Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі



бет1/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#141929
  1   2   3   4   5   6   7


ё
МАЗМҰНЫ
Бет
Кіріспе



3
  1. Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі


    1. Есеп айрысулардың мәні және олардың жіктелуі
5

    1. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі



8

    1. Қолма-қолсыз есеп айрысу құралдары мен формалары
14



2. Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау





2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі

32

2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау
38

3. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары







3. 1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту

53

3.2 Банктің электрондық қызметін жетілдіру
58

Қорытынды



64


Пайдаланылған әдебитетер тізімі

66

Қосымшалар
68

Кіріспе
ХХ ғысырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуды. Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарпынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.

Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күнен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.

Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.

Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді. Бұл жерде өзекті мәселе ретінде жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтанда таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.

Бітіру жұмысының басты мақсаты – төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысуды одан әрі дамыту жолдарын зерттеу.

Зерттеу жұымысың міндеттері төмендегідей:


  • есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;

  • қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру принциптерін айқындау;

  • Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын нақтылау;

  • ҚР-ғы төлем жүйесінің қызмет етуін талдау;

  • Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар немесе төлем жүйесі жатады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін төлем жүйесі, соның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесіне қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, бен ісін ұйымдастыруға қатысты заңнамалар мен өзге нормативтік актілер, шетел тәжірибелері, статистикалық мәліметтер, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есептік материалдары құрайды.



1. Қолма-қолсыз есеп айрысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі
Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

  • банктік емес секторлар (шарушылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

  • жеке сектор - үй шарушылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары;

  • банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

  • тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;

  • бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

  • банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумағына қарай:

- Мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, соның ішінде:

бір қаланың ішінде;

қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.

- Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай:


  • сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

  • мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;

  • коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейнігі төлемдер;

  • мерзімінен бүрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

  • ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

  • мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгілен мерзімін ұзарту жолымен;

  • мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

  • пошта байланысы арқылы;

  • телеграф-телетайп байланысы арқылы;

  • телефон байланысы арқылы;

  • электрондық байланыстар арқылы;

  • SWІFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы

Есеп айырысу формаларына қарай:

  • Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:

кредиттік;

дебеттік;

ашық шот арқылы;

аккредитив;

инкасо.

- Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы;



Есеп айырысу тәсіліне қарай:

  • толық есеп айрысулар;

  • жартылай есеп айырысу;

  • өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.

Есеп айырысу құралдарына қарай:

- Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде:

төлем тапсырмасымен;

Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде:



  • төлем талап-тапсырмасы,

  • чек,

  • вексель,

  • инкассалық өкімдер;

- Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т.б.

Есеп айырысу шамасына қарай:

  • ірі төлемдер;

  • үсақ төлемдер;

Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

  • жалақы, бюджет, сақатандыру және т.с.с. төлемдер;

  • материалдық құныдылықтар үшін төлемдер;

  • ссудалар үшін төлемдер;

  • сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • банктік шоттар ашу;

  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

  • алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

  • төлемнің шартын өзгерту не қайтару;

  • валюталық операцияларға бақылау жасау;

  • шоттың архивін беру;

  • шоттан қолма-қол ақша беру;

  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

  • банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

  • құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айрысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады
1.2. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидалары
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:



  • өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;

  • ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;

  • банк несиелерін алу және қайтаруда;

  • бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

  • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;

  • басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысубұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.



Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.

Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар, әсіресе мыналарға қатаң қарайды:


  • төлеу орыны – банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;

  • төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тиым салынды;

  • төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;

  • төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;

  • қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.

Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі - бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.

Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандағын айта кету керек.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың келесі қағидасы- нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.

Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сай төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады себебі, барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

1.) төлемнің мерзімділігі;

2.) төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімділік қағидасы - шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:


  • сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;

  • сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;

  • сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. ´тімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.

Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражатарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.

Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде). Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.


1.3. Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары мен формалары
“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талабы-тапсырмасы;

  • инкассалық үкім;

  • чек;

  • вексель.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:

  1. төлем құжатының атауы;

  2. төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;

  3. ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

  4. ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

  5. бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

  6. бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

  7. төлемнің тағайындалу коды;

  8. санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;

  9. төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

  10. бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН)

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.


Аударушы (төлеуші)



Бенефициар
1




Аударушының банкі


4 2


Бенфициардың банкі



3


1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 - тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-суретті қараңыз); тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-суретті қараңыз); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айрысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айрысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айрысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Аударушы (төлеуші)

Бенефициар
1




5

4 2



Бенефициардың банкі

Аударушының банкі


3


2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1- алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім-шарт жасау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын берефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында N 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3- сурет):

Аударушы


Бенефициар
1




2

6 3 4




Бенефициардың банкі

Аударушының

банкі



5


3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы

1- тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2- төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жібер; 3 – есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4 – төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5- бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 – бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылытын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орандау парағымен берге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне “жартылай төленді” деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат соамсы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым саланды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.



Чекпен есеп айырысу. ×екті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен N 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:



  • Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотыныдағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

  • Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;

  • Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;

  • Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалға келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады:



  1. “чек” деген атауы;

  2. чек номері мен сериясы;

  3. чектің қызмет ету мерзімі;

  4. чек берушінің аты-жөні;

  5. чек берушінің СТТН-і;

  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;

  7. чек ұстаушының аты-жөні;

  8. чек ұстаушының СТТН-і;

  9. чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;

  10. чек беруші банктің жеке банктік коды;

  11. “Бұйрық бойынша төлеңіз” кестесі;

  12. “Төлемнің тағайындалу” кестесі;

  13. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орыны;

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақшал алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айрысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. ×екті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. ×ек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.

Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (4-сурет).

Аударушы

Бенефициар
3




4
5 1 2


БАНК


4- сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы.


1- төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5- бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп оны бенефициар шотына түсіреді.


  • Вексельде қолма-қолсыз есеп айырысу бір формасының жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлеріне І тақырыпта тоқталғанбыз.

Енді жай және аудармалы вексельдің айналысы процесіне мән берелік. Ол көрініс 5-шы және 6-ші суретте берілген.

Вексель беруші

(сатып алушы, төлеуші)

Вексель ұстаушы

(сатушы, төлемді алушы)
1

2


3

4

5-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі
1 - сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сатушыға ұсынады; 2 - сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге) тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 – сатушы вексельде көрсетілген, яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 – сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

Трассат

(төлеуші)



Трассант

(вексель беруші)


1




2
3 5


Ремитент

(қаражат алушы)

4

6-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі


1- вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын және оған қоса аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 – төлеуші (трассант) акцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 – вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға) жібереді; 4- вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге ұсынады; 5 – трассат вексельді төлейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.
Халықаралық және отандық банктік тәжірибеде қолма-қолсыз есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.

Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот,жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болас, онда мұндай инкассо құжатта инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.

Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы түзетілген «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.

Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.

Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:


  • сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;

  • ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;

  • инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;

  • хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;

  • сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға.

Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:

  • бірін бірі білетін серіктестер арасында;

  • сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;

  • сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда.

Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады. Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды. Дегенмен бұл да сатушыға тауарының төленетіндігіне ешқандай кепіл бермегенімен өзге есеп айрысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте арзан және жалдам болып келеді.

Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 7-суретте берілген.


Сатып алушы

(импортер)



Сатушы

(экспортер)


1


2


3 8 5 6


Импортер БАНКІ

Эскпортер БАНКІ
4


7
7-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы


1 – Келісім-шарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау және құжаттарды рәсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 – инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.
Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айрырысу формасының банктің кепілдігемен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айрысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айрысуға қатысады.

Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:



  • Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, тарссат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.

  • Бенефициар (экспортер, сатушы, тарссант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.

  • Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.

  • Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.

  • Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұарауы бойынша аккредитивқа өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

  • құжатты аккредитив;

  • өтелген және өтелмеген;

  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Құжатты аккредитив – бенефициардың төлемді алғанға дейін құжаттарды беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген тауарларды жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар аккредитивте көрсетілген тізбекке сәйкес келуі қажет.

Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві. (8-суретте берілген).


Импортер



Экспортер
1




5
4 6 8 2


Экспортер банкі



Импортер банкі
3





7

8- сурет. Алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы


1 - алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банкке аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 - қаражатты экспортердің банкіне аудару және оны “Аккредитив” шотына есептеу; 4 – экспортерге аккредетивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу және “Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.

Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспондентік қарым қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив расталмаған және расталған болу мүмкін.



Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.

Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндай аккредитивтің басты артықшылығы мүндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефициардың қалауы бойынша іске асады.

Халықаралық банктік тәжірибеде аккредитивтің автоматты түрде жаңартылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.

Аккредитивпен есеп айрырысу формасы мына жағдайларда пайдаланылады:


  • бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісімшарт жасалса;

  • келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.

Аккредитивтің қызмет ету мерзімі және есеп айырысу тәртібі төлеуші мен жабдықтаушының арасында жасалатын келісім-шартта көрсетіледі, сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі және орындалу тәсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау тәсілі; аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін құжаттарының толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды жөнелткеннен кейінгі құжаттарды жіберу мерзімі, олардың рәсімделуіне қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар.

Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді: аккредитив ашылатын келісім-шарттың номері; аккредитив қызмет ету мерзімі (аккредитив жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың) атауы; орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша төлем төленетін құжаттардың толық және нақты атауы, олардың тапсырылу мерзімі мен рәсімделу тәртібі; аккредитив төленетін тауарлардың (қызметтердің) аты, тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив сомасы; аккредитивті іске асыру тәсілі.


Аккредиттвің артықшылықтары мынадай:

Сатушы (экспортер) үшін:

  • аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тәсіліне, тиеу орыны мен серзіміне және т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;

  • тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;

  • мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитвитің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.

Сатып алушы (импортер) үшін:

  • төлемнің банкпен төленетіндігі;

  • егер ұсынылғантқұжаттар акаредитивте көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;

  • егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.

Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансыт аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз құжаттардды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе онды “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең тарлған және жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.

Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің шығыстарын өз мойынына алатындағын міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Аккредититтің есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:



  • Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.

  • Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жаслғандағын куәландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы және қолы (әдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР және СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар құнының 110  құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тәуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).

  • Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоманті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған кұні мен орыны.

Қорыта айтқанда, аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілнің болуы. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар: атап айтсақ, аккредитивпен есеп айрысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

2. Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.

Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.



Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:

  1. Резидент-заңды тұлғалар үшін:

  • Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Статистикалық карточка;

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі

  • Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;

  • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

  • Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:

  • Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Статистикалық карточка;

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі;

  • Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

ІІІ. Шаруа (фермер) шаруашылғы:

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі;

  • Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

ІV. Жеке кәсіпкерлер үшін:

  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:

  • ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

VІ. Жеке тұлғалар үшін:

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • СТТН көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:


І

ІІ

ІІІ

ІV

V



VІІ

VІІІ

ІХ

Х

мұндағы:


І - ақшаны аударушының резиденттік белгісі;

ІІ - ақшаны аударушының экономика секторы;

ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;

ІV - бенефициардың экономика секторы;

V, VІ, VІІ – валюта және бағалы металдар коды;

VІІІ – операция түрі;

ІХ – төлемнің сипаты;

Х – төлемнің ашып көрсетілуі.



Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

“1” – резидент;

“2” – бейрезидент.

Экономиканың секторының коды мынадай:

0 – Халықаралық ұйымдар;

1 –Үкімет;

2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары;

3 – Орталық (ұлттық) банктер;

4 – Ақшалай- депозиттік ұйымдар;

5 - Депозиттік емес қаржылық корпорациялар;

6 – Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар;

7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар;

8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;

9 - үй шаруашылықтары.

Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер.

Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ҚР Үкіметі, Министерліктер, ведмоствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері; шетел Үкіметі.

Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады.

Ақшалай-депозиттік ұйымдар секторына ҚР екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді.

Депозиттік емес қаржылық корпорацияларға банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: сақтандыру компаниялары, клирингтік ұйымдар, қор биржасы, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі, Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, Брокерлік және трасталық компаниялар, ломбардтар, айырбас пунктері және басқалар жатады.

Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар секторына мыналар жатады: пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызмет көрсетулермен айналысатын және басқару органдарының бақылауында болатын кәсіпорындар мен ұйымдар (мысалы, қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары, уран кенін ашу, дәрі-дәрмек өндіру, жылу және сумен қамту, көлік, байланыс және т.б.).

Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар секторына пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын басқару органдарының бақылауында болмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар (АҚ, ЖШС және өзге меншік нысандарында жұмыс жасайтын сауда, құрылыс және өзге кәсіпорындар).

Үй шаруашылыған қызмет көрсететін коммерциялық емес мекемелер секторына пайда немесе өзге қаржылық игіліктер әкелмейтін, тауар өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар немесе ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және өзге қоғамдық ұйымдар) жатады.

Үй шаруашылықтары секторына жатады: өздерінің табыстары мен мүліктерін жартылай немесе толық біріктіретін, бірге тұратын және жекелеген тауарлар мен қызмет түрлерін бірге тұтынатын бір топ тұлғалар (отбасылар, жеке азаматтар, заңды тұлғалық мәртебесі жоқ кәсіпкерлер).

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0 – Зейнет ақы және жәрдем ақы;

1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);

2 – Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;

3 – Депозиттер;

4 – Займдар;

5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар;

6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;

7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер;

8 – Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер;

9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалу кодының (ТТК) кестесі 9-қосымшада берілген.

Төлемдердің тағайындалу кодын анықтауға мысал ретінде:

8 – “Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер” санаты таңдалып алынады;

тобы - 81 - “Көлік”;

вариант - 814 “Автомобильдік жүк тасымалдау”.

Ендеше, төлем құжатының “Төлемнің тағайындалу коды” деген орында 814 коды жазылуға тиіс.



МТ 100 форматындағы электрондық төлем тапсырмасында төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының (ТТБК) толтырылуын қосымша бетте беруге болады.

Төлемдердің тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:



төлем тапсырмасы;

төлем талабы-тапсырмасы;

салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;

шетел валютасын аударуға берген өтініш;

2.2. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау
Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.

Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қаматамасыз ету.

Қазіргі кездегі ҚР Ұлттық банкінің ұйымдастыратын төлем жүйесінің қатысшыларына мыналар кіреді:


  • ҚР Ұлттық банкі.

  • Орталық клирнгтік палаты

  • Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары.

  • Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті.

  • Орталық депозитарий.

  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

  • Қазақстан қор биржасы.

  • Қазпошта РМК.

Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді:

1. жалпы негізде (жалпы есеп айрырысу жүйесі);



  1. клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатын есеп айрысу жүйесі).

Жалпы негізде есеп айрысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем құжаты негізінде жүзеге асыралады.

Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып кекледі. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде қандай да бір қатысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болдса, онда біріншісі екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндай да әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады

Инфрқұрылым мен технология компоненттері есеп айрысу жүйелерінің қауіпсіздігіне, төлемдердің жылдамдығына, тұрақтылығына, байланысты болып кекледі. Мұндай компоненттер төлем жүйесінде болатын тәуекелдерді, атап айтсақ несиелік, жүйелік, өтіміділік, операциялық, техникалық, заңи және т.б. тәуекелдерді ескереді.

Төлем жүйесін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:



  • төлемдерді жүзеге асырудың құқықтық режимі;

  • банктік шот бойынша төлемдерді жасау;

  • есеп айырысу формаларын таңдаудағы шарушылық субъектілерінің экономикалық дербестігі;

  • төлемдерді акцептеудің болуы;

  • төлемді шот қалдығы көлемінде жасау;

  • төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатта алушының шотыныа есептеу;

  • төлемдердің мерзімділігі;

  • төлем жүйесін жасалатын бақылаудың болуы;

  • төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.

1990 жылға дейінгі Қазақстандағы төлем жүйесі бір орталықтан экономиканы басқару жүйесіне негізделді. 1991 жылдан бастап, ҚР өзінің тәуелсіздігін алып, басқа елдермен экономикалық байланыстар орнату барысында төлем жүйесін ұйымдастыру технологиясы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

ҚР-ғы төлем жүйесінің қалыптасуы 1994 жылдан басталады. Бірінші кезеңде төлем жүйесін ұйымдастырудың құқықтық базасын жасау жүзеге асты. 1994 жылы қарашада ҚР-ғы банктік клиринг туралы ҚР Ұлттық банкінің уақытша ережесіне сәйкес Қазақстан клирингтік палатасы құрылыды.

Клирингтік палатаның негізгі қызметіне мыналар жатады:


  • клирингке қатысушы банктердің өкілдері арасында үздіксіз чектердің айырбасын қамтамасыз ету;

  • өзара талаптарды ескеру арқылы қатысушы банктердің таза (нетто) ұстанымын анықтау;

  • банк мекемелерінің корреспонденттік шоттары бойынша ақырғы таза ұстанымды көрсету мақсатында клирингтің нәтижелері туралы ҚР Ұлттық банке ақпараттар беру.

Осы кезеңде Қазақстан аумағында вексель, чек және төлем карточкаларын пайдалану тәртібін реттеуге арналған нормативтік актілер жасалып бекітілді.

1995 жылы Ұлттық банкі базасында Алматы клирингтік палатасы құрылып, ол көпжақты өзара есепке алу әдісі бойынша жұмыс жасады. Ақырғы есеп айырысулар операциялық күн соңына қарай әрбір қатысушының таза ұстанымына байланысты 1 рет жасалды.

Таза ұстаным - клирингтің бір қатысушысына қатысты клирингтің барлық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері бойынша төлем құжаттарының сомасы мен аталған қатысушының басқа қатысушыларға өатасыты ақшалай міндеттемелері сомасындағы айырманы білдіреді.

Егер айырма мәні теріс болсы, онда клирингке қатысушылардың дебеттік таза ұстанымы, ал оң болса онда кредиттік таза ұстанымы анықталады.

Клирингке қатысушыларретінде клиринг ұйымымен өзра келісімшарт жасасқан кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлға бола алады.

Ірі төлемдер жүйесінің басты кемшілігіне төлем жүйелерінің қатысушы-банктер арасында ақшалай аударымдар мен төлемдердің қағаз жүзінде жүзеге асуы жатады. Бұл негізінен электронды тәсілмен іске асатын электронды төлем тапсырмаларының болмауын тікелей байланысты.

Сөйтіп, ҚР -ғы төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филаиалдарында аймақтық клирингтік палаталар құрылды және олар аймақ ішіндегі төлемдерді банкаралық клиринг арқылы жүзеге асырды.

Банкаралық клиринг - талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алуға негізделген, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысулардың жүесін білдіреді.

Банкараралық клиринг екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары көмегімен іске асады. Банкаралық клирингтің объектілеріне мыналар кіреді:



  • төлем тапсырмалары,

  • ақшалай аударымдар,

  • чектер,

  • вексельдер,

  • бағалы қағаздар,

  • аккредитивтер,

  • займдар.

Сол уақытта Қазақстанда 19 клирингтік палаталар қызмет етті. 1995 жылы 30 желтоқсанда Клирингтік палата қайта түрлендіріліп, нәтижесінде Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы (ҚБЕО) құрылды.

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – төлем жүйесін пайдаланушылардың төлем құжаттарының негізінде олардың шоттарына ақша қаражаттарының уақтылы түсуін, сондай-ақ оларды өзара толық ақпарттармен қамтамасыз ететін мекеме.

1996 жылы Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы базасында Ірі төлемдер жүйесі ұйымдастырылып, ол жүйе жалпы төлемдерді нақты режимде жұмыс жасады және электрондық төлемдерді өңдеуді жүзеге асырды.

Төлем жүйесін жетілдірудің келесі бір шаралары ретінде ҚР Ұлттық банкінің филиалдарынан екінші деңгейдегі банктің коршоттарын ҚР Ұлттық банктің орталық аппаратына көшірді. Корршотттарды орталықтандыру ҚР Ұлттық банкіне жедел түрде есеп айырысу банкінің қызметін атқаруға, сондай-ақ банктік және төлем жүесіне жасалатын бақылау қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Екінші деңгейдегі банктер арасында корроспонденттік қатынас орнатулар 2000 жылы 25 қарашада ҚР Ұлттық банкінің N 428 қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктердің арасында және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін” басшылыққа алады.



Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Корреспонденттік шотты ашу үшін Респондент банк Корреспондент банкке мынадай құжаттарды тапсырады:



  • корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

  • Банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі

Ұсақ төлемдер нарығын дамыту және осы салада қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1999 жылдың 1 тамызынан бастап, ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарындағы клирингтік палаталар жабылды.

Қазіргі кезде бұл клирингтік палаталар Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы қызметін жүзеге асырады.

2000 жылдың соңына қарай Ірі төлемдер жүйесі Банкаралық ақшалай аударымдар жүесіне түрлендіріліп, оған қатысушылардың шотындағы қаражат шегінде нақты уақыт режимінде есеп айырысу жүзеге асырылады.

Қазіргі ҚР-ғы төлем жүесі үш ішкі жүйеден тұрады:

1) Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі (БХӨЖ).

2) Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ).

3) Ұсақ төлемдер жүйесі (ҰТЖ).

Ішкі жүйелер бір-бірімен тәуелсіз қызмет етеді және хабарлама механизмдері арқылы байланысты қолдайды. Жүйенің барлық субъектілері ортақ хабарлама нысаны мен ортақ мәліметтер алмасуға негізделеді.

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі мынадай қызметтерді атқарады:

1) төлем жүйесінің субъектілерінен хабарламаны қабылдау.

2) хабарламаның толық түсуіне бақылау жасау.

3) келіп түскен хабарламаны өңдеу.

4) хабарламалар ағымын тарату.

Хабарламаны алмасу «жұлдызға» ұқсас жасалады (9-сурет):



Орталық клирингтік палата

ҚР Ұлттық банкі

Қазынашылық












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет