы ертегілер
|
2
|
|
8
|
Тұрмыс-салт ертегілері
|
2
|
|
9
|
Күлдіргі ертегілер
|
2
|
|
10
|
Қорытындылау
|
1
|
|
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасының құрылымы мен мазмұны:
1.Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Халық ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен оның мұрагерлері-жыршы, жыраулар мен ақындар. Ауыз әдебиетінің түрлері;
2.Тұрмыс – салт жырлары
Олардың басты-басты түрлері,еңбек және шаруашылық кәсібіне, әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар;
3.Батырлар жыры
Батырлар жырының халықты өз еліне басқыншы жаудан қорғау тілегіне байланысты туғаны, қоғамдық сананы білдіретіні халық тарихында болған оқиғалардың батырлар жырындағы елесі;(Қамбар батыр,Қобланды батыр,Ер Тарғын т.б.)
4.Аңыз әңгімелер
Аңыз әңгімелер туралы қысқаша ұғым.Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы. Аңыздан көрінетін халақ мүддесі мен тілегі;
(Аңшы мен етікші,Боз інген,Түлкі мен ешкі т.б.)
5.Мысыл өлеңдердің құрылысы
Мысал өлеңдердің жеке мазмұны,кейіпкерлері,олардың істері мен сөздері.Мысал өлеңдер,олардың басты көркемдік тәсілі-түспалдап айту(Қырық мысал, Есек пен бұлбүл,Шегіртке мен құмырсқа т,б.)
6.Мақал-мәтел, жұмбақтар
Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері, олардың тақырыптары. Мақал-мәтелдердің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Жұмбақ, олардың мәні
7.Өлең құрылысындағы жаңалық
Өлеңдегі асқақ арман, зор талап, өнерге, білімге құштарлылықтың көрінісі
8.Қорытындылау
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінікті кенейту
Тақырыптық жоспар
3-класс
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
1
|
Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
|
2
|
|
2
|
Тұрмыс – салт жырлары
|
2
|
|
3
|
Батырлар жыры
|
3
|
|
4
|
Аңыз әңгімелер
|
3
|
|
5
|
Мысыл өлеңдердің құрылысы
|
2
|
|
6
|
Мақал-мәтел,жұмбақтар
|
2
|
|
7
|
Өлең құрылысындағы жаңалық
|
2
|
|
8
|
Қорытындылау
|
1
|
|
«Тіл ұстарту» курсының элективті бағдарламасының құрылымы мен мазмұны:
1.Іс-қағаздарының кейбір үлгілерімен таныстыру
Өмірбаян,өтініш,хабарландыру ,қол хатт.б.
үлгілерімен таныстыру;
2. Ең үздік шығарма
«Менің сүйікті ұстазым», «Менің достарым», «Ең сүйікті пәнім», «Мектеп кітапхасы», «Менің үй шаруасындағы көмегім», «Мен кім болам? «Кітап-білім бұлағы» т.б. тақырыптарда шығармалар жаздыру,жазған шығармаларын талқылау және пікір айту; 3.Ең мазмұнды мазмұндама
Оқыған,көрген,естігендерін ауызша және жазбаша өз сөздерімен баяндату; «Мен көрген кино», «Мен сүйіп оқитын журнал», «Маған ұнаған әнші» т.б.;
4.Салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру
Суреттеуде қолданылған көркемдегіш сөздерді таныту;
5.Сөзжұмбақ, ребус, анаграмма құрастыру.
Салған суретірі бойынша сөзжұмбақ,ребус т.б. құрастыруға үйрету;
6.Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін арттыру мақсатында жүргізілген практикалық жұмыстарды одан әрі дамыту, кеңейту;(мәтін,іс-қағаздары жөніндегі еске түсіну);
7.Жалпылама қолданылатын сөздер.
Терминдер.Басқа тілдерден енген сөздер.Кәсіби,диалект,көнерген сөздер;
8.Сюжет туралы бастауыш ұғым
Көшпелі қазақ ауылының жадау көріністері.Өлеңнің көркемдігі,бейнелеу сөздері мен таныстыру Абай «Күз»,»Қыс» т.б. өлең мен әңгімелері;
9.Қорытындылау
Іс-қағаздарының кейбір үлгілерін, салған суреттері бойынша әңгіме құрастыруды, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамытуды қорытындылау;
Тақырыптық жоспар
4-класс
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат
саны
|
Уақыты
|
1
|
Іс-қағаздарының кейбір үлгілерімен таныстыру
|
2
|
|
2
|
Ең үздік шығарма
|
2
|
|
3
|
Ең мазмұнды
мазмұндама
|
1
|
|
4
|
Салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру
|
2
|
|
5
|
Сөзжұмбақ, ребус, анаграмма құрастыру.
|
2
|
|
6
|
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту
|
2
|
|
7
|
Жалпылама қолданылатын сөздер.
|
2
|
|
8
|
Сюжет туралы бастауыш ұғым
|
2
|
|
9
|
Қорытындылау
|
2
|
|
Мұғалімдер үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар
2.Мұғалімдерге қазақ тілінен көмекші құрал
3.Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі
3.Б.Тұрғанбаева Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. 1999ж
4.Бастауыш мектеп 2011ж№4
5.Қазақ ертегілері /жинақ/
6.«Ерте,ерте,ертеде.....» Әлем халықтарының ертегілері 2000ж
7.Әр түрлі халықтарының қызықты ертегілері (жинақ)
8.Қазақ энциклопедиясы
Оқушылар үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаңбақ шал ертегісі
2.Қырық өтірік ертегісі
3.Алтын сақа ертегісі
4.Балықшы мен балық (А.Байтұрсынов аудармасы)
5. «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» (Абай аудармасы)
6.Аяз би
7. «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа» А.Байтұрсынов аудармасы
8.Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ», «Өнер-білім бар жұрттар»
9.Ханс Кристиан Андерсен. Таңдамалы ертегілері
10.Қ.Аманжолов «Туған жер»
11.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
12.Ер Тарғын жыры
13.Алпамыс батыр жыры
14.Қобыланды батыр жыры
15.Тоқмағанбетов «Бидай мен Қанбақ»
16.Б.Момышұлы «Таң атып,көш батқанда»
17.Ә.Нұршайықов «Ер Төлеген», «Мәншүк әні»
Достарыңызбен бөлісу: |