МАЗМҰНЫ
Кіріспе ....................................................................................................................... 3
1. Бұқаралық ақпарат құралдары
1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелу тарихы ................................ 5
1.2 Ұлттық бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері ............................................................................................................ 9
1.3 Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы .........................................12
2. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәдениеті
2.1Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары .................................... 16
2.2 Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті ................................................18
2.3 Баспасөз тілі мен радио тілінің ерекшелігі ......................................................40
Қорытынды............................................................................................................. 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................... 48
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мерзімді басылымды тарихи факт ретінде бейнелеу тақырыбы мен ауқымы таптық күреске қарағанда әлдеқайда кең және жан-жақты. Газет және журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең көрінісін қалпына келтіруге және зерттеу кезеңіндегі негізгі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Әр елдегі, тіпті бір елдегі әртүрлі ұлттардың деректері, соның ішінде мерзімді басылымдарының да ерекшеліктері болады. Бұл, әрине заңдылық. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор» [1], - десе, француз жазушысы О.де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» [1], - деп атаған болатын. Билік институтында сөзбе-сөз мағынада бұқаралық ақпарат құралдарына орын болмаса да, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі уақытта электронды бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт қазіргі қоғамның барлық қырларын, саяси билік қатынастарын түбегейлі өзгертті.
Бұқаралық ақпарат құралдары кең ауқымды қамтитын байланыс құралдарының маңызды бөлігі болып табылады. Батыс елдерінде «бұқаралық ақпарат құралдары» және «бұқаралық коммуникация құралдары» ұғымдары бір-біріне өте ұқсас мағынада қолданылады және осы салалардағы зерттеулер жалғасуда. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен кез келген адамға түрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекеме болып табылады.
Зерттеушілер олардың келесідей белгілерін ажыратып көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шектеусіз болуы; арнайы техникалық құралдардың, жабдықтардың болуы; ақпарат таратқыштың (коммутатордың) қабылдағышқа біржақты әсері; тұтынушы аудиториясының тұрақсыз біркелкі еместігі. Міне сондықтан да, қоғам өмірін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының үлкен рөлін ескере отырып, тіл мәдениетінің де арнайы зерттелуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |