1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет2/5
Дата20.06.2016
өлшемі431 Kb.
#149079
1   2   3   4   5

Жазу туралы.Дүние жүзіндегі барша халык дерлік жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткені байқалады. Бүларды бас-басына атайтын болсак, біріншісі — пиктографиялык яғни бейнелеп жазу, екіншісі — идеографиялық (логографиялық) немесе рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі — алфавиттік, өріп немесе дыбыс жазуы делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар деп аталады. Ол жеке сөздерге бөлшектенбейді, бугіндей хабар білдіреді. Мысалы, осы жерден үш күндік кашық-тықта аю жүр дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық белгісі қойылады деген сияқты.

Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырда Кіші Азияның Пергам каласында жазу-сызуға мал терісін илеп өңдеуден жасалған жарыакты пайдалана бастаған. Бұл материалды пергамент деп атап кеткен. Көне пергамент-кодекстен сакталған ескерткіш — «Кодекс Синаитикус» төртінші ғасырда жазылған.

Ежелгі Русь жазу материалы етіп берестаны — кайың кабығын пайдаланғаны белгілі. Үндістанда пальма жа-папрақтарына жазған. Қазіргі жазу-сызу материалы — кағаз тұңғыш рет біздің заманымыздың II ғасырында өндіріле бастады. 105 жылы қытай шебері Цай Лунь өсімдік талшықтарын сүзгіде қалдырып, суспензия жасаған. Қағазды сол сус-пензиядан өндіруді ойлап тапкан. Қытайлар қағаз өндіру төсілін көптеген уақыт кұпияда ұстаған. Еуропада кағаз өндірісі он үшінші ғасырда ғана негізгі жазу материалы-на айналы. Бұдан өзге, Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499 — 1551) «Тарих и Рашиди» («Рашидтің тарихы»), Қыдырғали Жалаиридің (1530 — 1605) «Жами ат-тауарих» (Шежіре-лер жинағы., 1602) деген еңбектері — қазақ рухани әлемінің тамырлары тарих тереңіне кететіндігін көрсетсе керек.

Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым. Бүл ғылыми тұжырымдаманың төркіні осы тараудың бас шенінде айтылғанындай, Лисовский, Ловягин, Куфаевтардан басталады. Соңғы уақыттарда бұл тұжырымдаманы дамытуға белгілі кітаптанушы ғалым-дар А. А. Сидоров, Н. М. Сикорский, А. И. Барсук, И. Е. Баренбаум және басқалары қатысты. Айтыстың және бір пайдасы — кітаптану жөніндегі ғылымның бәрінің басын қосу кажетгігін түсінуге қол жеткізді.

Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттеу объектісі — кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден түратындығына байланысты. Автор қолынан шыққан қолжазба редакциялық-баспагерлік өңдеуден өтіп, өндіріске түседі, яки баспаханада теріледі, басыла-ды, бүктеледі, түптеледі. Дайын кітап тиражы (таралы-мы) кітап саудасы және кітапхана жүйелеріне түседі, биб-лиографиялык өңдеуден өтеді. Ақыры кітап оқырман қолына тиеді. Бүл процестер бірімен бірі тығыз байла-нысты, бәрін жинактап келгенде кітап ісі деп аталады. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында кітап туралы ғылым анықтамасы былай деп түжырымдалады.

Соңы уакыттарда «кітаптану ғылымының кешенділігі» деген үғыммен катар «кітаптану ғылымдарының кешені» деген ұғым колданылып жүр. Бұл кітаптануға қоңсы, оның шетін ала орналаскан ғылымдарға байланысты айтылады. Мысалы, кітап өнері, яғни кітапты көркемдік жағынан безендіру мөселелерін зерттейтін ғылым өзінің сипаты жағынан кітаптану мен өнертану ғылымдарына бірдей қатысты. Бұл топтағы ғылымдарға интеграциядан гөрі дифференциация тән. Ағайындас ғылымдардан ауылын бөлек, алшағырақ қондырғысы келеді. Дегенмен бұлар да жалпы кітаптану заңдылықтарынан тыс тұра алмайды.

Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кітап белгілі бір оқушылар тобына арналуы тиіс. Мұны кітаптану ғылымында жоғарыдағы айтылған кешенді тұжырымдамадан өзгеше қызметшілдік тұжы-рымдама (функционалдық тұжырымдама) деп атап жур. Кітаптану проблемаларына арналған 1974 жылғы және 1977 жылғы Букілодактық конференцияларда жаңағы кызметшілдік тұжырымдама кеңес ғылымының улкен жетісгігі есепті бағаланды.

Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымы зерттейтін мәселелер сол окырман талап-тілегіне бай-ланысты болу керек. Кітапты оқырманмен, ондағы ақпаратгы тұтынушымен байланыста зертгеу — функци-оналдық, қызметшілдік әдіс осы талаптарға негіз-деледі.

Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемаларын шешуде белгілі кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


4 - дәріс.

Қолжазба кітап

  1. Жазу-сызудың негізгі үш сатысы

2 Әлем алфавиттерінің тарихы
Кітап дамудың көп салалы, сындарлы жолынан өтті. Ол бірден тап бүгінгідей қалыпта болған жоқ. Әр заманда кітап ісі әр қилы дамыды. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолға ұсталуы, оқылуы үшін негізгі үш шарт орындалуға тиісті.

  1. Ауызекі тіл жазба тілмен толықтырылуы қажет. Мұның өзі жазу- сызудың жүзеге асуына байланысты.

  2. Жазуды түсіретін материал қажет.

  3. Жазылғанды көбейту, қолжазбаны көпшіліктің қажетіне жарату, яғни топтық және әлеуметтік байланыс құралдарына айналуы шарт.

Дүниежүзінің барша халқы жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткен. Біріншісі – пиктографиялық яғни бейнелеп жазу, екіншісі – идеографиялық (лолографиялық) немесе рәзімдік (символдық) жазу, үшіншісі – алфавиттік, әріп немесе дыбыс жазуы делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар жеке сөздерге бөлшектенбей толық хабар береді.

Әр түрлі таңбаларды пайдалану қиынға түсе бастады. Кітап оқығысы келетіндер саны жиілей бастады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында әр түрлі елдерде бір дыбысты бір әріппен белгілейтін болды. Сөйтіп әріп және олардың жүйесі – алфавит пайда бола бастады. Тұңғыш алфавит жасағандар – Финикая елінің тұрғындары. Финикаялықтар оңнан солға қарай жазатын болған. Олардың алфавитінде дауысты дыбыстар жоқ, тек дауыссыз дыбыстар ғана әріп таңбамен белгіленген. Орта теңіз жағалауындағы барлық елдер осы жазуды пайдаланған. Оның негізінде арамей (арабтардың бір тайпасы) және грек алфавиттері туған. Арамей алфавитін Шығыс елдері қолданған. Одан қазіргі еврей сириялық, иран, араб алфавиттері дамыған. Бұларда әріп тек дауыссыздарды ғана бейнелейді, дауысты дыбыстар үшін арнайы белгілер қолданылып оңнан солға қарай жазылады.

Грек алфавиті финикиялық алфавиттің жетілдірілген түрі. Онда гректер дауысты дыбыстар үшін де әріптер ойлап тапқан. Батыс елдердің көпшілігі грек алфавиті негізінде латын алфавитін құрастырған.

Ал, кириллицаға келсек, бұл алфавитті бұдан мың жылдан аса бұрын болгар оқымыстысы, ағартушысы Кирилл шәкірті Мефодиймен словяндар үшін арнайы жасаған. Византия алфавиті үлгісімен Кирилл глаголица және кирллица әліппесін шығарған. Глаголица иероглифке өте ұқсас. Жазуға оншама оңтайлы емес. Глаголицаны қысып словяндар кириллицаға көшкен, 19-ы словян тілінің ерекшеліктеріне байланысты.

Қазақстан ертеректе араб әрпін, 1929 жылы латын графикасына жақын жаңа алфавитті қабылдаған. Орыс алфавитіндегі 33 және орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп қосылған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


5 - дәріс.

Баспа кітап

1 Ксилография немесе ағаш грвюрасы тәсілі

2 Литера құятын тәсіл иесі (Гутенберг)
Баспа кітапқа жол салу жолын зерттегенде ертедегі Шығыс елдерінің тақтайға бедерлі ою жасап, оған бояу жағып, мықтап керілген матаға таңбасын басқан өнерден бастау алған. Кейін матаға нақыш бедер түсіру Еуропаға ауысқан. Дәл осы принцип граверленген, оймаланған ағаш тақтайшалар арқылы сурет, мәтін басу негізінен алынған. Бұл тәсілді ксилография деп атаған. Бірақ бұл тәсілдер қолжазба кітапты ауыстыра алмады. Осы олқылықтың орнын толықтырған ХV ғасырдың тамаша перзенті неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг (1406-1468).

Полиграфиялық процесс белгілі бір баспа формасын, пішінін мәтін немесе суретті бұлардың таңбасын түсіретін материалға, айталық, қағаз бетіне көшіруді көздейді. Бұлайша таңба түсіру түпнұсқаны айнытпай қайталайтын форма (пішін) бейнесін көптеп, көбейтіп басып шығаруға жағдай жасайды.

Пішіннің таңба түсетін шығыңқы және түспейтін ақтаңдақ, ойық учаскелері болады. Таңбасы түсірілетін участокке тиісті баспаханалық бояу жағылады да қысым күшімен қағазға басылады. Таңба түскен қағаз оттиск деп аталады. Баспаның бұл түрін шығыңқы баспа (высокая печать) дейміз.

Шығыңқы баспа формасын жасауға алғашында ағаш формасы жұмсалды. Ұшы өткір металл сайманы көшегімен түсірілуге тиісті форма ойып, қашап түсірілетін. Мұндай тәсілді ксилография немесе ағаш грвюрасы деп атайды. Шығыңқы баспа тәсілін атақты неміс өнертапқышы Гутенберг қағаз материалдың өзгешеліктеріне қарай ыңғайлап, жетілдіріп, баспа станогын жасады. Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл. Атап айтқанда – терім формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты.

Осы тәсіл арқасында, біріншіден - баспа формасын жасау жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. Бұл форма алдын ала терілген элементтерден материалдардан түзілетін болған.

2-ші Терім жіберілетін қатені түзету жолын оңайлатты. Формадан қате кетсе, түзету қиын емес. Қате түскен әріпті (литераны) дұыс дегенімен оп-оңай ауыстырасың. Ксилографиядан қате жіберілсе, жұмысты басынан бастап қайта істеуге тура келер еді.

3-ші Терім жазу ісін бір қалыпқа түсіріп, түпнұсқаны айнытпай, қандай болса, сондай етіп жеткізуге мүмкіндік берді.

Гутенберг алғашында шрифтілерді ағаштан жасап көрген, кейіннен шрифті металдан құйды. Арнайы баспаханалық құйма ойлап тапты. Металдарды әр түрлі қасиеттеріне қарай пайдаланды. Гутенберг баспа станогын ойлап тапты. Оны литера құятын тәсіл иесі деп атайды.

Баспа кітап-күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, журналдардың шығуы жылжымалы литерасыз, баспаханасыз бояу мен баспа пресінсіз мүмкін емес. Газет Еуропада Гутенбергтің «В4-2» деп аталатын «Інжіп» кітабынан кейін ХҮІІІ ғасырдың басында пайда болды. Ресейде алғашқы баспа газет «Ведомости» Петр 1 тұсында, 1702 жылы дүниеге келген.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994



6 - дәріс.

Кітаптану ғылымының функционалдық, қызметшілдік тұжырымдамасы

1 Басылым типологиясы

2 Кітаптану ғылымында қызметшілдік тұжырымдамасы(функционалдық тұжырымдама)
Кітап туралы ғылым тараулары кітапқа ғана емес, кітап ісіне қатысты мәселелерді де назарынан тыс қалдырмауы тиіс. Кітап тарихын жазушылар көбінесе кітап тақырыбының, проблематикасының қасынан ұзап шықпайды. Ондай жағдайда кітап тарихынан гөрі оның библиографиясына көбірек ұқсайды.

Кітап пен кітап ісін зерттеу соңғы жылдары оқырмантану ғылымына ұқсады. Бұл заңды нәрсе. Ал, 60-шы жылдары кітаптану құрамындағы жеке салалар қарышты дамыды. Бұлардың әр қайсысы өздерінше «кітап» секілді іргелі категорияның анықтамасын табуға тырысты. Әр сала, кітап үшін қызмет етті. Бірақ, әр сала кітап анықтамасын өзіне бейімдеді. Мысалы: Алиса Александровна Беловицкая өзінің «Общее книговедение» кітабында кітап білімі салаларынан редакциялық баспагерлік саланы бөліп қарастырған. Редакция талқылауынан өткен кезде ғана шығарма қолжазбасы кітапқа айналады. Онда кітап өзінің бет-әлпетін толық айқындайды, нақтылы оқушысын табады, яғни оқырман типін белгілейді.

Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кезе келген кітап белгілі бір оқушылар тобына арналуы тиіс. Мұны кітаптану ғылымында қызметшілдік тұжырымдамасы деп аталады.(функционалдық тұжырымдама).

Кітаптану проблемеларына арналған 1974 жылғы Бүкілодақтық конференцияларда қызметшілдік тұжырымдама кеңес ғылымының үлкен жетістігі болып бағаланған.

Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымы зерттейтін мәселелер сол оқырман талап-тілегіне байланысты болу керек. Кітапты оқырманмен, ондағы ақпаратты тұтынушымен байланыста зерттеу – қызметшілдік (функционалдық) әдіс осы талаптарға негізделді. Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемелерын шешуде белгілі кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті. Ол кітаптың төмендегідей жалпы анықтамасын береді. «Кітап – бұл қолжазба және баспа шығармасы, немесе екеуінің жиынтығы болып табылады. Кітап – қоғамдық сана туындысы, қоғамның идеялық-рухани өмірінің жемісі, идеологияның барлық түрлерін, (саяси, көзқарас, ғылым, мораль, т.б.) тарату және дамыту құралдарының бірі, әлеуметтік күресті, тәрбиені, қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы, ғылыми және техникалық прогресс қаруы).

Кітаптың нақтылы оқырманға қызмет етуі тұрғысынан оның жеке қасиеттерін ғана мөлшерлеп айтуға болады. Мысалы, белгілі бір кітап басылымынң немесе шығарманың кімге арналып отырғандығын, әлеуметтік, таптық қызметін, идеологиясын зерттеуге мүмкіндік ашады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


7 - дәріс

Жүйелі типологиялық тұжырымдама

1

2

Дүниедегі құбылыстардың барлығы бір-бірімен байланыстағы бір жүйеден тұрады. Олар бірінен-бірі туындайды, бірінің орнын бірі басады, бірі өшсе, екіншісі жанады. «Жүйе», «жүйелілік» ұғымдары осы диалектика заңдарының нақты көріністерінен табылады. Табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтарын тексеретін ғылымдар да бір-бірімен тығыз байланыста, жүйе-жүйемен дамып өркендейді.

Жүйе дегеніміз тұтастық белгісі. Белгілі бір құрылымның, құбылыстың бір-бірімен тығыз байланысты мүшелерден, компоненттерден тұратындығы.

Жүйесіз ғылым жасалуы мүмкін емес. Адам білмегенін білгісі, көрмегенін көргісі келеді. Не мәселенің ақиқатын іздейді. Сол тұрғысында ол білгенін, тапқанын келтіруге, азды-көпті білімін жүйелеуге кіріседі. Жүйеге келтірудің бір амалы кездейсоқтықтан арылу. Ғылым соңғы нәтижеге көңіл бөледі. Құбылыстардың ортақ принциптері мен заңдылықтарын табуға тырысады. Ғылым дегеніміз жүйеге келтірілген білім.

Жүйе дегеніміз белгілі бір құрылымның, құбылыстың бірімен-бірі іштей тығыз байланысты., бірінсіз бірінің күні жоқ компоненттерден тұртындығын және осылардың тұрақты байланыстығы жаңа сапаға көтерілгендігін білдіреді. Жүйенің сапасы оның барлық мүшелерінің жиынтық сапасына тепе-тең емес және сол мүшенің әрқайсысының сапасын қайталамайды.

Жүйенің өзі (система) қосалқы жүйеден (подсистеме) яки белгілі бір компоненттерден тұратын болса, дәл сондай құрылым қосалқы жүйеге де тән. Сондықтан жүйені тұтастай зерттеудің мәнісі қосалқы жүйені тұтастай зерттеудің мәнісі қосалқы жүйені де талдау деген сөз.

Кітаптану – тұтас, жүйелі ғылым. Ол кітап және кітап ісін зерттейді: баспагерлік іс, кітап өнері, кітап саудасы, кітапхана, библиогрфия салалары кітаптану жүйесінің қосалқы жүйелері болып табылады.

Кітап дегеніміз белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік информацияны жеткізуші құрал. Адамдарға бір-бірін біліммен байытудың, әлеуметтік қатынасты жолға қою тәсілінің ең ұтымды түрі. Адамдар қоғамдық – практикалық қызметіне керекті әлеуметтік мағлұматтарды негізінен кітаптан іздейді.

Кітапқа жүйелі көзқарас дегеніміз сол әлеуметтік информацияның оқушысына барар жолын қадағалау, зерттеу. Қызметшілдік қиысушылық тұжырымдамалары кітаптану салаларының арасындағы тұрақты байланыстарды ашуда үлкен рөл атқарады, жаңа ғылымның өрісін кеңейтті. Кітаптану – кешенді ғылым. Жүйе, құрылымы күрделі. Өз алдына бөлек, бірақ бір-бірінсіз күнелте алмайтын іштей тығыз байланысқан тұтас жүйе. Ал осы тұрақтылық байланыстан туатын тұтастық жалпы кітаптануды жаңа сапаға көтереді. Жаңа сапаға көтеретіні – кітаптану өз жүйесіндегі ғылымдардың жай қосындысы емес және сол ғылымдардың біреуінің де қайталамасы емес. Жүйелі көзқарас дегеніміз, міне, осы жаңағы сапалы тұтастық.

Қазіргі кезде кітаптану ғылымының негізгі әдісі ретінде жүйелі типологиялық әдіс қолданылуда.

Кітаптанудың жүйелі – типологиялық әдісі тірек қылатын үш негіз мыналар:

1. Кітап және кітап ісі жүйелі, сатылы құрылымнан тұрады.

2. Бұл жүйенің өзі басқа, өзінен жоғары жүйенің буыны. Жоғары жүйе деп отырғанымыз – табиғат пен қоғамда объективтік өмір сүретін информациялық процесс.

3. Кітап және кітап ісі тұтас жүйе есебінде қоршаған шындық дүниемен айрықша байланыста дамиды.

Кітаптанудың жүйелі – типологиялық әдісін біз оның объектісі кітап және кітап ісін ғылыми басқару жолдарын белгілеуде пайдаланмыз.

Бұл тақырыптың әңгімесін өткен тарауларда бастағанбыз. Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым дедік. Осы анықтаманың өзінен-ақ кітаптану ғылымының нені зерттейтінін, тұтас жүйесін аңғарамыз.

Кітаптану ғылымының туу, қалыптасу жолы оңай болмағандығын біз оның тарихынан жақсы білеміз. Ғылымның зерттеу аймағын аныктау, ана жер, мына жер-ден өз алдына отау тіккен, бірак іштей туыстас, арнасы бір дара пәнді ғылымдарды ортақ шаңырақ астына жи-нау оңайға түскен жоқ. Үлкен өзен теңізін таппай тын-байды. Сол секілді үлкен білім тармақтары кұяр жүйесіне карай ұмтылады. Бүл — объективтік процесс. Яғни жоғарыда сөз етілген жүйелі-типологиялық әдіс ғылым-ның даму заңдылыктарынан туып табиғи калыптаса бас-тайды деген сөз.

Жүйелік түтастыкка үмтылу кітаптануға ғана тән емес. Барша ғылым осы жолдан өтті. Оған ғылымтану тарихы анық айғак. Табиғат және коғам туралы ғылы-ми білімдерді топтастыру, жүйелеу бағытындағы өрекет өсіресе XVIII ғасырда кеңінен өріс алды. Нешеме алуан шашырап-бытыраған мағлүматтар, қағидалар, ілімдер жіктеліп, жүйеленіл келіп тоғысуынан білім ғылымға ай-налды. Өз алдына зертгеу болмаса да, зерттеу жемісгерінің казыналы қоймасына бара-бар энциклопедия жасау иде-ясының дәл сол XVIII ғасырда тууы әбден заңды еді. Соның нәтижесінде ғылымдардың бір-бірімен іштей бай-ланысы ашылды, олардың кайсыбіреулерінін сағасы нда жаңа ғылымдар туып дамыды.

Кітаптаптану ғылымы өз тарихынын өн бойына өз салаларында жинақталып қорытылған ғылымдардың басын біріктіруге, оларды жіктеп жүйелеуге, ортақ заңды-лықтарын табуға тырысты. Өз зертгеу объектісін, яғни нені, ғылымның қай саласын зертгейтіндігін, пәнін, кұра-мын (состав), кұрылымын (структура), өдістерін анықтапалуға қмтылды.

Кітаптану ғылымының калай калыптасқаны алдынғы тарауларда егжей-тегжейлі көрсетілді. Әуелі кітаптану практикасында эмпирикалық білім жинак-талды, нактылы кітаптану салалары әр жақты тексерілді, содан барып белгілі кезеңде кітаптану ғылымы бой тү-зеді.

Енді кітаптану ғылымы жаңа сапалы негізде дамуда. Ол философия, жалпы ғылым заңдарына сүйенеді. Оның тағы да бір қозғаушы күші — арнайы, салалық кітаптану ғылымдарының жетісіктері. Сонымен бірге жеке, арнайы кітаптану пәндері жалпы кітаптану ғылымы теориясы-ның жемістерінен нәр алады.

Кітаптану — кешенді, жүйелі ғылым. Онын кұрамы-на көптеген жеке дара кітаптану пәндері енеді. Солардың басты-бастыларынан төмендегідей негізгі төрт жүйеге тоқталамыз:



  • Кітап баспагерлік білімі жүйесі.

  • Кітап саудасы білімі жүйесі (библиополистика).

  • Кітапхана білімі жүйесі (кітапханатану).

  • Библиография білімі жүйесі (библиографиятану).

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


8 -Дәріс. Кітап музейі.

Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Мінеки, осынау кітаптың қалыптасу, даму тарихы өте күрделі. Ежелгі заманда жазуды қыш текшелеріне, тақта тастарға таңбалайтын болған. Ал, біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылған. Содан соң біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда тері жарғақ (пергамент) қолданыла бастайды. Бертін келе біздің заманымыздың 1-ғасырынан бастап, түптелген, парақты бүктеме кітап дүниеге келді. Қадым замандар шежіресі, міне осындай ғажап сыр шертеді.

Кітаптың сан-салалы жасампаздық мән-маңызы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемелерінің қызметтерінен айқын көрінеді. Солардың бірі – Қазақстанда 1978 жылы 20 қазанда ашылған Республикалық кітап музейі. Музейдің әр тарапты жұмысында оған бірегей кітапқұмарлар, ғалымдар, жазушылар, баспагерлер ұдайы көмек көрсетіп отырады. Музейдің алтын қорында белгілі ғалымдар меншігінде болған көптеген басылымдар бар.

Кітап музейінің ашылуы Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі елеулі оқиға болды. Біршама қысқа мерзімнің ішінде музей өзін біздің егеменді мемлекетімізде ғана емес, сонымен бірге одан тысқары жерлерге де кеңінен мәлім етті. Музей экспозициясын қазірдің өзінде Достастық мемлекеттерден, алыс шетелдерден келген қонақтар аралауға мүмкіндіктер жасалған. Музейдің кітап сақтау бөлімі түрлі басылымдармен жылма-жыл толықтырыла түсуде. Оның бес қоры бар. Негізгі қорда Қазақстан баспалары шығарған әдебиеттің барлық түрлері мен жанрларын қамтитын сан мыңнан астам кітап сақтаулы.

Музей босағасынан аттаған бетте алғашқы залдың бүкіл сол жақ қабырғасын алып тұрған электрлендірілген карта орналастырылған. Онда Қазақстанның кітап баспаларының, полиграфия кәсіпорындарының желісі көрстеілген. Ол картаға қарап республикадағы кітап бастыру ісінің қазіргі жайы туралы түсінік алуға болады.

Қазір Алматыда мемлекеттік 12 баспа бар. Олар – «Қазақстан» (қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, өндірістік-техникалық, анықтама әдебиет).

«Жазушы» (көркем әдебиет,фольклор мен әдебиеттану).

«Рауан» (мектептерге арналған оқу-педагогикалық басылым).

«Жалын» (жастар әдебиеті).

«Өнер» (музыка мен өнер жөніндегі кітаптар).

«Қайнар» (ауылшаруашылық әдебиеті, кейінгі жылдары аспаздық кітаптар шығаруда).

«Ғылым» (ғылыми басылымдар).

«Қазақ энциклопедиясы», «Ана тілі» (жоғары және арнаулы орта оқу орындарына арналған оқу-педагогикалық әдебиет).

«Қазақ университеті» (оқулықтар мен ғылыми әдебиет).

«Балауса» (балаларға арналған кітаптар).

«Дәуір» (республикалық газет-журналдар мен кітаптар).

Музейдің қызметі түптеп келгенде еш нәрсемен айырбастауға болмайтын құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет