1-аралық бақылау гимнастиканың жалпы заңдылықтары және дамуының негізгі кезеңдері


Гимнастика дене тарбиесi жүйесiнде



бет3/10
Дата19.05.2022
өлшемі46.78 Kb.
#457423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Гимнастика дене тарбиесi жүйесiнде.
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo–жаттықтырамын)-дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі. Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді. Гимнастикалық жаттығулар жа­сау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.
3Гимнастикалық терминология. Дене тәрбиесінде және спорттың әр түрінде терминология кеңінен қолданылады.Гимнастикалық жаттығулардың,қимылдардың нақты атауларын білмей, бұл жаттығуларды үйрену де, үйрету де мүмкін емес. Терминология мұғаліммен оқушының немесе бапкер мен спортшының бір-бірін түсінуі үшін және гимнастикалық жаттығуларды жіктеуге, арнайы әдебиеттер жазғанда,басқару қағаздарын құрастырғанға қолайлы. Термин дегеніміз – қандай да бір іс-әрекетті немесе ұғымды және жаттығулардың атын, спорттық құралдарды қысқаша атау.Терминология дегеніміз – гимнастикалық жаттығуларды,құралдарды.жалпы ұғымдарды қысқаша атайтын терминдер жүйесі және терминдердің құрылу, терминдерді қолдану,қысқарту,терминдерді жазу ережесі.Қазіргі таңда орыс тілінде қолданылатын терминология 1938жылы құрылған.Ал ол терминологияға дейін М.В.Монохиннің 1911жылы чех тілінен, орыс тіліне аударған терминологиясы қолданылған.Бірақ бұл трминология қолайсыз болғандықтан,1938жылы арнайы комиссия құрылып, жаңа терминология шығарылды. Коммисия мүшесіне А.Т.Брыкин,Л.П.Орлов т.б. кірді. 2) Терминологияға қойылатын талаптар. Терминдердің күнделікті дәрістен ерекшелігі –терминдер нақты ұғым береді. Терминдерге келесі талаптар қойылады: 1.Терминдер түсінікті болуы қажет. Термин қай тілде айтылса, сол тілдің сөздерінің түбірлерінен құрылуы қажет және сол тілдің ерекшеліктері ескерілуі керек. 2.Терминдер анық болуы керек. Термин анық болса жаттығулардың мағынасын дұрыс түсіндіруге және оларды тез үйретуге қолайлы болады. 3.Терминдер қысқа болуы керек. Терминдердің қысқа болғаны жаттығуларды жазғанда және түсіндіргенде қолайлы болады. 3) Гимнастикалық терминология ережесі. Терминдердің құрылу жолдары: 1. Кейбір сөздерге ерекше терминологиялық мағына беру арқылы (көпір, кіру, шығу, жазылу, тербелу т.б.). 2.Сөз құрастыру арқылы (әр түрлі биіктік,жоғары-қиғашынан т.б.).
3.Біріккен сөзден (жазылып-шығу,алға сермеп шығу т.б.).
4.Халықаралық сөздерден (сальто,рондат, курбет,твист,бланш т.б.).
а)Терминдерді қолдану ережесі: 1)Термин ретінде кейбір сөздердің түбірі қолданылады (асылу, тіреу, сермеу т.б.) 2)Статикалық жайлардың терминдерін құру үшін «тіреудің» қай жайда болуын ескеру керек (қолға тұру,тіреп жату,тіреп отыру т.б.) 3)Сермеу жаттығуларының терминдерін құру үшін қимыл ерекшеліктерін ескеру керек (екі аяқпен шығу,бір аяқпен шығу,алға(артқа) сермеп шығу,т.б.)
4)Секіру жаттығуларының терминдерін құру үшін , дененің әуеде қай фазада болуын ескру керек (аяқты ашып секіру, бүгіп секіру,бүгіліп секіру т.б.)
б) Барлық терминдер негізгі үш топқа бөлінеді:

1)Жалпы терминдер –– жаттығулардың, жеке топтардың жалпы ұғымын атау үшін ( еркін жаттығулар,саптық жаттығулар,қолданбалы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары т.б.) 2)Негізгі терминдер –– жаттығудың мағынасын анықтайтын (шығу, түсу,кіру.айналу, аунау, аударылу т.б.) 3)Қосымша терминдер –– қимылдың бағытын, орындау әдісін т.б. анықтайтын (жазылып, бүгіліп,аударылып,секіріп т.б.)


4)Гимнастикалық жаттығуларды жазу ережесі.
Жалпы дамыту жаттығулары. 1.бастапқы жай 2.қимылдың аты (ұмтылу,сермеу,бұрылу т.б.) 3.қимылдың бағыты (алға,артқа,оңға,солға,жоғары т.б.) 4.соңғы жай (жазу керек болса)
Гимнастикалық аспаптарда орындалатын жаттығуларды жазу ережесі: 1.бастапқы жай 2.қимылдың аты 3.бағыт 4.орындау әдісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет