Лекция №10. Контент жасау. Фотожурналистиканың жанрлық ҚҰрылымы >10. 1 Сурет және фотошоп



Дата13.11.2023
өлшемі33.95 Kb.
#483139
түріЛекция
10-дарис


Лекция №10.
КОНТЕНТ ЖАСАУ. ФОТОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
10.1 Сурет және фотошоп
10.2 Фоторепортаж, фотосуретте, фотоочеркке қойылатын талаптар
10.3 Республикалық және өңірлік фотоөнер ардагерлерінің шеберлігі

Журналистиканың ерекше бір түрі – фотожурналистика. Жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары материалының әсерлі, нанымды, сенімді болуы үшін оқиға орнынан, не сол оқиғаға тікелей қатысы бар суреттерді пайдаланады. Қазіргі кезеңде фотосуреттердің оқырман назарын аударуға қаншалықты ықпал ететіні туралы зерттеушілер арасында әр түрлі пікірлер бар. Әсіресе, жарнама өнімін сапалы суреттерсіз елестету мүмкін емес.


Суреттердің деректі фотография, әлеуметтік деректі суреттер, көше суреттері немесе тарихи фотосуреттер, жарнамалық суреттер сияқты түрлері бар. Сонымен бірге фотожурналистика саласында түсірілген, жарияланған суреттердің де өзіндік жанрлық ерекшелігі, белгілері болады. Суреттер оқиғалардың хронологиялық контексінде маңызды, болған оқиғаны шынайы бейнелеуде, сол оқиғаның бар бейнесін көрсетуде ерекше сипатқа ие. Суреттер жаңалықтардың басқа элементтерімен үйлесіп, оқырманға немесе көрерменге оқиғалардың мәні туралы түсінік береді. Яғни, фотожурналистикадағы түсірілген суреттер белгілі бір кезеңде болған оқиғаны шынайы бейнелеп қана қоймай, баяндау ерекшелігіне де ие деген сөз.
Фотожурналистер арасында «Адамдарға, сіз түсірген суреттің егесі сол адамдардың өзі екенін ұқтыру керек» деген қағида бар. Яғни, дер кезінде шебер түсірілген сурет тарихтан да сыр шертеді, өткен күннің белгісі қызметін де атқарады, адам тағдырына да әсер етеді, онымен қоймай оқырман назарын да аударады, жарияланып отырған ақпараттың шынайылығына сенуге де ықпал етеді.
Қазіргі уақытта қандайда бір ақпаратты суретсіз елестету мүмкін емес. Заманның талабы солай, ақпараттың, жарнаманың өтімділігі үшін сапалы әрі креативті фотосуреттерді пайдалану қажет. Дәл осы фотосуреттерді алғаш қолданған шетелдік баспасөз құралдары сол заманғы оқырмандардың көңілін лезде жаулап алды. Оның ішінде (Picture Post (Лондон), Paris Match (Париж), Life (АҚШ), Sports Illustrated (АҚШ) журналдары және (The Daily Mirror (Лондон), The Daily Graphic (Нью-Йорк)) газеттері бар.
Алайда, фотосуреттің дамуына екінші дүниежүзілік соғыс қатты әсер етті. Бұндай тарихи оқиға уақытында соғысқа қатысушы елдер өздерінің әскери техникаларымен қатар ақпарат жеткізу жолын да шыңдаған еді. Себебі, майдан алаңындағы ақпарат пен сәтті шыққан кадрлар сұранысқа ие болды. Оның үстіне соғысқа бармаған адамдар нағыз соғыстың қаупін осы суреттер арқылы сезіне алатын. Оның ішінде қазіргі күннің өзінде жаһанды технологиясымен таңқалдырушы Жапония елі мен Еуропа және АҚШ болды. Дәл осы үштіктің өндірген фотоқұралдары үлкен сұрнысқа ие еді.
Тұңғыш фотоқұрал Леонардо Да Винчидің заманында мәлім болған. Десе де, алғашқы суретті таспалаған Джорж Ньепс. Оның суретінің айқындау ұзақтығы сегіз сағатқа созылған. Ньепс қайтыс болғаннан кейін оның ізін жалғап Луис Дагер шығады. 1839 жылы 7 қаңтарда фотосурет пайда болды. Ол кездегі фотоқұралдардың көлемі едәуір үлкен еді. Кейін сурет түсіруге пленкалар қолдана бастады. Алғашқы болып АҚШ-тың «Kodak» фирмасы пленкалар шығара бастады.
Фотожурналистиканың тарихын әркім әртүрлі суреттейді. Белгілі фотогерлердің ойынша фотожурналистиканың атасы Анри-Картье Брессон болып есептеледі. Ал фотожурналистика терминін қалыптастырған Клифф Эдом немесе Френк Мотт деп танылған. Тарихқа сүйенсек Эдомның өзі Миссури университетінде сабақ беріп жүргенде фотожурналистика терминін ойлап тапқан. Сондай-ақ, 1946 жылы бірінші фотожурналистика тобын құраған. Газет беттеріндегі толыққанды жаңалық суреттері 1880 жылы The Daily Graphic (Нью Йорк) газетінде шыға бастады.
Жалпы фотожурналистиканың уақыт өте келе көптеген жанрлары дүниеге келді. Оның ішінде ең жиі қолданыстағы жандың түрі фотопортрет. Бұл жанрдағы туындыны жасау жолында кадрдағы адам мен қатар суретке түсіруші де шыңдала түседі. Фотогер фотопортрет жанрында адамның сыртқы пішіні мен келбетінен бөлек оның мінезі мен қасиетін жеткізе алуы тиіс. Заманауи фотогерлер арнайы студияда жарық қолданып, өз түсірушісіне рең беріп, қалаған суреттерін жасай алады. Ал тарихи сәттердегі фотопортрет жалдымдық пен сәтті кадр ұстай алуды талап ететін. Бұл дегеніміз соғыс кезінде жеңіске жеткен батырдың шынайы қуанышының суреті, кісі өлтірушінің эмоциясы және т.б тосын сәттердегі образдың ашылуы жатады. Мәселен, Түркиядағы Ресей елшісінің өлімі екі ел арасында түсініспеушілік туғызған саяси оқиғалардың бірі болды. Жұрт алдында сөз сөйлеп тұрған елшіні түрік азаматы атып өлтірген болатын. Дәл осы сәтті суретке таңбалаған фотогер Бурхан Озбилиджидің суреті әлемдік «World Press Photo» сыйлығын жеңіп алды.
Тағы бір кез келген басылымда жиі жарық көретін жанрдың бірі – фотоочерк. «Тарих» деген мағынаны беретін бұл жанр әрдайым деректі болып табылады, оқиғаның орны мен уақыты дәл көрсетіледі, белгілі бір адамдар түсіріледі, нақты фактілер аталады. Фотоочерк дегеніміз – адамдардың іс-әрекеттері, оқиғалары мен шындық фактілері туралы сенімді жазба.
Фотожурналистика саласы тек еркектерге тән жұмыс емес. Бұл уақытқа дейін әйел адамдар да өздерінің суреттерімен ғаламға танылған.
Ева Арнольд-американдық фотогер және фототілші. Ол өзінің жұмыс уақытында Ресей, Қытай, Оңтүстік Африка, Ауған елдерінде қызмет атқарған. Ол әлем жұлдыздарын және саясаткерлерді түсіргені үшін атақ жинай бастаған. Олардың арасында Ж.Кеннеди, Елизаветта екінші, М.Тэчер сынды әйелдер бар. Ол жастайынан Брессоның суреттеріне қарап фотогерлікке машықтанып, үйренген.
Диана Арбусм - американдық фотогер. Ол халыққа өзінің қара-ақ суреттері арқылы танылған. Оның таспасына көбіне өзгеге ұқсамайтын адамдар түседі. Олардың ішінде бет пішіні өзге адамдар, ергежейлі адамдар, денесінің мүкістігі бар адамдар, транссексуалдар, циркшілер көп таспаланады.
Фотография – адамзат өміріне өзгеріс әкелген өнер саласы екендігі даусыз шындық.
Фотосурет басылымға келгеннен кейін, ол насихаттау құралына айналды. Суреттер Үкіметтің қажеттіліктеріне «режиссерланды», эстетика үшін суреттер түсірілді, суреттер құжаттан суретке айналды. Мысалы біздің елімізде 1932 жылдың 9 мамырында газет-журналдардың ұыжымына фототілші мамандығы келді, оны бір кездері фотокорреспондент, фотожурналист, фотограф деп де атады.
1841 жылы Жәңгірхан мектеп ашқан кезде, Ресейден арнайы фотогер шақыртқан. Біздің даламызға сол кездің өзінде фотоқұрал келгенімен, ол өз уақытында баспасөзден орын таба алмады. Оның үстіне сол заманда қазақ газет-журналдары қатаң бақылауда болып, бірі ашылса, бірі жабылып жатқан уақыт еді. Қазақ елінің астанасы Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға ауысқан кезде баспасөзді керекті жарақтармен қамтамасыз ету мүмкін емес болды.
1901 жылы Петерборда Бөкей ордасының 100 жылдық мерейтойы аталып өткен жиында ІІ Николай патшадан фотоқұралды саймандарымен қоса сыйға алған Шәңгерей Бөкеев сол кезден бастап қазақтың тұлғаларын суретке түсіріп, осы сала тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Фотографияны алғашқыда баспасөз беттеріне сән беру үшін қолдану тәжірибесінен бүгінде насихаттық мәнге дейін ие болған саланың жаңалығы күн санап артып келеді. Мысалы, зерттеуші А.Әбдірайымұлы еңбектерінен 1899-1958 жылдар аралығында Дмитрий Поликарпович Багаевтың суреттері Павлодар өңірінің өсіп-өркендеуінен хабардар етсе, Евсей Ефимович Блехманның еңбектері Қазақстан Республикасының тың және тыңайған жерлерді игеру тұсында тарихи мәліметтердің мәңгілік бейнесін қалдырғанын білеміз. Сондай-ақ К.Мұстафин, С.Пернебаев, Ж.Бозымбеков, Ж.Пайызов, С.Бәсібеков, Д.Егізовтердің есімі де қазақфотожурналистика саласында ерекше аталады.
Қазіргі әлемде фотосуреттерсіз бірде-бір көпшілікке тарайтын баспа материалдары шықпайды. Фотоматериалдарды пайдалану заманауи қажеттілік болып табылады, өйткені сол арқылы тіпті өзге мемлекеттің тарихи даму барысын көзбен көруге де болады. Өмір сүріп отырған халықтың ерекшелігін, оның дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын, ойлау тәсілін - өркениеттің белгілі бір түріне деген көзқарасты көрсететін газеттер мен журналдардағы фотографиялық суреттердің арқасында белгілі бір мемлекетке деген өзіндік көзқарас пайда болады. Сол арқылы өз әлеміңіздің де бейнесін жасай аласыз.
Фотография қоғамның идеологиялық саласына да дендеп енгелі біршама уақыт болды. Фотосурет адамдардың рухани өмірінде үлкен маңызға ие. Фотографияның насихаттық рөлі бөлек зерттеуді қажет ететін тақырып деп білеміз.
Журналистің қолындағы дұрыс пайдаланыла алған фотокамера маман ретінде өз жоспарларын білдіруге, шындықты түсіндіруге, өмірге белсенді араласуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бейнеленген сюжеттерді зерттеу тереңдігі камера моделіне емес, журналистің кәсіби шеберлігіне, оның көркемдік және эстетикалық деңгейіне байланысты.
Фотожурналистика – қазіргі журналистиканың ажырамас құрамдас бөлігі, міндетті компоненті. Баспа арқылы, сондай-ақ теледидар арқылы ол әлеуметтік жүйемен байланыс орнатады. Сондықтан фотожурналистиканың функционалдық маңызы «журналистика» жүйесіне қосылуымен бұл саланың атқаратын қызметіне жеңілдіктер әкелді.
Бұл саланың шынайы шеберлерінің есімдері әлем бойынша ерекше аталады. Мысалы Иосиф Будневичтің еңбектері елімізді әлемге танытқанын білеміз. Бүгінгі күні артынан қалған фотосуреттерінің саны 140 мыңнан асады. Кәсіби фото саласындағы қызметтік өтілі – 60 жыл. И.Будневич 1992 жылы Елбасының жеке фотогері болып жұмыс атқарған. Ол президенттің әр сапарында сәтті кадрлар жасап, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, негізгі құжаттарда жарық көрген. Әлемге әйгілі ел басшылары мен саясаткердерің Елбасымен кездесулерін таспаға басқан.
Ал Нұрғиса Елеубековтің суреттері халықаралық деңгейде жарияланып жүр. Алғаш суреті «Алматы Ақшамы» газетінде жарық көрген. Фотожурналистика саласында 20 жыл еңбек еткен. «Сақшы», «Ұлан», «Ана тілі», «Қазақ Әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарында қызмет атқарған.
Бастапқыда ақша табу мақсатында сурет түсіре бастаған Н.Елеубеков оқуын бітіре сала суретке шынайы кіріскен. Штаттан тыс тілші болып қызмет атқарған ол сурет түсіру жолында түрлі тік ұшақтардан секіретін, әскери шаралардың басында жүретін болған.
Қазақ фотожурналистикасының дамуына үлес қосып келе жатқан «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлының бастамасымен 2012 жылы «Шәйкөлде-Елдің Жайлауы» фотосайысының да ерекшелігін атауымыз керек. Сондай-ақ, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен ҚХР-нан және Моңғолиядан фотожурналистер шақыртылған. Қытайдан Түсіпбек Сләмқұлұлы, Моңғолияның Баян-Өлги аймағынан Жанарбек Ақыбиұлы т.б. фотогерлердің тәжірибесі де бұл саланың дамуына ықпал етті. Сайыстың мақсаты – Қазақстан табиғатының кереметтіігін көрсету, насихаттау. Моңғолия мен Қытайдан келген фотомамандар Қазақстандағы 6995 метрлі биік шың Хан Тәңірін таспалады.
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында орналасқан. Құрамында Қазақстан бойынша 42-ден астам мүшесі бар. Арнайы жұмыстарымен таныстырып отыратын ақпараттық сайттары бар. Сайт – photooner.kz деп аталады. Қазақстандық фототілшілер еңбегімен танысу үшін осы сайттағы кез келген фотомаманның еңбегімен таныса аласыз.Сайтта осы саланың ардагер мамандарының туындыларымен де танысуға болады. Фотожурналистика БАҚ-тың ажырамас бөлігі ретінде белгілі бір мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайларына қарамастан шындықты визуалды түрде көрсетудің ерекше қабілеттеріне ие. Бұл жерде биліктің диктатурасына қарамастан, барлық ерекшеліктер мен ұлттық бірегейлікті толық және кең ашуға болады. Шын мәнінде, фотосуреттердегі сөз бостандығы да өзінің шарықтау шегіне жетті, өйткені фотосуреттің бастапқы табиғаты тұтастай алғанда айқын бұрмалануға жүгінуге мүмкіндік бермейді.
Қорыта келе, қазақ фотожурналистикасының тарихы қазіргі уақытта даму процесінде. Кең байтақ Қазақстанның керемет табиғатын, халықының бейбіт өмірін, жастарының білімділігін, спортшыларының мерейінің үстем екендігін, қыздарының тәрбиелі, ұлдарының намысты екендігін бейнелейтін фотомамандар еңбегі қай заманда да зерттеуге, тұжырым жасауға нысан бола алатын тақырып деп білеміз.
Фотосуреттің өзіндік жанрлық классификациясы бар. Сонымен, көркем фотография жанр палитрасын кескіндемеден алады. Классикалық фотосурттерге: портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жаңа жанр қосылды, ол - жанрлық фотосурет.
Деректі фотографияның қолданылу аясы өте кең – жеке куәліктегі фотосуреттен бастап, ядролық ядро ыдырауының ғылыми суреттеріне дейінгі кескіндер енеді.
Ал баспасөздегі фотосуреттер өзінің жанрларын негізін әдеби, ауызша журналистикадан алады. Баспасөздегі фотожанрлардың классикалық жүйесі мынадай: фотозаметка (фотофакт), фотосуреттеме, фоторепортаж, фотоочерк, фотоколлаж.
Көптеген зерттеулер фотографиялық өнерде шындықтың объективті көрінісі екінші кезекте тұратынын айтады, өйткені онда адамның эмоциясын көрсету маңызды және соны дәл бейнелей алатын сәтті (моментті) таба алу да шеберлікке байланысты. Табиғаттың сирек кездесетін құбылысы, яғни әлемді игерудің көркемдік формаларын қолдана алу да маңызды.
Фоторепортаж дегеніміз – ақпараттық жанр. Ол шұғыл түсіріліп, болған оқиғаларды жеткізуде өзінің деректілігімен құнды материал ретінде пайдаланылады. Фотопортрет – бұл белгілі бір адамның (адамдар тобының) белгілі бір ерекшеліктерін көрсету. Фото портретте фотограф бейнеленген адамның немесе адамдар тобының ішкі әлемі мен сипатын ашады. Әлеуметтік ортаның типтік ерекшеліктерін көрсетеді.
Фотопортреттерді шартты түрде бірнеше түрге бөлуге болады: классикалық, репортаждық, әйел, еркек, жұптық, топтық, балалар т.б. Бұл жанр мерзімді басылымдарда жиі жарық көреді, әсіресе, сұхбат жанрын бойынша материалда сұқбат берушінің суреті қоса беруліуі тәжірибеде жиі қолданылады.
Ал, көбінесе фотоочерк деп әр түрлі сурет жиынтықтарын атайды. Алайда, фотоочерк – бұл иллюстрациялық сурет емес, бұл тұтас әңгіме, фотографиялық әңгіме болып табылады. Фоточоеркте жеке, нақты фактілер біртұтас тұтастыққа біріктірілген, ажырамас байланыста және баяндаушының негізгі ойына бағынатындығымен ерекше.
Фотоочерк – нақты өмірде орын алған оқиғалар туралы баяндайтын фотожурналистиканың белгілі жанры, түрі. Басты ерекшелігі фоточоерк кейіпкерлері өмірде бар адамдар. Фотоочерктің деректік сипаты басым, ол іс-әрекеттің орны мен уақытын дәл көрсетеді, нақты бір адамдар бейнеленеді, шынайы фактілер негізге алынады. Фотоочерк – бұл адамдардың жасаған істері мен іс-әрекеттерінің, оқиғалар мен шындық фактілерінің сенімді бейнесі.
Алайда, фоточеркист фактілерді хронологиялық ретпен түсіріп қана қоймайды, сонымен бірге ол өмірді шынайы түрде көрсете алуы тиіс.
Фотоочерк түсіру үшін алдымен мынадай негізгі қадамдарды орындау керек:
-тың тақырыпты таңдау;
-фотоочерк жоспарын жасау;
-таңдалған тақырып бойынша материалдарды алдын-ала зерттеу;
-туындыңның идеясын айқындау;
-нақты тақырыпқа сай нысандарды зерттеу;
-туындыңдағы суреттердің композициялық құрылымын анықтау;
-таңдалған тақырып пен жоспарға сай суреттерді түсіру.
Фотоочерк – баспасөзде оқырмандарды қоғам өміріндегі жаңа құбылыстармен жедел және көрнекі таныстыру құралы ретінде маңызды рөл атқаратын фотожурналистиканың бір түрі.
Фоторепортер қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени оқиғалардың ақпараттық және объективті суреттерін жасайтын тұлға деп қарасақ, ол жасайтын туындыларды мынадай жанрларға топтастыруға болады:
-фотожаңалықтар – ағымдағы оқиғаларды күнделікті түсіру;
-фоторепортаж – белгілі бір кезеңдегі өзекті, көкейтесті тақырыптардың оқиғасын құрастыру;
-фотоочерк – өмір шежіресі;
-фотожанрлық;
-деректі - шығармашылық, еркін жанр. Репортажға ұқсас, бірақ уақыт пен редакциялық тапсырмамен шектелмейді.
Фотожурналист осы жанрлардың барлығында жұмыс істей немесе олардың біреуіне мамандана алады.
Мысалы, жарнама саласында фотомаман тауарларды жарнамалау үшін коммерциялық түсірумен айналысады. Бұл жұмыс көптеген жанрларда жұмыс істеуді қажет етеді: мысалы, сән суреттері, тақырып немесе тамақ суреттерін құрайды. Жарнамалық фотограф әмбебап бола білуі тиіс, бірақ фотомамандардың басым бөлігі бір бағытта маманданады. Мысалы, сән фотосымен айналысатындар т.б.
Фотожарнаманың төрт кезеңі бар: жарнамалық журналистика, жарнамалық менеджмент, жарнамалық маркетинг, «PR» жарнамасы.
Газет-журнал беттерінде, арнайы фото буклеттер мен папкаларда, плакаттар мен қабырға күнтізбелерінде, сыртқы және плакаттық жарнамаларда фотосуреттермен жарнамалық басылымдарды жаппай жариялау жағдайы, барлық телеарналарда, интернетте фотосуреттер жарнамасының жағдайы, жаһандық телеконференциялар бағдарламаларында және факсимильді желілерде жаппай жарнаманың ұйымдастырылған массивіне және өндірістік ағынына құқықтық нормалар мен этикалық талаптар біртіндеп даму үстінде.
Жарнамалық фотосуреттер көрнекі ақпаратты сатып алушыларға өнімнің барлық артықшылықтарының бейнесін ұсынады және ірі жарнама компанияларының қолында жылжытудың тиімді құралы болып табылады. Жарнама беруші алынған фотосуреттерді қалай пайдалану керектігін, сатып алушыларды қалай қызықтыратынын және үлкен пайда табу үшін қандай құрбандықтарға бару үшін нақты шешім қабылдайды.
Жарнамалық фотосурет - бүкіл әлем фотографтары нәтижеге жету үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын, бәрін қамтитын өнер түрі. Фотосурет көптеген буындардың, күштердің, нәсілдердің, діндер мен ұлттардың байланыстырушы буынына айналады. Жарнаманың ішкі, саяси, іскерлік, жеке, объектілік фотосуреттерге бөлінетін визуалды формасының үлкен мүмкіндіктерінің арқасында бұрын қол жетпейтін биіктерге қол жеткізілді. Жарнамалық фотография болашақ өмірді көрсетеді, егер сіз көптеген жарнамаланған өнімдердің бірін сатып алсаңыз, ол шындыққа айналады. Сондықтан бүкіл әлем қаржыгерлері жарнамалық фотосуреттің бұзылмайтын және шексіз әлемін насихаттауға мүдделі.
Бренд-журналистика – бұл әлеуметтік жауапкершілік туралы ұмытпай, елдің алдында абыройдан айрылмай өз ісінің шебері атанып, оқырманған сапалы, тың ақпараттарды жеткізу барысында туады. Бүгінгі медиа-коммуникацияларға салынған инвестициялар – бұл компанияның болашағына салынған инвестициялар. Әдетте, медиа-брендтің қалыптасу жолы оғай емес. Оның үстіне қазіргі күні, БАҚ-тың саны өте көп. Мынадай, толастаған расы мен өтірігі араласқан ақпарат арасында бренд құрастыру оңай емес.
Бренд дегеніміз – ең алдымен идея. Бренд дегеніміз сауда белгісінің тұтынушының санасындағы тартымды, ерекше әрі толықтай аяқталған образы. Дәл қазіргі уақытта біздің елімізде бренд сөзі кеңінен таныс деп білеміз. Бұл белгіні қалыптастырудың қажеттілігі барлық салада айқын көрініс тапқан. Мысалы, спорт, мәдениет, өнер, тіпті білім саласында да бренд қалыптастыру міндетті.
Медиадағы фотожурналистің брендін қалыптастыратын ерекше кескін, яғни фотосурет. Суретті ерекше қырынан түсірген жағдайда жұрт суретке қызыға бастайды. Мәселен, мемлекет басшыларының жиынын, дөңгелек үстелін сапалы суретке түсіріп, желіге жүктеу қалыпты жағдай болып табылады. Ал егер сол жиынның әсерлі, көпшілікті елең еткізетін сәтін түсіре алу арқылы, яғни кадрдан тыс шауып жүрген қызметкерлерді, басшылардың күні-түні ұйықтамаған оққағарларын түсіру жаңаша серпін болары анық. Сонымен қатар, әр фотогер өзі түсірген суреттің шетіне логотипін орнатуы тиіс. Бұл оның авторлық құқығын қорғауға, әрі автор ретінде танымал болуға көмектеседі. Ал, қазіргі заманда фотогердің жеке брендін қалыптастыруға әлеуметтік желі үлкен көмегін тигізеді. Оның ішінде инстаграмм желісі жоғары басымдыққа ие.
Журналист және жарнамашы Кайл Монсон: «Бренд-журналистика – бұл медиа арналар арқылы қолдау көрсетілетін брендтің объективті шежіресі». Бренд иесі бұқаралық ақпарат құралдарының бастамашысы, құрылтайшысы болады, бірақ бұл жарнама емес, бұқаралық ақпарат нарығында бәсекеге түсетін журналистік өнім. Бұның жай журналистикадан айырмашылығы, оның ақпараттан басқа мақсаттары қалыптасқан, тікелей брендін құруға жұмыс жасайтындығында.
Бір анығы, брендтік өнімдердің барлығы БАҚ саласына қадам басуда. Мәселен, энергетикалық сусын «РЕД БУЛ»-дың телеарнасы мен радиосы және журналдары бар. Кей сарапшылардың пікірінше журналдың тиражы 3,1 миллионға жеткен. Бренд әлемінің жаңалықтары, өздері жайлы қызықты ақпараттар оқырманды елітуде. Тағы бір мысал Ресейлік кәсіпкер Олег Тинькофтың «ТинькоффБанк»-індегі «Тинькофф Журналы» жұртшылық арасында келісім орната білді. Одан бөлек аталған банк өз карталарын ашып, тұтынушыларын көбейтудің тың жолын ойлап тапқан. Ресейлік автоблоггерлердің жарнамасы арқылы арнайы автокөлікке арналған Тинкофф картасын пайдаланып, көлігіңізді жөндетсеңіз, бонусқа кенелесіз. Тіпті өткен 2020 жылы автошолушы Эрик Давидыч өзінің су жаңа автокөлігін ойнатқан. Ойынға қатысудың шарты қарапайым: Тинькофф Банк картасын 200 рубльге аштырып, тіркелесіз, сәйкесінше мыңдаған адам автоұтысқа да қатысты. Тинькофф та өзінің брендін елге таныта алды.
Ал «Нью Иорк Таймс» газетінің тиражының молдығының сыры өткен ғасырда ақ өз атын бренд ретінде қалыптастыра алуымен байланысты. Бүгінгі күні аталған газетте шығатын барлық ақпаратты керемет, қызықты деп айтуға келмейді. Бірақ тиражы әлі күнге дейін жоғары. Себебі, олар өз атауын бренд ретінде қалыптастыра алды.
Қазақстанның бренді астанасы – Нұрсұлтан қаласы. 30 жылдан бері бренд қалыптасты. Астана велокомандасының бренді де бар. ЭКСПО да ел брендін қалыптастыруға ықпал етті. Барлық шетелдік бағдарламаларға Астана деп таныстырып отырып атауын өзгертіп жіберді. Бұл тұста, Нұр-Сұлтанның әлемге бренд болып қалыптасуына өте көп уақыт кетуі де мүмкін деген пікір бар.
Форбс редакциясы 2019 жылы Украиналық зерттеушілердің Қазақ брендтері жайлы мақаласын жария еткен. Оның ішінде 2018 жылғы дерек бойынша Қазақстадағы ең қымбат 50 брендтің тізімі бар:

1

Рахат

96,0 миллион доллар

2

Айналайын

83,0

3

Хаома

61,0

4

МАГНУМ

59,5

5

Карагандинское

58,0

6

K’Cell

54,0

7

Sulpak

52,2

8

Food Master

51,0

9

Kaspi Bank

46,2

10

КазМунайГаз

43,0

11

Halyk Bank

41,0

12

Цесна

39,0

13

Bayan Sulu

38,5

14

DA-DA

34,0

15

Wimpex

32,0

16

Tassay

31,0

17

3 желания

30,5

18

Helios

29,2

19

Sultan

29,0

20

Bacchus

26,5

21

Qazkom

24,7

22

Кеспебай

24,0

23

Piko

22,5

24

Пиала

19,2

25

Дербес

18,8

26

Казахтелеком

15,1

27

Бижан

13,8

28

Цин каз

13,0

29

Асем-ай

10,3

30

Kuna

9,4

31

Цеснабанк

9,1

32

Tea house

8,0

33

Gracio

7,7

34

Forte bank

6,5

35

Turan

5,8

36

Air Astana

5,7

37

Goldy

5,1

38

Altel

4,5

39

Heaven

4,2

40

Ардагер

4,0

41

Белый ветер

3,5

42

Royal Petrol

3,4

43

Тургенские вина

3,1

44

Satu.kz

2,9

45

Abdi

2,8

46

Арзан

2,5

47

Mamma mia

2,3

48

АТФ банк

2,2

49

Ирбис

2,1

50

Фиркан

2,0

Бүкілодақтық даңқ пен атаққа ие болған ең алдымен, бүкілодақтық теледидардан көрсетілетін және бүкілодақтық маңызға ие болған мәдениет қайраткерлері көп болды. Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Эрик Құрманғалиев және Роза Рымбаева, «А Студио» тобы Қазақстанмен байланысты бренд ретінде танылған.


Әдебиет қайраткерлері арасында бүкілодақтық даңқ Мұхтар Әуезов пен Олжас Сүлейменовке тиесілі болды. Сонау кеңес дәуіріндегі режиссерлар - Асанәлі Әшімов пен Наталья Аринбасарова. Бүгінгі орыс киносындағы ең танымал қазақ - «Түн...» және «Ночной дозор» фильмдерінің режиссері Тимур Бекмамбетов, онша танымал емес сценарий авторы Бақыт Қилибаев. Қазақстандықтар сүйетін басқа композиторлар, суретшілер, музыканттар эстетиктер арасында көбірек танымал болды. Олар, салыстырмалы түрде, республика ішілік маңызы бар брендтер. Бүгін Ресейде Бірінші телеарнада Қазақстан жастарын таныстыратын «Астана-KZ» КВН командасы үнемі шығады. Әзілдің сапасы әртүрлі, бірақ әзірге олар қандай да бір жолмен елді насихаттайтын жалғыз жастар ұйымы. Сонымен қатар, Ресейдің өзінде туылған танымал қазақтар да ресейліктерге қазақ ұлтының жәй халық еместігін дәлел етуде. Олардың қатарына шоумен, әртіс, тележүргізуші Астраханның қазағы Азамат Мұсағалиев, «ТНТ» арнасының басшысы Вячеслав Досмұхамедов, Орынбордың қазағы, продюсер Арман Дәулетияровтарды атауға болады.
Қазіргі күні заттай не суреттік брендке қарағанда адами брендтер әлемге танымал болуда. Бұл орайда, Қытайды мойындата отырып, әлемдік аренаға шыққан әнші Димаш Құдайбергенді ерекше атаймыз. Осылайша, бір ғана адамның мінезі, өзін-өзі ұстауы бүтіндей мемлекетті ғаламға танытады. Немесе, кәсіпқой бокстан теңдесіз спортшы Генадий Головкинді айтуға болады. Оның абыройын пайдаланған «Убло» шеведтің сағат өндірісі Головкинге арнап сағат шығарған. Оның атауы «Убло GGG»деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет