1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Ілік септігі (меншіктік мағынаны білдіруі)



бет87/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Ілік септігі (меншіктік мағынаны білдіруі)
Ілік септігіндегі зат есімдер кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады.
Шығыс септік (іс-қимылдың шығу нүктесін білдіруі)
Шығыс септігіндегі зат есімдер кімнен? неден? Деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады.


1-тапсырма. Өлең шумақтарынан септік жалғауларын тауып, түрін ажыратыңыз.
Атақ-даңқ қалай шығады?
Көмірдің аты
Жанумен шығар.
Балғаның аты
Қағумен шығар.
Шегенің аты
Бекумен шығар.
Қашаудың аты
Шекумен шығар.
Батырдың аты
Жеңумен шығар.
Жомарттың аты
Берумен шығар.
Ақынның аты
Жырлаумен шығар.
Шәкірттің аты
Тыңдаумен шығар.


2-тапсырма.Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазыңыз.
Туған ... түтіні де ыстық.
... өзегі талмас.
Ас - ... арқауы.
... құйрығы бір-ақ тұтам.
Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің


3-тапсырма. Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазыңыз.
1.(Құндыз) терісі аса құнды болады. 2.(Шебер) қолы – алтын. 3.(Сәуле) әжесі ауылдан келді. 4.(Шошқа) көзі нашар көреді. 5.Есесіне (ол) құлағы жақсы естиді және иіс сезгіш.
СӨЖ: Ауа райының климаттық ерекшеліктері туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Ауа райы ғажайыптары» тақырыбына эссе жазыңыз.
Базалық деңгей (А2)
10-апта
Ауа райы
Мезгіл мәнді сөздер
Ауыспалы осы шақ. Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі


Ауа райы дегенiмiз белгiлi жердегi сол уақыт аралығында атмосфералық күйi. Ауа райы сипаттамасына ауа температурасы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жердiң күшi мен бағыты жатады.
Ауа райының негiзгi ерекшелiгi – тұрақсыздығы және өзгергiштiгi. Бүгiн аспанда Күн сәулесi өте жарық, ал ертең бұлттар қаптап және майда жаңбыр жауады. Ауа райы белгiлi жерде өзгермейдi, ол 1 күнде жер шарының әр түрлi жерлерiнде де өзгередi.
Көпжылдық ауа-райының ауысу тәртiбiн климат деп атайды. Мысалы, жазда бiздiң жерде ыстық және құрғақ немесе салқын және жаңбырлы, қыста аязды немесе жылы, қарлы немесе қары аз болуы мүмкiн екенiн байқадыңыз. Бұл өзгерiстер ауа-райының өзгергiштiгi туралы айтады. Ешқашан қыс жаздан жылы, ал жаз қыстан суық болмайды. Климат осы ерекшелiкпен сипатталады.
«Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi тәуелдi күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады.
Бiз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк ететiн өсiмдiктер мен жануарлар да қолайсыз қыс кезеңiне шыдай алатын бейiмделгiштiгi бар. Өсiмдiктер қыс кезiнде тыныштық күйде болады. Олардың өсуi тоқтап, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, қыстауға қалған жануарлар қоректiк қорын қысқа жинайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет