ішекке құйылады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты
туады. Қарынның хеморецепторларының тітіркенуі кезеген нерв
арқылы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас
қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, ұйқы безіне және бауырға
келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты
ұйқы безі көптеп сөл өндіре бастайды.
Педагогтер ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін
үмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда
тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер
көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі боліне бастайды. Сондықтан
күнделікті тамақтану кестесін бүзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі
тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын тоқтатқан жөн. Астың дұрыс
қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі,
ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді.
Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу – өте күрделі заттар. Олар
ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне
қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы – қоректік
заттар – организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың
құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар
түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті
жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.https://bilimainasy.kz/
2. https://kazmedic.org/archives/7913
3.https://twig-bilim.kz/uploads/material-
group/11/kz/kktwig-asorytu.pdf
4.https://zhardem.kz/news/3557
5.https://erketai.kz/entsiklopediya/as-koryitu-
zhuyesi/
Н А З А Р Л А Р Ы Ң Ы З Ғ А
Р А Қ М Е Т !
Достарыңызбен бөлісу: |