1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет232/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236
Totin Filosofia (1)

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (лат. тіршілік) — нақты болмыстағы жеке 
тұлғалық адам тірлігіне негізделген философиялық ілім және қазіргі 
философиядағы бағыт. Көтеретін мәселесі – тұлғаның бірегейлігі, 
қайталанбауы. Экзистенцияны ұғыммен жеткізу мүмкін емес, өйткені ол – 
тірі шындық, адамның өзін және қоршаған ортаны жасауы, фактикалық және 
күнделіктіліктен шығу (трансценденция). Экзистенциализмнің негізгі 
проблемалары – экзистенциалды таңдау, еркіндік, жауапкершілік. Ойлаудың 
бұл тәсілі Декарт философиясына һәм барлық рационалды жүйелерге қарсы, 
бұл адам философиясының ақыл мен идея философиясына деген тойтарысы. 
Оның басты өкілдері – француз философтары Жан-Поль Сартр, Альбер 
Камю және Симона де Бовуар, неміс Мартин Хайдеггер, орыс Николай 
Бердяев, қазақтар – Абай және Шәкәрім. 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
МАТЕРИАЛИЗМ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ДЕТЕРМЕНИЗМ 
— 
тарихтың 
материалистік 
түсінігін 
қарапайымдандырудың К.Маркс жасаған түрі, онда ол экономикалық 
бастауды тым абсолюттендіріп жіберген. Экономикалық материализмнің 
өкілдері, К.Маркс үйреткендей емес, барлық қоғамдық-мәдени феномендерді 
экономикадан шығарудың орнына, оларды экономикаға келтірген 
(редукциялаған, қысқартқан). 
ЭКЛЕКТИКА — жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау 
қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге 
тырысатын философиялық әдіс. 
ЭКСПЕРИМЕНТ — зерттелетін процесс барысына активті және мақсатты 
түрде араласу немесе шындықты, құбылыстарды бақылауға, оны басқаруға, 
игеруге болатын шарттарда, жағдайларда зерттеу. 
ЭКСПЛАНАНДУМ — бұл құбылыстарды сипаттау. 
ЭКСПЛАНАНС — берілген құбылысты түсіндіру үшін қолданылатын 
қағидаттар класы. 
ЭКСТЕРНАЛИЗМ — ғылымның пайда болуы одан тыс факторлар - 
әлеуметтік, экономикалық және т.б. әсерінен пайда болады дейтін көзқарас. 
ЭКФОРАСИС — эпостық суреттеу тәсілі. Бұл тәсіл арқылы жыршы кейпін 
пластикалық мүсіндеу арқылы береді. Мысалы: Гомердің Ахилл қалқанын 
суреттеуі немесе Қазтуғанның «Мадақ жыры». 


397 
ЭЛЕАТТАР — қазіргі заманғы Италия жеріндегі б.д.д.VI-Vғ.ғ. өмір сүрген 
ежелгі грек полисі. Элей мектебінің өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон 
және Мелисс. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа 
қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз – физикалық дене, ал 
пифагоршылар – сан десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің 
негізгі қағидалары мынаған саяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық 
деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой 
арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі тек түсіндіруге 
болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет