Акция шығарудың жоспары (проспект) "Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы "Меркі шипажайы" АҚ-ы



Дата26.02.2016
өлшемі157.04 Kb.
#27520
АКЦИЯ ШЫҒАРУДЫҢ

ЖОСПАРЫ (проспект)


"Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы

"Меркі шипажайы" АҚ-ы
Осы жоспарда (проспектіде) баяндалатын мемлекеттік тіркеу (акцияны шығару) инвесторлар үшін акцияларды сатып алу ешқандай ықпал етпейді. Сондай-ақ, осы құжатта (документте) жарияланған акцияларды тіркеуде өкілетті орган ақпараттардың нақтылығы, туралығына жауап бермейді. Акцияларды шығарудың жоспары Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарына сәйкес ойластырылып, қарастырылды.

Акционерлік қоғамның лауазым иелері (жауапты қызметкерлері) осы жоспардағы ақпараттар үшін жауап береді. Сонымен қатар, жарияланған ақпараттар инвесторлардың өз акцияларын қоғам қорына салуда сенімді фактор болып табылады.



1. Акционерлік қоғам жөніндегі жалпы мәлімет.
1. Акционерлік қоғамның атауы:

"Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы

"Меркі шипажайы" АҚ-ы
2. Қоғамның атауының өзгергендігі жөніндегі мәлімет.
1994 ж. 05.10. алғашқыда "Меркі шипажайы" ашық үлгідегі акционерлік қоғам болып тіркелді, 13.12.1995 ж. қайта тіркеліп №352-1919-АҚ куәлігі берілген, содан соң 1998 жылы желтоқсанның 10-да "Меркі шипажайы" ашық акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді. Ал 28.06.2004 ж. "Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы болып қайта тіркеледі, куәлігі №352-1919-АҚ.
3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркелуі жөніндегі мәлімет:
"Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы болып мемлекеттік

қайта тіркеуден өткен мерзімі - 28.06.2004 ж.

Берілген куәлігінің №352 - 1919 - АҚ

Мемлекеттік қайта тіркеуден өткені жөніндегі куәлікті берген

орган (мекеме) Жамбыл облысының Әділет Департаменті.
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмері:
СТН 210600000259
5. Акционерлік қоғамның қайда орналасқаны жөніндегі ақпарат:

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, индексі: 485517, телефондары: коды (32632) 2-12-82; 2-77-41; факс 2-12-82.


6. Акционерлік банкілік есеп айырысу реквизиттері:
Тараз қаласы, Халық банкінің облыстық басқармасы

СТН 600200048129



Е/ш 099960731, МФО 191401624 Кбе 14
7. Қоғамның қызметінің негізгі түрлері.

  • акционерлік қоғамның негізгі мақсаты табыс шығару болып

табылады.
Осы мақсатқа жету үшін қоғам қызметтің келесі түрлерін жасайды:

  • санаторлық-курорттық қызмет көрсету;

  • халыққа медициналық қызмет көрсету;

  • қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • делдалдық қызмет;

  • тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету;

  • баспа қызметі, баспа өнімдерін шығару, ақпарат бюллетендерін, буклеттерді, проспектілерді, брошюраларды, әдістемелік және басқа баспа өнімдерін шығару;

  • санаторлық-курорттық және медициналық қызмет көрсетуге жолдамаларды сату;

  • қоғамның қажеттерін қанағаттандыруға арналған жарнама-маркетингілік және сауда-саттық қызмет;

  • үймереттер мен ғимараттарды, инженерлік желістерді жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу және жаңғырту жұмыстары, электр-монтаждау жұмыстары;

  • Қазақстанда және оның сыртында мамандарды оқыту, сынақтан өткізу, қайтадан оқыту;

  • автосервис саласында қызмет көрсету және автотұрақтарды ашу;

  • жер астындағы су қоймаларын барлау және өндіру жобаларын дайындау;

  • жер астындағы су қоймаларына стационарлық режимдік бақылауды жүргізу;

  • жер астындағы су қоймаларына мониторинг өткізу;

  • жер астындағы минералдық және тұщы су қоймаларын және шипалы балшықтарды әзірлеу және пайдалану;

  • ресурстар және қызметтерді жеткізушілермен шартты түрде тікелей байланыс жасау, экспорттық-импорттық операцияларды жасау;

  • үймереттерге, ғимараттарға үй-жайларға, көліктерге байланысты келесі әрекеттер жасау - сатып алу, құрылыс жасау, жалға алу және уақытша жалға беру;

  • демалушыларға қызмет көрсетуінің жоғары деңгейін қамсыздандыратындай шетел серіктестермен, инвесторлармен сервистік және басқа да қызмет салаларында ғылыми-техникалық іскерлік байланыстарды жасау;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері;

  • қоғам заң актілерінде белгіленген тізбесі бойынша жеке қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады;

Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген реттерден айрықша, қоғам өзінің өнімдерін, жолдамаларын, жұмыстарын және қызметін өз бетінше немесе шартты түрде қойылған бағамен жасайды.
8. Акционерлік қоғамға оның бағалы қағаздарды шығару

жөнінде, оған халықаралық рейтингтік және Қазақстан

Республикасының рейтингтік агенттіктері тағайындаған

мәліметі.
Тағайындалған жоқ.
9. Атауы, тіркелген мерзімі, филиалдардың, өкілдіктердің

орналасқан жері және пошталық мекен-жайы:
Филиалдары және өкілдіктері жоқ.
10. Аудиторлық ұйымдардың ресми толық атаулары:


  • ЖШС "Алматыаудит", аудитор ‐ Решетина Валентина Петровна

  • ЖШС "Жамбылаудит", аудитор - Дүйсенбеков Есембай

Ахметұлы

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары.
11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі:





Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің

аты-жөндері






Соңғы 3 жылдағы қызмет лауазымы және қазіргі

қызметі


Төмендегі лауазымды қай жылдардан бері иеленеді

Белгіленген жарғылық капиталдағы эмитенті (%) Жалпы акциялардың мөлшері (саны) бойынша бөлудегі үлестері

1.

Дадамбаев Айбек Екпінбекұлы

17.08.1969 ж.т.



Директорлар кеңесінің төрағасы

"Семейтурист" ЖШС-ның директоры,

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының

мүлік және активтер басқармасы бастығы-ның орынбасары


2002 ж.




2.

Шалахметова Светлана Минажевна

03.06.1945 ж.т.



Директорлар кеңесінің мүшесі

Мәдениет қызметкер-лері кәсіподағының төрайымы

2001 ж.




3.

Анощенко

Станислав Анатольевич

18.08.1942 ж.т.


Директорлар кеңесінің мүшесі

Қарулы күштер кәсіподағының төрағасы

2001 ж.




4.

Орынбаева Гүлсім Рахымжанқызы

07.11.1956 ж.т.



Директорлар кеңесінің мүшесі

Жамбыл облыстық Білім беру қызмет-керлерінің және облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы

2002 ж.



5.

Баубеков

Жапар


Сламұлы

16.01.1950 ж.т.



Директорлар кеңесінің мүшесі

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының мүлік пен активтер басқармасы бастығы-ның орынбасары, "Меркі шипажайы" АҚ-ның Бас директоры

2002 ж.


Директорлар кеңесінің мүшелерінің тәуелді және өздеріне бағынышты мекемелерде акциялары жоқ.

Соңғы екі жылда Директорлар кеңесінде ешқандай өзгерістер болған жоқ.
12. Акционерлік қоғамның коллегиялық (жеке дара) атқарушы

органы.
Акционерлердің жалпы жиналысында (29.04.2002 ж. №1 хаттама) "Меркі шипажайы" АҚ-ның Бас директоры болып 16.01.1950 жылы туылған Баубеков Жапар Сламұлы сайланды, осы қызметте 2002 жылдан бастап істейді.

Бас директордың акционерлік қоғамнан иемденген акциялары (жарғылық капиталы, бөлігі) жоқ.


13. Директорлар кеңесінің мүшелері мен атқарушы орган

мүшелерін және басқа да басшы қызметкерлерді ақшалай

марапаттау және алған жалақысы туралы.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне және директорлар кеңесінің төрағасына ақырғы финанстық жылда 60 000 теңге және директорлар кеңесінің мүшелеріне 40 000 теңге мөлшерінде сыйақы төленген, сондай-ақ Бас директорға ай сайын 60 000 теңге көлемінде еңбек жалақысы төленеді.
14. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
1. "Меркі шипажайы" АҚ-да 8 бөлімше бар, қызметкерлердің жалпы акциясы барларының саны - 137 адам, олардың үлесі акцияның жалпы 9,8%-тін құрайды.
2. Қоғамның бөлімдеріндегі басшылар туралы мәлімет:
1. Басқарушы - Баубеков Жапар Сламұлы, 1950 ж.т.

2. Диагностикалық емдеу ғимараты - Қыстаубаев Әнуар Баянұлы,

1960 ж.т.

3. Техникалық қызмет - Мусабаев Әубәкір, 1946 ж.т.

4. Емдеу бөлімі - Сүйімқұлова Несіпкүл Матайқызы, 1960 ж.т.

5. Тамақтандыру жүйесі - Оздоева Лейла Хакимовна, 1959 ж.т.

6. Әкімшілік, жарнама, сервис - Боқашева Тілекқайша

Қызайбайқызы, 1950 ж.т.

7. Мәдени көпшілік жұмысы - Тоқпанбетов Қанат Атыханұлы,

1968 ж.т.

8. Жатақтар - Тасеменова Еркінай Төлебайқызы, 1971 ж.т.
15. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары немесе

акционерлері:


  • "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы"

Одағы - 90 акцияны иеленеді.

473000, Астана қаласы, Абай даңғылы,94


16. Акционерлік қоғамның акционер болып табылатын ұйымдары туралы мәлімет:
Мұндай ұйымдар жоқ.
17. Қоғамның өнеркәсіпшілік, банктік, қаржылық топтары,

холдингтерге, концерндерге, қауымдастықтарға қатысы

жөніндегі ақпарат
Қоғам көрсетілген ұйымдарға қатысы жоқ.
18. Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалар туралы мәліметтер:
Осы бағдарламаның 11 - 16-шы тармақтарында көрсетілгендей және басқа үлестес тұлғалар, бірақ Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары болып келетін тұлғалар - жоқ.
18-1. Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларымен мәміле:
Қоғамның (эмитенттің) үлестес тұлғаларымен мәміле жасалған

жоқ.

3. Акционерлік қоғамның қандай қызмет

түрлерімен айналысатынын баяндау.


19. Акционерлік қоғамның атқаратын негізгі қызмет түрлері

жөнінде қысқаша баяндау және оның бәсекелестері болып табылатын мекемелер жайлы мәліметтер:


  • санаторлық-курорттық қызмет көрсету;

  • халыққа медициналық қызмет көрсету;

  • қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • делдалдық қызмет;

  • санаторлық-курорттық және медициналық қызмет көрсетуге жолдамаларды сату;

  • ресурстар және қызметтерді жеткізушілермен шартты түрде тікелей байланыс жасау, экспорттық-импорттық операцияларды жасау ;

  • үймереттерге, ғимараттарға, үй-жайларға, көліктерге байланысты келесі әрекеттер жасау - сатып-алу, құрылыс жасау, жалға алу және уақытша жалға беру;

  • демалушыларға қызмет көрсетуінің жоғары деңгейін қамсыздандыратындай шетел серіктестермен, инвесторлармен сервистік және басқа да қызмет салаларында ғылыми-техникалық іскерлік байланыстарды жасау;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.

Акционерлік қоғамның бәсекелестері: «Сарыағаш» курорты, «Манкент» және Т.Рысқұлов шипажайлары.
20. Акционерлік қоғамның негізгі жұмыстары бойынша (жұмыс,

қызмет көрсету) түсетін кірістерге жағымды немесе жағымсыз

факторлар.
Жағымды жағы:


  1. қаржылық тұрақылық;

  2. төлем ақы төлеу қабілеттілігі;

  3. баға саясатын дұрыс жүргізу;

  4. одан әрі даму үшін инвесторларды тарту;


Жағымсыз жағы:


  1. маркетингтік тұжырымдама (концепция), жарнама;

  2. сервистік қызмет көрсетуді жақсарту;

  3. жатақтардың жайлылығын жақсарту;

  4. демалушылардың тамақтануын жақсарту;

  5. демалушылардың денсаулығын анықтау үшін қазіргі заманға сай аппараттарды қолдану.


21. Соңғы екі жылда сатылған өнімдердің (жұмыстардың,

қызметтің) көлемі.
Сатылған өнімдердің көлемі

2002-ші жылы - 35,1 млн. теңге

2003-ші жылы - 58,7 млн. теңге

немесе 2002-ші жылмен салыстырғанда 67 артық.


22. Акционерлік қоғамның сатылған өнімдердің ұйымдастыру

қызметі.

Тұтынушылар және товар жабдықтаушы жайлы мәліметтер.

Тұтынушылар:


  1. «Қазақмыс» корпорациясы, Жезқазған қаласы, барлық қызмет көрсету құнының 8 пайыз қызметін тұтынады.

  2. Жамбыл облыстық халық әлеуметтік басқармасы, Тараз қаласы, барлық қызмет көрсету құнының 6 пайыз қызметін тұтынады.

Жабдықтаушылар:



  1. «Мекамиди-Интеграция» ЖШС, Меркі ауылы, өндірілетін жұмыстан 15,6 пайыз.


23. Қоғамның жұмысына ықпал ететін факторлар:


  1. Акционерлік қоғамда маусымды қызмет түрлері – жоқ.

  2. Сатылатын барлық өнімдер ішінде акционерлік қоғамға қойылатын шикізатта (жұмыс, қызмет) импорттың үлесі жоқ.

Акционерлік қоғамның көрсететін қызметінде экспортқа сатылатын үлесі жоқ.

  1. Акционерлік қоғамның жұмысын тоқтататын немесе қызметін өзгертетін сот процесстері болған емес.

  2. Акционерлік қоғамға немесе оның лауазымды адамдарына ақырғы екі жылда мемлекеттік органдар немесе сот тарапынан салынған, жарияланған ескерту, сөгіс болған жоқ.

  3. Тәуекелділік факторлар:

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногімен, биржалық рынокпен, инфляциямен, банк ставка пайызымен немесе басқа факторлармен байланысты тәуекелділік факторлар болған жоқ.
4. Қаржылық емес ұйымдардың

қаржылық жағдайы.


24. Инвестициялар.
Көп жылдық немесе түрлі инвестициялар басқа мекемелер

капиталына құйылған жоқ.


25. Дебиторлық төленбеген қарыздар, мың теңге:

Ұйымдардың атауы



Орналасқан жері

Берешегі

Өтем мерзімі

Үмітсіз берешектер


Райторгаз

Мерке ауылы

3648

2001 ж.

3648

БАРЛЫҒЫ (мың теңге):




3648









25-1. Активтер
Баланс құнынан 5 және одан артық пайыз құны бар қоғам мүліктерінің тізбегі:
1. №1 жатақхана корпусының баланс құны - 5 812 теңге

  1. №2 жатақхана корпусының баланс құны – 13 643,6 теңге

  2. Шипалы сухана ғимараты баланс құны – 24 489 теңге

  3. Асхана ғимараты баланс құны - 7 251,4 теңге

26. Қоғамның Жарғылық Қаржысы (капиталы)
Төленген қаржы - 34 389 мың теңге, соның ішінде:

Жай акциялар - 30 951 мың теңге

Айрықша (привилегированный) акциялары - 3 438 мың теңге
27. Құнды қағаздар (займдер).

Облигациялар мен банкілік займдер шығарылған жоқ.


28. Берешектік (кредиторлық) қарыздар, мың теңге:
Баланс активтер құнынан 5 және одан артық пайыз берешектік қарыздар акционерлік қоғамда – жоқ.
29. Болдырмаған.

5. Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі

мәлімет.
30.
1. Акцияның жалпы саны - 34 389 дана.

соның ішінде:

жай акциялар - 30 951 дана.

жеңілдетілген акциялар - 3 438 дана.

Акцияның номиналды құны – 1000 теңге.

Шығару түрі – документті емес.


2. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган:

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық

комиссиясы, акция эмиссиясы А 0529 нөмері бойынша

тіркелінген және бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуіне

15.07.1996 ж. нөмері А 0546 бойынша енгізілді.
3. Қоғамның қолдарында бағалы қағаздары барлардың алдында

өзінің міндеттемелерін орындамауы жөніндегі деректер.


Қоғам өзінің міндеттемелерін әр уақытта орындап келеді.

4. Егер бағалы қағаздарды иемденіп немесе айналымға жіберу

оқиғасы болған жағдай кездессе:
Ондай жағдай (оқиға) болған жоқ.
5. Соңғы қаржылық екі жыл ішінде әр жылда әрбір акцияның

жалпы дивиденттік (әр акцияға шаққанда) құны (соның ішінде

жай және жеңілдетілген акциялар).

Акцияның түрлері



2002 жыл

2003 жыл

Құны

мың теңге есебімен



Құны

мың теңге есебімен



Жай

24,8

3437,1

Жеңілдетілген

343,8

374,2

БАРЛЫҒЫ:

368,6

3811,3

6. Қоғамның бағалы қағаздарды сататын негізгі нарықтары:


Қоғамның мұндай нарықтары (рыноктары) жоқ.

6. Жарияланған акцияларды шығару

жөніндегі мәлімет.
31. Акция жөніндегі мәліметтер:


  1. Акциялардың саны және түрлері: жай акция - 46 562 және жеңілдетілген акция - 3438;

  2. Құрылтайшылар арасындағы акциялардың түрі, саны:

30951 жай акция, 3438 жеңілдетілген акция;

  1. Құрылтайшылардың бір акцияға төлеген құны - 1000

теңге;

  1. Жеңілдетілген акциялар бойынша дивидент төлеудің

мөлшері - 10.

32. Қоғамның айналыстағы (конвентирленген) бағалы қағаздары

жөнінде:
Қоғам айналыстағы (конвентирленген) бағалы қағаздарды

шығармайды.



33. Акционерлік қоғамды тіркеуші жөніндегі мәлімет:
Тіркеуші: "Казреестр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мекенжайы: 480012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі,156а

Байланыс телефондары: 507-253; 507-257.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2002-ші жылы тамыздың

10-шы жұлдызында берген лицензияның нөмірі №0406200246.

Тіркеу орнымен келісім шарттың нөмері №13/5-02, 25.07.2002 жыл.


34. Акцияларды шығаруға жұмсалған шығын
154 250 теңге.
35. "Меркі шипажайы" акционерлік қоғамының инвесторлары

үшін ақпарат (хабарлама):
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, "Меркі шипажайы" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 37.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының мүлік пен активтер басқармасы.

36. Төлемші агент.
Төлемші агент қамтылмаған.
"Меркі шипажайы" АҚ-ның

Бас директоры Ж.И.Баубеков



Бас есепші (бухгалтер) Н.И.Рыбалкина





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет