1. ҚАзақстандағЫ Қола дәуірі



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.04.2024
өлшемі110.92 Kb.
#499687
  1   2   3   4   5
Реферат



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..................................................................................................................
1 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Мәселенің теориялық-методологиялық негіздері ..............................
1.2. Қола дәуіріне жалпы сипаттама .........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
3


КІРІСПЕ
Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан кешіріп отыр.
Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке
айналды. Қазақ халқының , Қазақстан Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республика бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер тарих
ғылымының алдына көптеген проблемалар қойды. Қазақ халқының төл тарихының қайта
жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты мәселелердің бірі болып
табылды.
ХХ ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді. Бірақ
тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен мойындала қойған
жоқ . Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу үшін және өткенге сыни көзбен
қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан
тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі
тұсында жазылған еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап,
бірқатар қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік
әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар
дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы
мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді. 
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта
ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде
кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту
бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған
қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты
қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның
бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу
мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне айтарлықтай
зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде ғылыми сапасы төмен,
кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал – саймандары жайлы хабарлар ғана.
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі – Кеңес үкіметінің кезінде ғылыми жағынан
жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар қола дәуіріне тән
ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа андронов және беғазы – дәндібай
мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі
Қазақстан тарихын зерттеуде бұл ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің
ескерткіштері Қазақстанның төрт бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық
Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті
мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Сыницин сияқты
ғалымдар андронов және беғазы – дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын
тауып, зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты.
Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген О.А.Кривцова –
Гракова, Солтүстік Қазақстанды А.М.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С.Черников,
кейіннен оған А.Г. Максимова қосылған, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды
В.С. Сорокин, Жетісуды А.Н. Бернштам, К.А.Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты
құнды мәліметтер тапқан. 
4




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет