Студенттерге арналған пәннің силлабусы
2. Курстың сипаттамасы– Бітімгершілік дауларды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ–түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын түрлі қиындықтардан құтқарады. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады. Істердің соттың құзырына жетпей, соттан тыс медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың уақытын үнамдеп, назарын неғұрлым күрделі істерге аударуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге жүктеменің төмендеуі судьялардың ізденуіне жағдай туғызады. Дауды сотқа жеткізбей шешу тараптарға да анағұрлым қажет. Медиаторға жүгінген тараптар ең біріншіден уақыт ұтады. Бірнеше айға созылатын сот процесі жүрмейді. Жариялылық жоқ, яғни тараптардың істері құпиялылықта қаралады, артық адам шақырылмайды, мемлекет те жеке тұлға да шығын шығармай, уақыт оздырмай, мәселені шеше алады. Әрине бұл жерде істе қарайтын айтарлықтай жеңілдік десе де болады.
Курстың мақсаты- студенттерді дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдануды құқықтық реттеу бойынша арнайы білімдерді, білік және дағдыға ие болуға үйрету болып табылады.
Курстың міндеттері-студенттерді дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің жалпы ережелерімен таныстыру (түсінігі, міндеттері, қағидалары, жекелеген түрлері және т.б.); даулардың жекелеген түрлеріне қатысты дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану тәжірибесін талдауды үйрету; дауларды шешудің баламалы тәсілдерін құқықтық реттеудің негізгі қайнар көздерін қолдану дағдыларын мегерту болып табылады.
3. Оқытудан күтілетін нәтижелер (құзыреттер)
Берілген курсты меңгергеннен кейін студент:
Студенттер білуі тиіс: дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің маңызды ережелерін, мәнін және мазмұнын, құрылымы мен мазмұнын білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |