1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дидро (1713-1784) «Рамо жиені», Ламетри



Pdf көрінісі
бет234/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236
Totin Filosofia (1)

Дидро (1713-1784) «Рамо жиені», Ламетри (1709-1752) «Адам-машина», 
Гольбах (1723-1789) «Табиғат жүйесі», Гельвеций (1715-1771) «Адам 


398 
туралы», т.б. Энциклопедистердің пікірінше, әлемнің түпнегізі – табиғат, 
материя. Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр 
(форма), қозғалыс.
ЭПИКУРИЗМ — ежелгі грек философиясындағы материалистік бағыттағы 
мектеп. Негізін қалаушы – антиктік ақыл иесі – Эпикур. 
ЭПИСТЕМА (грекш. – бөлім) — нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін 
белгілейтін тәжірибеден бұрын берілген тарихи өзгермелі құрылымдар. 
ЭПИСТЕМОЛОГИЯ философиялық таным теориясы, таным жөніндегі 
ілім. 
ЭПОС — грек тілінен ауд. – ерте заманнан қазіргі ел ауызында сақталып 
қалған (батырлар жайлы) сөз, баяндау, әңгіме, өлең. 
ЭРОС — ежелгі грек нанымында Махаббат Құдайы. 
ЭЙДОС — Платон философиясында «идея» терминінің синонимі – жалқы 
заттардың трансцендентті ақылмен жетерлік формасы-үлгісі. Ол заттардан 
жеке өмір сүреді және оларға қатысты болады. 
ЭРОТЕМАТИКА (грек. – сауал) — сауал қою өнері. Қарама–қайшы ұғым – 
акроматикалық. 
ЭСТЕТИКА (грекш. сезіну, сезімдік) — адамның дүниені сұлулық, 
әсемдік заңдылықтары тұрғысында бейнелеуі туралы ілім. Бұл терминді 
1785ж. неміс философы Александр Баумгартен енгізді. 
ЭСХАТОЛОГИЯ — адам және ақырзаман жөніндегі діни ілім. 
ЭТИКА (грекш. - әдеп, ғұрып, салт) — мораль мен әдептілік туралы 
философиялық ілімдер жүйесі. Бұл ұғымды Аристотель (б.д.д.384-322) алғаш 
рет қолданды. 
ЭТНОС — адамдардың тарихи қалыптасқан аумақтық және мәдени 
жиынтығы. 
ЭТНОЦЕНТРИЗМ (грекш. – тайпа, халық және латынш. – жиын орны, 
орталық) — біртұтас этникалық сана-сезімдегі тұлғалардың, әлеуметтік 
топтардың, қауымдардың дүниені тек этникалық көзқараспен қабылдауы. 
Ұғымды Сатнер мен Гумплович енгізген. 


399 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет