1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет121/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Торлы сүйектің қойнаулары
Торлы қойнаулар торлы сүйектің ауа жүретін жасушалары болып саналады, бұлар маңдай және сына тәрізді қойнаулардың аралығында орналасқан. Торлы жасушалар сыртынан көз ұясының жұқа қағазды пластинкасымен шектеседі, ал торлы қойнаудың медиалды қабырғасы мұрын қуысының латералды қабырғасының бір бөлігі болып табылады. Торлы жасушалардың саны, көлемі және орналасуы әртүрлі болып, орташа олар әр жақтарында 8-10 болады. Торлы қойнаудың үстіңгі қабырғасы әртүрлі ұзындықта бассүйектің алдыңғы шұңқырымен шектеседі. Сонымен қатар жиі болып торлы лабиринттің жасушалары тесік- тесік пластинканың сыртында, оның екі жағында орналасады, бұл жағдайда бассүйек қуысымен және мұрын қуысы аралығының шекарасы lamina cribrosa және торлы сүйек күмбезі болады.
Маңдай қойнауы
Маңдай қойнауы sinus frontalis маңдай сүйектің қабыршағында болады. Қойнаудың төрт қабырғасы бар: алдыңғы– ең қалыңы; артқы қабырға – мидың маңдай бөлігімен шектеседі; төменгі қабырға – ең жұқа қабырға, бұл өзінің үлкенірек бөлігінде біруақытта көз шұңқырының жоғарғы қабырғасы болып есептеледі және аз аралықта торлы сүйектің жасушаларымен және мұрын қуысымен шектеседі; ішкі қабырға кейде болмауы да мүмкін, бұл қабырға әдетте төменгі бөлігінде ортаңғы сызық бойында тұрады, жоғарғы бөлігінде бір жағына қисаяды. Қойнаудың төменгі қабырғасында қойнау-аралық қабырғаның жанында маңдай-мұрын каналының тесігі бар, бұл каналдың ұзындығы шамамен 1-1,5см болады, бірсыпыра жағдайда қойнау мұрын қуысына каналмен емес, тесікпен ашылады. Әдетте канал мұрынның ортаңғы жолындағы жарты ай тәрізді саңылаудың алдыңғы бөлігіне ашылады. Маңдай қойнауының орташа көлемі 4,7см³ -қа тең, конфигурациясы және көлемі әртүрлі болады. Кейде бір немесе екі қойнауда жоқ болады, бұны диагностикалық тұрғыдан ескеру маңызды.
Сына тәрізді немесе негізгі қойнау
Сына тәрізді қойнау сына сүйектің денесінде орналасқан. Қойнауішкі қойнау-аралық қабырға арқылы көлемі бірдей емес екі жартыға бөлінген. Әрбір қойнаудың алдыңғы, артқы, үстіңгі, төменгі, сыртқы және ішкі қабырғасы деп ажыратады. Әрбір қойнау ең жұқа алдыңғы қабырғаның шығарушы тесігі арқылы мұрынның жоғарғы жолымен жалғасады. Қойнаудың мұрын қуысымен бұндай байланысы, қойнаудан шығатын бөліністің мұрын-жұқыншаққа ағуына себепші болады. Қойнау аралық ішкі қойнау қабырға алдына қарай мұрын далдасына жалғасады. Қойнаудың төменгі қабырғасы жарым-жартылай мұрын-жұтқыншақтың күмбезін құрайды. Қойнаудың жоғарғы қабырғасы түрік ершігінің төменгі беті болады, бұл қабырғаның үстінде гипофизден басқа иіс сезу қыртысымен бірге мидың маңдай бөлігі жатады. Артқы қабырға ең қалыңы және шүйде сүйектің базилярлы бөлігіне өтеді. Негізгі қойнаудың латералды қабырғасы өте жұқа, бұнымен ішкі ұйқы артериясы, үңгірлі қуыс шектеседі, бұл қабырғаның бойымен көз қимылдатқыш, шығыршықтық, кері әкетуші нервтер және үшкіл нервтің бірінші тармағы өтеді.
Жаңа туған нәрестелерде тек екі ғана қойнау болады – жоғарғы жақсүйек және торлы лабиринт, ал маңдай және сына тәрізді қойнаулар болмайды, олардың қалыптасуының басталуын 3-4 жасқа жатқызады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет