1 банктік маркетингтің теориялық аспектілері



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#174067
  1   2   3   4   5   6
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары...................................6

1.2 Банктік маркетингінің ерекшеліктері.......................................................16

1.3 Банктік өнімдер нарығы............................................................................21
2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын талдау....................26

2.2 Қазіргі кезеңдегі несиелік нарықтық дамуын талдау.............................37

2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау..................43


3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.........................................................

3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар..........................52
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................66
ҚОСЫМША.......................................................................................................68

КІРІСПЕ
Президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында елдің бейтараптандыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне жету өз қаржыларын инвестициялау ісіне белсенді салуларына көмектесу жолдары арқылы да қарастырылған.

2030 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2030 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз.

Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.

Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге жол ашты. Нарық жағдайына өтуде банктерді дамыту мен оны тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.

Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген жолдорды тәжірибеде орындау қажет. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін бекіте түседі.

Соңғы жылдары банктік өнім нарықтары-ақша және капитал нарықтарының дамытылуы жедел түрде жүзеге асып жатыр. Соңғысының дамытылуы сақталған ақшаны мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялау процестерінсіз мүмкін болмайды. Сақталған ақша кіріс пен тұтыным арасындағы айырмашылық.

Инвестициялар – пайда алу мақсатымен ақша салымын жасау. Оның алуан түрлері болуы мүмкін: өндіріске ақшаны тікелей салу немесе ақша иесі мен оны тұтынушы арасында қаржылық дәнекерлер әрекет ететін жанама түрі. Ең бастысы, салынған ақша өндірістің дамуы мен экономиканың жандануына оң әсерін тигізсе болғаны.

Өз әрекеті барысында пайда табу мақсатымен банк бәсекелестер, тұтынушылар, мемлекет секілді әртүрлі аудиториялармен байланысқа түсуі мүмкін.

Бірақ бұл банк өнімдер нарығында банк атқаратын жалғыз әрекет емес. Бұдан өзге банктер қаржы ресурстарының икемділігі мен кірісі, банк атағын жасамдау мен көтеру және т.б., істерімен айналысады. Өз кезегінде банктің жақсы атағы оған келетін тұтынушылар санын арттырады. Банк пен тұтынушылар арасындағы қатынас банк өнімдерін сату, сатып алу процесінде туындайды. Оның құрамына: несиелер беру, депозит есепшотторын алу, құнды қағаздарды шығару, сатып алу мен сату опрерциялары, валюталық қатынастар, есеп операциялары, траст қызметтері, асыл бұйымдарды сақтау және т.б., енеді.

Көп тұтынушылармен банктік операцияларды орындау-дамыған несиелік жүйесі бар әлем банктерінің ең маңызды ерекшелігі.

Өз кіріс базасын кеңейтіп, рентабельділік пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанның жетекші сауда банктік маркетингті кеңінен қолданып, тұтынушылар санын көбейтуге тырысады. Және бір маңызды нәрсе банк ісін дамыту үшін тұтынушыларға минималды қызмет ақысы мен бағалар ұсынылуы керек.

Тиімді және икемді банктік өнімдер жүйесі ішкі салымдарды мобилизациялауға жағдай туғызуы қажет. Бұл ретте экономиканың үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап бере алатын банк өнімін ерекше назарға ілінеді.

Банк өнімдері нарығындағы бәсекелестік банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық мінездемелеріне де әсерін тигізеді. Ақпаратық технологияларға назар аудармастан қызмет көрсетудың классикалық түрін қолдану банкроттыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан банктердің барлығы жаңа техналогияларды ендіруге көп күш салуда.

Жаңа өнімдер қатарына пластикалық карточкалар, банкаралық электронды есептер, әлемдік Интернет желісінде қаржы нарығын құру және т.б. жатады./5,28-30 б/

Халықтың ақшасын депозитерге тарту, несиелер беру мен есеп-кассалық қызмет көрсету секілді дәстүрлі қызметтермен қатар, өз еліміздегі банк институттары электронды қызметтерді де көрсетуде. Олардың қатарына пластикалық карточкалар, банкаралық электронды есептеулер, әлемдік Интернет желісінде қаржы нарығын құру жатады. Тұтынушылар тапсырыстары бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, трасттік, ақпараттық-кеңес беру, қор қызметтері және т.б. көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсететін банктердің мәні – тұтынушылар көңілінен толықтай шығу, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер сапасын жаңарту, қызметтер шегін ұлғайтып, өзіндік құнын төмендетуде жатыр.

Банк өзіне жаңа клиенттерді тарту үшін нарыққа жаңа немесе жаңартылған өнім шығару қажет. Банктік маркетингті қолдана отырып банктер нарыққа сапалы өнім шығара алады. Банк өнімін жаңа дәрежеге шығару үшін банкирлер көбіне банктік маркетингті қолдануда, сол сепептен менің дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.

Аталған жұмыстың теоретикалық және тәжірибелік негізі - өз елімізде және батыс елдері сауда банктерінің жұмыстарын сараптау процесінде алынған мәліметтер мен басылым материалдары.

Банктік маркетингтің негізгі теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш тақырыптың мақсаты болып саналады. Міндеті-банктік маркетингке анықтама беру, түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету./6,10 б/

Диплом жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы сауда банктерінің өнімдер мен қызметтерді көрсету тәжірибесінің сарптамасы, Қазақстан Республикасындағы депозиттік және несиелік нарықа талдау, жаңа банктік өнімдерін талдау. Банк өнімдері нарығында пайда болатын қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Диплом жұмысының мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылып, шешімі табылады:

- банк маркетингінің теориялық аспектілерімен танысу;

- қолданыстағы және жаңа банк өнімдерін бағалау және талдау жасау;

- банк өнімдері нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- банк өнімдері нарығында туындайтын мәселелерді қарастыру мен оларды шешу жолдарын анықтау;

Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері банк істеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілері, Қазақстан Республикасы сатистика Агенттігінің материалдары қолданылады. Жұмыс барысында ғылыми, статистикалық және экономика математикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік негізі ретінде «Қазақстан Халық Банкінің» нормативтік және қаржылық құжаттары алынды.

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

Банктік маркетингтің негізгі теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш бөлімнің мақсаты болып саналады. Міндеті– банктік маркетингке анықтама беру, банктік маркетингтің қажеттілігін, оның функцияларын ашып көрсету.


1.1 Банктік маркетинг тусінігі, мәні, функциялары.
Банк ісіндегі маркетинг XX ғ. 70ж. бастап қолданыла бастады. Мұның себебі бәсекелестік.

1. 70 ж. көптеген американдық банктер европа және азия нарықтарына енді және керісінше. Банк индустриясын орталықтандыру тенденциясы байқалды. АҚШ банктерін негізге алған аталған ел банктері өзге де елдер мен құрлықтарға еніп, жергілікті банктермен бәсекелес болды. Пайда болған банктер капитал жасап қана қоймай жаңа банктік қызметтерін клиенттер сұранысын қанағаттандырудың жаңа бағыттарын ойлап тапты.

2. Салымдардың дәстүрлі жүйесін көшіретін капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. 70 ж. банк депозиттерінің көп пайызы өзге банк құралдарынан құралды. Алғашқыда еуропалықтар Лондонда орналасты, кейіннен аталған капитал рыноктары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жинақталды.

3. АҚШ банктерінің енуіне жауап ретінде еуропалықтар ескі әлем банктері өзінше құрылып, АҚШ-тың ішкі рыногында бәсекелестікке қол жеткізді.

4. Банктік индустрия АҚШ заңнамасы тыйымына қарамастан, көптеген елдерде диверсификацияны бастап та кетті. Бұл аралық сақтандыру мен кепілдік операциялар, кепілдеме мен компьютер қызметтерін қозғамағаннан пайда болды. Осының нәтижесінде 70 жж. аяғында бәсекелестік қысымы әсерінен коммерциялық несие мен өзге де ақылы операциялар көлемі төмендегеніне қарамастан банктер өз қызметтерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Аталған қызметтер көп мәнге ие бола бастады.

5. Банк индустриясына технология көп әсер ете бастады. Әсіресе бұл қағаз ағымы мен операциялар құны көп жеке тұлғаларға қызмет көрсету саласына қатысты еді. Ол көлемді басқару үшін банктер пластикалық карточкалар, ЭЕМ кассалық автоматтарын одан соң автоматикалық касса машиналарын енгізуге тырысты. Сөйтіп көптеген мекемелер автоматтандырылды да, қызмет көрсетудің жаңа түрі пайда болды.

6. Жекелеген тұлғаларға қызмет көрсету саласында да бәсекелестік күшейе бастады. Жинақ және ссудалық банктер жүзеге асырған салымшылар ақшасын тиімді ету коммерциялық банктермен бәсекелестікке алып келді. Сөйтіп 70 ж. аяғына таман банктік индустрия бәсекелестікке анағұрлым қабілетті атанды. Қаржы институттары арасындағы дәстүрлі ерекшеліктер тез арада өшірілді. Бәсекелестердің көбі ұлттық шекарадан тыс кетіп, әлемдік масштабта әрекет ете бастады. Жаңа технологиялар мен альтернативті қызметтердің пайда болуы банктердің дәстүрлі әдістері үшін аса қауіпті болатын.

80 ж. банк индустриясындағы өзгерістер мүлдем көп болды. Бұл кезеңде мынадай тенденциялар байқалды:

І. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету ісінде.

Мысалы, «Lynch» брокерлік үйі компьютерлік жүйелерді қолдана отырып, қолма-қол ақшаны басқарудың өзіндік жүйесін енгізген, соған сәйкес ақша нарығындағы салымдар бойынша тиімді ссудалық пайыз 20 мың доллар және одан астам. Одан басқа бұл фирма есепшоттағы ақша соммасына негіздеп VISA карточкалары мен чек кітапшасы иелеріне автоматты түрде займ беруді енгізген. Осы типті операциялардағы сәттілік банктің жауапты қадам жасап, ақша нарығы көрсеткіштеріне сүйене отырып, ағымдағы есепшоттар бойынша пайыздар ұсынды. Бірақ басқа компаниялар өз клиенттері үшін жаңа қызмет түрлерін ендіру үстінде еді. Нәтижесінде коммерциялық бактердің депозиттік базасы қысқарды.

Ақпаратты қағаз жүзінде өңдеуге негізделген жүйелерді алмастыру жүзеге асырылып жатыр.

70-80 жж. банктер жұмысы тұтынушылық қызмет құнын төмендетуге бағытталған, бұл банк ісінің максималды автоматтандырылуына алып келді. Адам еңбегін машинамен алмастыру жедел дамытылып келеді, өйткені ақпарат тасушы жаңа технологиялық жүйелер құны төмендеп барады, ал есепшілер мен өзге қызметкерлерге шығын қсіп барады.

Ақша тартудағы секілді несие беруде де бәсекелестік байқалды. 80 жж. өз клиенттеріне қаржылық қызметтер көрсететін банктер мен өзге де қаржылық институттар арасындағы бәсекелестік ұлғайды. Жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші аталған сегменттерге банктерден өзге де ұйымдар кіре бастады. Оған American Express, Sears&Roebuc секілді қаржылық институттармен байланысқа түскен кепілдемелік ұйымдар толық қатысты.

Мұндай бәсекелестік өзге де көптеген елдерде байқалды. Ұлыбританияда қосымша сақтандыру компаниялары, құрылыс қоғамдары, шетелдік банктер мен сауда фирмалары арасында болды. Германияда банктің дәстүрлі әрекетіне несие карточкаларының кештетіп енгізілуі әсер етті, бұл карточка қолданатын сауда фирмалары, әртүрлі компаниялар, жинақ және шетелдік банктердің депозт базасы үшін күресуіне мүмкіндік берді. Жапонияда коммерциялық банктер әрекетіне кепілдемелік компаниялар мен пошта қауіп төндірді.

ІІ. Өндіріске қызмет көрсететін банк ісінде мынаны атап көрсету керек:

1. Бәсекелестің күшеюі. Банктердің күресі 10жыл жалғасты. 70 ж. американдық халықаралық банктер орнына Париж Ұлттық Банкі, Неміс Банкі, Жалпы Банк, Лиондық несие секілді еуропалық банктер келді. 70 ж. дейін негізгі бәсекелес банктер қатарына «Жапониялық индустриялды банкі», «Токио банкі» және т.б. мүлдем кірмейтін. Аталған банктер күшті әрі бәсекеге қабілетті, ұлттық шекара аясынан шыққан соң Жапонияның халықаралық аренадағы жағдайын бекітіп берді. 80 ж. ортасына таман әлемнің 10 жетекші банкінің құрамына 5 жапон банкі кірді. Бұдан өзге жақын болашақта әлемдік банк ісіне «Бразилия Банкі», Hong Kong және Shanghai және Парсы шығанағы мемлекеттерінің банктері келмек.

Бәсекелестік банктермен шектелмейтіндігін айта кетейік. Банктік емес институттар – қаржы-несиелік, сауда, сақтандыру, және өзге де компаниялар тарапынан бәсеке жоғарылап барады. Ірілері корпоративті нарықтан өз орындарын алды және бұл тенденция жалғаса түсетін секілді.

2. Жүйелік қызметтерді дамыту. Клиенттер көңілін табу үшін ірі банктер өз әлімдік жүйелері мен байланыстарын, ақпаратты компьютерлік өңдеу мүмкіндіктерін қолданады. Банктер қолма-қол ақшаны басқару жүйесі мен әртүрлі ақпаратты өңдеу қызметтерін ұсына бастады.

Бәсекелестіктің күшеюі мен өзгерістердің көп болуы әсерінен көптеген банктер стратегиялық жоспарлауға көңіл бөліп, бәсекелестікте жеңіп шығу не сыртқы қауіптен құтқарылу үшін ақша құралдарын тиімді пайдалануға тырысуда. Осымен бір мезетте маркетинг банктік жоспарлаудың маңызды элементі болып табылды.

Сөйтіп 80 ж. бәсекелестік орта банктердің дәстүрлі әдістерден бас тартып, басқару шеберлігі, маркетинг концепциясына көшуіне ұйытқы болды. Сауда-өндірістік сферада дүниеге келген маркетинг көп уақытқа дейін қаржы нарығының құрылуы мен дамуына өз орнын таппай келді. Бірақ бұл жағдай көпке созылмады, бәсекелестігі күн санап артып келе жатқан банктер өз әрекеттерінде маркетингті кеңінен қолданып жүрген сауда-өндірістік компаниялар тәжірибесіне жүгінуге мәжбір болды. Қаржы нарығының ерекшеліктеріне байланысты банктік маркетинг өзіндік мінездемелерге ие болып, маркетинг ғылымының бір саласына айналды.

Қазіргі кезде халық шаруашылығын тұрақтандыру мен даму негізі саналып отырған нарықтық қатынастарға көшу үшін алдымен қаржыны ретке келтіріп, банктік жүйені қайта құрылымдау керек. Осыған байланысты қаржы нарығының құрылуы мен дамуы – объективті процесс. Бұл процесс қаншалықты сәтті жүріп жатыр, нарықтың экономикаға көшудегі жаңа банктік жүйе рөлі қандай екендігі банк сферасындағы маркетингтің дамуы, әртүрлі банктер, банктер мен клиенттер арасындағы байланыстар, пайыздық саясат пен банктің өзге де әрекеттерімен байланысты.

Банк ісінің коммерциялануы, банктер санының өсуі маркетингтің негізгі элементтерін қаржы нарығына тездеп ендіруді талап етті. Бірақ маркетинг сауда-өндірістік компаниялар арқылы танылған. Батыс елдерінен бір ерекшелік- біздің елімізде нарыққа бір мезетте барлық құрылымдар мен сфералардың көшуімен сипатталады. Бұл банк ісі активизациясын ғана емес, нарыққа бағытталған жаңа банктік жүйені құруды жеделдететін маркетинг мәнін арттыра түседі./7,б.360-420/

Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтың экономикаға кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығарумен, барлық процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталды. Егер дамыған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсіпте тарау алса, оның соңын ала, 40 – жылдай бұрын маркетинг ірі банктер аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы нарықтың экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қажеттілік және банктік менеджменттің ажырамас бөлігі болып саналады.

Банктік меркетинг толығымен маркетингтің жалпы қағидаларына негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орындайды, «маркетинг» жалпы түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен және бәсекелестік ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты кәсыпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Банктік маркетингтің ерекше саласы, клиентердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердің қызмет түрлері қарау керек.

Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі заманғы банктердегі маркетинг алдыға қойылған мақсаттарды орындаудағы өз стратегиясы мен философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.

Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметтеріне активті және әлеуметтік сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арасында ғана өмір сүреді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда алады.

Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммерциялық банктердің басым көпшілік саны клиеттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиенттеріне өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсететіндігін білдіреді.

Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түрде қолдануға қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сондықтан да отандық коммерциялық банктердің оны қолдауы, депозиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратын сөзсіз. Бұл бәсекелестік күресте клиеттерге көрсететін қызметінің ауқымын тұрақты түрде кеңейтіп отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрі кеңестер беретін банк қана төтеп беріп, жеңіп шыға алатын болды, ондай болған жағдайда банктің несие ресурстарының көлемі күрт қысқарып, оның құрлымы, одан көзделетіндей, бухгалтерлік баланстың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк банкротқа ұшырайды.

Сөйтіп, коммерциялық банктердің нарықта жаңа қызмет түрлерін табысты түрде алдыға жылжытуы, банктердің нарыққа кешенді талдау жасауға және маркетинг теориясы мен практикасын қолдану негізінде оны қайта өңдеуге көшуімен ғана мүмкін болады.

Мынаны атап өту көзделеді, маркетингті енгізу кірістіліктің өсуіне, тәуекелдің төмендеуіне әкелмейді және әкеле алмайды. Аталмыш екі көрсеткіш банк капиталын басқаруға, актив пен пассив теңестіруге қатысты банк қызметінің нарықтағы дамушы процесінің тепе-теңдігін ұстап тұру тетігі болып саналады.

Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі. Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттердің анықтауға бағытталған./8,б.179-189/

Банктік маркетинг пен нақты қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметі туралы жалпы түсінікті келесі суреттен алуға болады.
Банктік маркетингтің қатынастары.

Банктік маркетинг – бұл нақты саяси – қоғамдық

және эконоикалық ахуалдарға қатысты оның

қызметінің сыртқы және ішкі саясаты, стратегиясы мен

тактикасы

Клиенттердің басым Өмір сүруші әлеуетті Банк қызметін әзірлеу;

топтарын анықтау клиенттердің игеру; алға жылжыту

қажеттіліктерін, талап - және т.б.

тілектерін және құндылық-

тарын анықтау


Өнімнің Тезарада Өнімді Жарнама- Жеңілдік

сапасы жеткізу пайдалану лық қолдау есебінен

мен және ға өткізу бағаны

сенімді- сенімді- кезіндегі төмендету

лігі лік қызметтер
Сурет 1
Банктік маркетинг – капитал нарығында жалпы және жеке секторында, яғни банктік сфера, несиелік жүйеде, құнды қағаздар нарығында болатын процестерді есепке алу және зерттеуді көрсететін банкті басқару жүйесі. Банктік маркетингтің негізгі міндеті капитал нарығында болып жатқан процестерді талдаудан тұрады, яғни тікелей несие қаржы институтының әрекеті сферасында, әсіресе банктік секторда, бастапқы екінші, биржадан тыс құнды қағаздар нарығында. Бұл банк басшысына ең алдымен банктік қызметті кеңейтуге және сәйкес кірісті көбейтуге бағытталған икемді шешімдерді қабылдау үшін қажет.

Банктік маркетингтің мақсаты-капитал нарығының талаптарына икемделуге қажетті жағдайлар жасау, нарықты зерттеу бойынша шаралар жүйесін өңдеу, бәсекелестік қабілет пен кірісті жоғарлату.

Біздің экономикалық әдебиеттерде «банктік өнім» термині нарықтық экономикасына өту процесінде пайда болды. Банктік өнімге банктің барлық жүзеге асыратын қызметері мен операциялары жатады.

Банк әртүрлі операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратыны белгілі. «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк ісі туралы» заңында банк әрекетіне «банк операцияларын жүзеге асыру сонымен қатар баптарда көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру» деп анықтама береді. «Ресей Федерациясындағы банктер мен банк ісі туралы» заңында «банк әрекеті-банк операциялары мен өзге де әрекетерді жүзеге асыру» деп анықтама береді. Аталған екі ұғымға да көптеген мінездемелер беріледі. В.Ф.Гарбузовтың басшылығымен шығарылған «Финансово-Кредитный словорь» сөздігінде банк операцияларына мынадай түсініктеме беріледі: банк операциялары-ақша құралдарын тарту мен орналастыру, шығару мен қолданыстан алу, есептеу жүргізу және т.б., банктік операциялары. Бұл мәселеге жете түсіну үшін, алдымен «банк» ұғымын қарастырайық./4/

«Банк» - заңды және жеке тұлғалар ақшаларының ағымымен байланысты және сол ақша құралдарына қызмет көрсететін экономикалық институт.

Банк өзге қаржы делдалдардан несімен ерекшеленеді? Біріншіден банктерге қарыз міндеттерін екі жақты алмасу тән: олар жеке қарыз міндеттерін орналастырып, осы негізде мобилизацияға ұшыраған құралдарды қарыздық міндеттемелерге апарады және құнды қағаздарды да дәл осылай орналастырады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар қарыздарын қабылдар алады. Үшіншіден банктер мемлекеттер, өндерістер, халық арасында ақша құралдарының таратылуына дәнекер болып, электронды ақшалар мен пластикалық карточкаларды шығарады. Банк қызметі өндіріске тікелей қатыспайтын капитал көмегімен жаңа қызметтерді жасап шығаруда жатыр. Яғни банктер өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал болып, екі жақты айырбасқа қатысады. Мұны келесі суреттен көруге болады:


Тауарлар мен қызметтер


Бос ақша Несие

құралдары

Тұтынушы Банк Өндіруші



Тұтынушы Банк Өндіруші




Несие Несиені өтеу




Сурет 2
Аталған суретте құралдарын төлем төлеу жеделдік және қайтару шарттарында тарту мен орналастыруға байланысты банк әрекетінің негізгі түрін бейнелейді. Бірақ банк әмбебап өндіріс және қызметтердің алуан түрлерін жүзеге асырады, мұны клиент пен банк арасындағы байланыс ретінде төменденгі суреттен көреміз:


Банк пен клиент арасындағы байланыс.




Клиент Банк Клиент
Сурет 3
Банктер өзге кез келген өндіруші секілді жеке заңды тұлға болып табылады, арнайы өнім, қызметтер өндіріп, пайда көреді, өз әрекеттерін жүзеге асырады./9,б.378/

Банктің маркетингтік әрекетерінің негізін нарықтағы несиелік капитал орнын анықтау мақсатымен маркетингтік зерттеулер жүргізуді талап ететін оның нарықтағы мүмкіндіктерін талдау құрайды.

Әдетте, банк басқармасы нарықты зерттеу мақсатын қояды, яғни нарық туралы мәліметті жинау мен талдау, бәсекелестер, банк өнімдері мен қызметтері туралы біліп, статистикалық тізімін білу және т.б. Маркетингтің жекелеген мәселелерін қарастыру маңыздылығы банк әрекетінің маштабы, оның дамуының жалпы стратегиясы мен маркетинг мәселелерімен айналысатын мамандардың кәсіби дәрежесіне тікелей қатысты болады. Жалпы алғанда маркетинг мәселелері жалпы капиталды ұлғайту, әрекет ету аясын кеңейту секілді шешімдерді қабылдағанда қарастырылуы керек.

Маркетингтің негізгі мақсаты – банк мекемесінен тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта банк қызметтерін мүлтіксіз орындау.

Маркетинг процесі тұтынушы мен оның қажеттіліктерін толық түрде қанағаттандырумен аяқталады. Банк өнімінің жаңа түрлерін ұсыну процесі банк жұмысшыларын, қызмет орындары мен қызмет көрсету тәсілдерін даярлаудан басталады. Мысалы: банкке кіре берісте тұтынушы өз әрекетін солдан оңға қарай бұрылумен бастайды. Егер жаңа өнім түрлері сол бөлікке орналастырсақ тұтынушы оны бірден аңғарады, сөйтіп тұтыну деңгейі жоғарлай түседі.
Банктегі маркетингтік әрекетті ұйымдастырудың жалпы сызбасы:


1. Нарықтық мүмкіндіктер сараптамасы (маркетингтік зерттеулер)






Жеке тұлғалар нарығы Заңды тұлғалар нарығы



2. Мақсатты нарықтарды таңдап алу


Нарықты сегменттеу Өнімнің нарықта алатын орны


3. Маркетинг жүйесін жасамдау



Өнімнің жаңа түрлерін жасау Баға саясаты Алға жылжу




4. Маркетинг жүйесінің қосымша қызметтері





Маркетингтік ақпарат Жоспарлау мен бақылау жүйесі Ұйымдастырушы

құрылым
Сурет 4


Келесі қадам – аталған қызметке қатысты маркетинг жоспарын даярлау. Жоспарға қызмет тарихы мен ерекшелігі нарық жағдайы, бәсекелестер, маркетинг бағытындағы банк міндеттері өнімдерді өндіру, аталған стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуге көмектесетін құралдар тұралы барлық мәнімен енгізілуі керек.

Сөйтіп тұтынушының белгілі бір өнімді қажет етуі оған әсер ететін күш деңгейімен өлшенеді.

Әдетте нарықты зерттеу және болжамдаумен ірі әрі бай банктерде арнайы бөлім не арнайы жалданған маркетингпен кәсіби түрде айналысатын мамандар тобы айналысады. Тұтынушыларға жүргізілген зерттеулер негізінде нәтижелердің салыстырмалы сараптамасы жасалып, сұраныс пен ұсыныс қисығы салынады.

Коммерциялық банктер мен өз қаржылық – несие институттары маркетинг мақсатары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне бағдарланудың бірінші кезекті келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре білу маңызды болып саналады/10, 127 б./.

Банктік маркетинг «банк өнімдерін» көбейтуге бағытталған (банк операциялары, қызметтер) қызметтердың нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:

- Маркетинг зерттеулерді жүргізу, ақпаратарды жинау, талдау.

- Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.

- Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.

- Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.

Банктік маркетинг клиент басты орын алады. Банктегі басты тұлға – банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе қызметтерды көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала болжайды.

Банк клиентері:

1. Үкіметтік мекемелер.

2. Корпорациялар.

3. Банк-кореспонденттер.

4. Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ кәсіпорындар.

5. Тарст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды және жеке тұлға.

6. Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен операция жасаушылар.

Жаңа клиентерді тарту нарықты жақсы білу мен клиеттер тарапынан сұраныс болған кезде ғана мүмкін болады. өз клиенттерін ұстап тұру мен көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсаты алдыға қойылуы тиіс.

Банк қызметтері – қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны клиенттер сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін тигізеді. Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты маңызды рөл атқарады. Ол келесідей алты кезеңнен тұрады:

1. Баға белгілеу міндеттерін қою.

2. Сұранысты анықтау.

3. Шығындарды бағалау.

4. Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.

5. Баға белгілеу әдісін талдау.

6. Түпкілікті бағаны белгілеу.

Банк оларды меншікті бағаны анықтау негізі ретінде пайдалану үшін бәсекелестердің бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі, оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер мен көрсеткіштер анықталады және салыстырылады.

Солардың бірін банк таңдап алатын баға белгілеу әдістері келісідей болуы мүмкін: «пайда қосылған орта шығындар», шығынсыздықты талдау және мақсатты пайданы қамтамасыз ету. Түпкілікті баға оны клиенттердің, банк қызметткерлері мен бәсекелестердің неғұрлым толық өзіне қолайлы қабылдануын ескере отырып дәстүрлі түрде белгіленеді.

Нарыққа кешенді зерттеу жүргізіп, клиенттердің қажетіліктері мен талап-тілектері анықталғаннан кейін барып банк шығындары мен көрсететін банк қызметтерінің болуы мүмкін бағасы анықталады.

Банк өнімдерін тарату маркетинг қызметінің қорытынды түрі болып саналады.

Банктік маркетингте соның көмегімен маркетинг мақсатына жетудің табыстары ашылып көрсетілетін дәстүрлі тәсілдер өмір сүреді. Бұл – клиенттермен қарым-қатынас жасау, қызмет тиімділігі, клиенттердің басымдыққа жетуі үшін өз акционерлерін дивидентермен қамтамас етуі болып саналады.

Банктік маркетингте маркетинг қағидаларына жауап беретін, төмендегідей маңызды ерекше нақыл сөздерді сақтай білу көзделеді:

1. «Тұтынушыныкы әрқашанда дұрыс».

2. «Барлығы тұтынушы үшін».

Маркетингтік қызметтің түрлерін қарастыру маркетингтің негізгі тәсілдерін зерттеумен қоса қабаттасып жүреді. Оқу әдебиеттері неғұрлым маңызды деген екі тәсілді – бірыңғайлау (типологизация), нарықтық сегменттеу тәсілін біліп көрсетеді.

Бірыңғайлау (типологизация)-әлеуметтік сипаттамаларына, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес тұтынушыларды жеке ыңғайда қарастыру және топтастыру процесі.

Нарықтық сегменттеу – банк үшін неғұрлым болашағы зор болып саналатын нарық тұтынушыларын нақты топтарға бөлу процесі. Банк қызметінің сипаты, клиенттердің географиялық, демографиялық, психомәдени, мінез-құлық белгілері, негізінен, сегменттеу белгілері болып қатысады.

Банк қызметтерінің сипаты бойынша олар несие, операциялық, инвестициялық, делдалдық және басқа да сегментерге бөлінеді.

Клиентуралық белгі нарықты заңды және жеке тұлғаларға, корпорацияларға, банк-корреспонденттерге, мемлекеттік оргондарға бөледі.

Аумақтық құрлымдар, экономикалық аудандар, әкімшілік бірліктер географиялық сегменттеу объектілері болып саналады. Демографиялық сегменттеу халықты жас мөлшері, кірістері бойынша әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан бөлуге негізделеді.

Психомәдени сегменттеу – бұл жеке тұлғалардың банктердің көрсететін қызметіне қатынасы.

Мінез-құлықтық сегменттеу банктің әрбір клиентінің бос уақытын зерттеуге негізделеді.

Ал нарықты сегменттеу мен анықтау банктің өзіне қажет. Белгілі бір қызмет түрлерінен алынатын тиімділіктер клиенттердің белгілі бір топтары үшін ғана пайдалы болып табылады. Ал басқа бір топтар үшін мұндай қызмет түрлері қымбат немесе дәл сол сәтте пайдасыз болуы мүмкін. Аталмыш қызмет түрлері қызықтыратын клиенттердің топтары мақсатты нарықты құрады.

Жоғарыдағылармен қатар, маркетингтік зерттеулердің өзге де белгілі тәсілдерінің өмір сүретін атап өту көзделеді. Оған активті және пассивті маркетинг келесілер кіреді:

1. Тікелей (жарнамалық). Жер-жерлерде клиенттер арасына қаржыларды басқару жүйесін құру. Тікелей маркетингтің мақсаты – клиентті тез әрекет етуге мәжбүрлеу.

2. Байланыс құралдарын (пошта, теледидар) пайдалану. Телемаркетинг бұл жеке адамдардың компьютерлерін қолдануға негізделген банктік қызмет көрсетуді үйде жалғастыру.

1. Халықтың кең ауқымды топтары арасында сұрау жүргізу.

2. Әлеуетті клиентпен жеке қарым-катынас орнату.

3. Фокус-топ құру. «Фокус топ» бұл клиенттермен жеке байланыстарға негізделген, маркетинг әдістерін логикалық жалғастыру. Мақсаты – клиенттердың жағдайын анықтау.

4. Пассивті маркетинг – бұл банктің қызметі мен жағдайы туралы материалдардың баспасөз беттерінде жариялануы.

Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.

Банктік маркетинг толығымен банктің көрсететін қызметтерін дамытуға бағытталған және бұл жеткілікті кең ауқымды өзара байланысты түсінік болып саналады.

Банктік маркетинг функциялары. Банк маркетингі арнайы функцияларға ие. Ол – банк өнімдерін өткізу бағытындағы банктің маркетингтік әрекеті түрлерінің қосындысы.

Банктік маркетингтың негізгі функциялары:

- ақпарат жинау;

- маркетингтік зертеулер;

- банктік өнімді шығару мен айналысқа түсіруді жоспарлау;

- жарнама;

- банк өнімдерін айналымға енгізу;

Маркетингтік зерттеулер банк өнімдерінің жаңа идеялары мен түрлерін іздеуден бастап оны тұтынушыға жеткізетін аралықты түгел қамтиды.

Сондықтан маркетингтік зерттеуге банк маркетингінің барлық әрекеттері мен сфералары кіреді (банк өнімдері, салымшылары, қаржы нарықтары, жарнама және т.б.)

Маркетингтік зерттеулер әрекеттерінің кешенді түрін қамтиды:

- қаржы нарығындағы бәсекелес-банктер мен сатып алу әрекетін зерттеу;

- қаржы нарығы мен оның секторлары мүмкіндіктерін талдау;

- банк өнімдерін сапасы мен көнектілігіне қарай зерттеу;

- банк өнімдерін айналымға ендіру мәліметтерін талдау;

- бәсекелестерді зертеу;

- қаржы нарығының ең қолайлы сегментін таңдау;

Банктік маркетинг қаржы нарығын міндетті түрде сегментеуді талап етеді яғни банк өнімдерін әртүрлі белгілері бойынша нақты топтарға бөлып тастау;

Банк өнімдерінің болуы ол қаржы нарығындағы бәсекелестіктің тұрақтылығымен сипатталады. Банктің бар әрекеті жаңа банк өнімін шығаруға бағытталған. Бұдан банктің әрекет көлемі, рентабельділік денгейі, салынған капиталдағы пайда нормасы және өзге де көрсеткіштер көрінеді./11,б.128/



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет