Олар:
Биметаллизм -бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді; егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі; «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады. Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм XVI – XVII ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.
Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады.
Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.
Монометаллизм -жалпы эквивалент ролін бір ғана металл (алтын немесе күміс) атқаратын ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871-1873 жж., Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та – 1990ж. белгілейді, Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843 жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болады.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің 3 түрі бөліп көрсетіледі: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын – девиз (алтын - валюталық) стандарты.
Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауда – саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:
толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.
жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шақалуы ұйғарылады;
толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетілуі құны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;
алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.
Алтын монетаны стандарттың жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета айналымының резерві ретінде қызмет ететін, банкноттың алтынға айырбасталуын қамтамасыз ететін, әлемдік ақшаның резерві болып табылатын алтын қорының болуын қажет етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс ақша жүйесінің дамуына өз түзетуін енгізді. Бұл кезеңде бюджет тапшылығы барлық елдерде байқалады. Олар бюджет тапшылығы несие ақшасын айналымға шығарумен және қарыз есебінен жапты. Бұл алтынның несие ақшаға айырбасталуына жол берген күмәнді айналымдағы ақша массасының шамасы мен орталық банктердегі алтын қорларының арасындағы сәйкессіздікке әкеп соқтырды. Соғыс аяқталғаннан кейін барлық елдер алтын монетаны стандарттан бас тартты (АҚШ-та ол 1993-ші жылға дейін болды) және монометаллизмнің қиынды үлгісі енгізілді: алтын құйма стандарты (Ұлыбританияда, Францияда) және алтын дивиз стандарты (Германияда, Швецияда, Авсрияда және т.б.).
Алтын құйма стандартына мынадай белгілері тән:
Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюталарға айырбасталады, олардың айырбасталуы шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын монометаллизмнің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым дәуірі басталды. Барлық елде (АҚШ 1917 жылға дейін) банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі – несиелік қағаз ақша белгілері – бірден – бір төлем құралына айналды.
1944 жылы құрылған Әлемдік Бреттон валюта жүйесі мәні бойынша еркін айырбасталымды валюталы елдер үшін алтын долларлық стандарт болып табылатын мемлекетаралық алтын дивиздік стандарт жүйесін білдіреді. Алтын долларлық стандарттың ерекшелігі мынада: ол орталық банктерге ғана белгіленеді, мұнда тек бір ғана валюта – АҚШ доллары – алтынмен байланысын сақтайды. Алтын қорының кемуіне байланысты АҚШ үкіметі 1971 жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды ресми түрде тоқтатты, осылайша алтын долларлық стандарт жойылды.
1976 жылдан бастап Бреттондық ақша жүйесінің орнын Ямайкалық ақша жүйесі басты. Осы жүйе орнағанда алтын айналыстан толық шықты. Ол өз қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда, алтын мемлекеттің қаржылық резерв түрлерінің бірімен еркін айырбасталымды валюталардың қатарында қалды.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) халықаралық өтімділік мәселелерін оңайлату мақсатында халықаралық есептік ақша бірліктерін құру үшін ХВҚ-ға мүше елдердің төлем баланстарының қалдығын реттеуге, ресми резервтерді және есеп айырысуларды толықтыруға, сондай – ақ ұлттық валюталарды өлшемдеуге арналған жаңа резерв әрі төлем құралы – арнаулы алыс – беріс құқығы (ААБҚ) енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |