1. Бұқаралық ақпарат құралдары



бет6/9
Дата12.01.2024
өлшемі328 Kb.
#488936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ахметбекова А

«Кезінде қаймана қазақтың намысын жыртқан, ұлтына ұпай әперген алтын асықтай ұлдарын іздеп, редакциямызға қоңырау шалушылар көп» [12].
Бір қарағанда бәрі дұрыс сияқты. Алайда, мұндағы қаймана сөзіне «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «танымайтын, бөтен, бөгде» деген түсінік берілген.
Олай болса, бұл сөздің осы мәтінде қолданылуы еш қисынсыз. Өйткені, бөтен, танымайтын біреудің намысын жыртқан адамдарды кім іздейді. Бұны да редактордың өз жұмысына салғырт қарағанының нәтижесі деп бағалауға болады. Редактор мәтінді оқу барысында оның кез келген бөлігінде дәлсіздік пен қателіктің ұшырауы мүмкін екенін естен шығармау тиіс.
Мысалы: Оралкүлдің тобасы менің Анамдікі сияқты аузында емес, жүрегінде. Обал - сауап десе, қамқорлық десе, елпілдеп тұрады. Қандай да бір қайырымды шаруада қабағын шытып, қарсы келмейді (А. Майлыбаев).
Бұл жерде автордың айтпақ ойы – Оралкүлдің де, анасының да тобасының ұқсастығында, яғни олардың тобасының жүрегінде екені туралы. Алайда, мәтін анасының тобасының аузында екенін көрсетіп тұр. Өйткені, сөйлемнің құрылымдық жүйесі соған итермелеп тұр. Бұл жерде редактор мен автор қырағылық танытпаған, егер олар «сияқты» сөзінен кейін үтір қойса, онда сөйлемнің мәні мүлдем өзгеріп, автордың ойын дәл берер еді.
Мерзімді басылымдардағы мәтіннің анықтығы, дәлдігі, мәнерлілігі мен түсініктілігі үшін қарапайым лексика-грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтау – үнемі назарда ұстайтын мәселе. Өйткені тіл бір рет қалыптасып, бір орнында тұрақты қатып қалатын зат емес, ол ұдайы даму, жетілу үстінде болатын құбылыс. Оның дамуына, жетілуіне бұқаралық ақпарат құралдарында дұрыс қолданылған жаңа сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар, сәтті аударылған терминдер мен атаулар да әсер етеді. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда кейде тілдің грамматикалық, стилистикалық нормаларына сәйкес келмейтін сөздер, сөз формалары, сөйлемдердің де жалпы халықтық кең қолданысқа еніп кетуі жиі кездеседі.
Бұқаралық коммуникация жағдайында аудиторияның сөз шығармашылығын психологиялық қабылдауының тағы бір коммуникативтік ерекшелігі – оның мәтінмен таныстығының міндеттелмеуі.
Сондықтан да, өпшілік бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарымен көбінесе іс арасында, яғни – жұмыстан қайтып келе жатқан жолда, тамақтану үстінде, теледидар қарай отырып газет беттеріне көз жүгірту арқылы және т.б. үстірт жағдайларда танысады да, өзіне қажет емес артық, қызықсыз мәліметтерді бірден лақтырып тастайды, ал қызық жерлерін көз жүгіртіп қана оқиды. Сондықтан да, редактор мәтінді талдау барысында әлеуетті оқырман ретінде осы жағдайларды ескеруі тиіс. Нақтырақ айтқанда, редактор мәтіннің мағыналық қырларының дұрыс қойылуына, оқырман назарын аудара алуына, баяндау тәсілінің оқырмандардың қызығушылығын арттырып, эмоциясына әсер етуіне, баяндалған оқиғаларға олардың қатысуы мен жанашырлық сезімін оятуына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Бұған редактордың тілдің стилистикалық қорын терең білуі зор мүмкіндік береді.
Бұқаралық комуникация мен тіл білімі мамандарының жұмысы барысында БАҚ мәтіндерін этика тұрғысынан бағалау жиі ұшырасады. Кез келген автор өз аудиториясын сыйлауы тиіс, ашық жария (публичный) қатынас барысында ғасырлар бойы қалыптасып, ұлт менталитетінен көрініс тапқан этикалық нормаларды сақтауы тиіс. Тақырып пен оларды беруде, тілдік құралдарды таңдауда адамгершілік талаптарын ешуақытта естен шығармау керек. Алайда, бұл талаптар жиі бұзылады. Бұл БАҚ тілінің саналы түрде дөрекіленуінен (сондықтан да, кейбір зерттеушілер тілдің жабайылануының (варварлануының) кезекті толқыны жүріп жатқаны туралы айтып жүр), мәдени жетістіктер мен тарихи деректердің төмендетілуі мен кемсітілуінен, рухани құндылықтардың қадірін кетіруден, шындықты саналы, жүйелі, еш қымсынбай бұрмалауынан көрінеді. Мәтінді өзі құрамдас бөлігі болып табылатын коммуникациялық жүйеден тыс қарастыру оны түсініксіз үзінділерге алып келеді. Оның мазмұнында сөз мағыналарының түрлі қырлары жатады, оқырман ол қырларды мәтінді қабылдау барысында ашып, түсіне білуі тиіс. Мәтінді дұрыс түсіну үшін не оқырманның соған қажетті білімі болуы қажет, не алдыңғы баяндаулар оған қажетті бағыт-бағдар беріп, сөз мағынасының дұрыс ашылуына көмегін тигізуі қажет. Егер бұл шарттар орындалмаса, онда автор мен оқырмандардың арасында түсіністік болмайды. Сондықтан да, мәтінді дайындау барысында бұл ерекшелікке аса мән берілуі тиіс.
Норма дегеніміз – латын тілінен енген термин сөз мағынасы тәртіп, жол-жоба, заң, ереже, үлгі дегенді білдіреді. Қазақша ауыспалы мағынада шек шама, деңгей, қалып, өлшем, өлшеуіш, мөлшер т.б. Норманың өлшемдері көп. Норманың бір мағынасы – өлшем. Өлшемнің түрлері салмақ өлшемі, тереңдік өлшемі, ғылыми математикалық өлшем, халықаралық және ұлттық халықтық ұғымдағы ақыл ой, парасат өлшемі.
Кртитерий – гректің «критерион» сөзінен шыққан мағынасы – өлшем, өлшеуіш, дәлел, айғақ дегенді білдіреді. Этика – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, үрдіс т.б.
Ұлттық салт-дәстүрлер бір қайырысы ұлттық өлшемдер ұғымы. Олар: адым, қадам, аттам, табан, шақырым, құлаш, бойы, елі, сүйем, бармақ елі, сынық сүйем, қарыс, аршын, әудем жер, көш жер, ит өлген жер.
Бір замандарда аратұра қазір де адамның дене мүшелерімен өлшенді: арқан, белуардан, кісі бойы.
Уақыт өлшемі: қас-қағым сәт, сүт пісірім уақыт, көзді ашып-жұмғанша, бие сауым уақыт. Адым – жай жүріспен бір басқан қашықтық немесе 6 см.
Әдеп - әсемдік әлемінің бір өлшем өлшеуіші, қағазға түспеген әр халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы.
Үнді жерінде дүниеге келіп Шығыс халқының ортақ мұрасы «Бану бақтары» әдеп кодексі болып саналады. «Махаббат ғылымы» деп аталатын кітап тазалық, үй-жай ұстау, инабаттылық жайында жазылған.
Қайсібір деректерге қарағанда «Махаббат ғылымын» Ватсиянна деген кісі жазыпты. Кодексте қыз баланың 64 түрлі өнер, білім, іскерлігі жайында айтылған.
Әдеп кодекстері «Күлтегін» өнегелі жазба жәдігерліктерінде (экспонат) кездеседі. Ахмет Яссауидің, Жүсіп Баласағұнидың, Қорқыттың, Ұлықпан Хакімнің насихат сөздерінде, фольклорда ұлы жыраулармен аттары аңыз болған Аяз би, Жиренше, Қарашаш, Қожанасыр бабалардың әңгіме, өсиеттерінде де бар.
Әсемдік әлеміне қатысты мұндай ақыл-кеңес тұспаларды М.Қашқаридың, С.Сараидың, Раши ад-Диннің т.б. еңбектерінен көреміз.
Ұлықпан хәкім: «Елге халқына жасаған қызметіңді ұмыт, аяқ басқан сайын жұмысыңды міндетсініп істеме. Әділ және кішіпейіл бол. Пышақсыз, жүксіз және ақшасыз болма. Құдайдан қорқып, халыққа ынсаппен қара. Үлкендерге қызмет, кішілерге шапағат, дәруіштерге рахым, дос-жарандарға кеңес, дұшпандарына жұмсақтық, қызбалаларға сабыр, ғалымдарға тағзым етіп өмір сүр. Біреудің малына көз сүзбе» - деген өсиеттерін қалдырған.
Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптеріне келетін болсақ, ең басты принциптері: халықтығы, бұқаралдығы, шыншылдық, объективтілік, ыждағаттылығы.
Журналистің жеке басының моральдық, этикасы осы жалпы принциптерінен туындайды. Принцип дегеніміз - латын тілінен енген термин сөз, мағынасы негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.
Журналистің негізгі принциптері:
1. Журналист - өз ұжымына, басылымына адал қызмет етуі тиіс.
2. Журналист - өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар, халықтың да ой пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.
3. Журналистің алдында әр дайым аудитория үшін не істеуім керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман мүддесін қолдаймын ба? Олардың уақыттарын алмаймын ба? деген этикалық сұрақтар тұру керек.
4. Факті мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.
5. Егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.
6. Журналист біреулерді қаралап та, өтірік мақтап-мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауап береді.
Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы, елеусіз тұрпайылық, дөрекіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін.
Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың 2 түрі бар: ашық және жасырын түрде зерттеу.
Материалдарын, деректерін ашық түрде жинау тәсілінде журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген түрлі себептермен ашылмайды. Ондайда журналист олардың тілін тауып, алған мәлімет деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен есіне салуы тиіс.
Объектіні зерттеудің, факт жинаудың жасырын немесе құпия түрінде адамдар журналисті білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушыға, сатушы да, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда әдеп, этикадан озбау керек. Мәлімет алу барысында журналист қашан шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқып айтпай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек.
Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін айнып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су, атауларын өзгертіп те фактілерді толық қамтуға болады. Журналист жақын адамдардың арыз шағымдарын абайлап пайдалануы тиіс. Мақаланы кейіпкеріне көрсетіп алуы тиіс. Цитаттарға (дәйекті сөз) өте қатты мұқият болған дұрыс.
Табу да, эффемизмде барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым. Этнографиялық деген – ұлттық наным сенім, мифтер, әдет-ғұрыптар. Бұлардың барлығының этикалық өлшем, нормалары бар.
Мәселен: түркі халықтарының тілдерінде қасқыр, қандала, рак т.б. сөздерін көп ретте тура мағынасында емес өзгертіп алынады. Құлаққа жағымды жеңіл етіп аламыз. Итқұс, қарауыз, терісауыз, ұлыма деген сөздермен алмастырады.
Табудың тура мағынасы тиым салынған айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар. Қазақ әйелдері қайныларының, қайын сіңілілерінің атын атамаған, оларға ат қойған: шырақ, төрем, ақ төре, төрежан, кербез, ақ кербез, мырза бала, тентек, еркем.
Қазақ әйелдері үлкенге ат қойғанда оларды: ата, әже, ене атаған. Сонымен қатар олар ата-енелеріне, ауыл үлкендеріне, олардың дене бітіміне, кәсібіне, жағымды, жағымсыз іс-қылықтарына қарай ат қойған: семіз сары, қабан қайнаға.
Кәсіп мамандыққа қарай: дүкенші аға, мұғалім бала т.б.
Табу термині – французша «taboo». Қай тілде қалай айтылып, жазылса да мағынасы бір қатаң тәртіп.
Эффемизм – грек тілінен енген. Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу деген мағына береді. Ауыспалы мағынада естіген құлаққа ерсі тұрпайы сөздерді, жанға жайлы сөздермен ауыстыру.
Қытай әкімшіліктері 50-ге жуық сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үзілді-кесілді тиым салған. Олар: сіздің шаруаңыз емес, білмеймін, неге желінше жабысып қалдыңыз («Қазақ елі» 1995ж. 20. 10).
Журналистің кәсіби ерекшелігі оған көптеген әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді. Этика - деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез-құлқы мен олардың сана - сезім ерекшеліктері мен қоғамдағы ережелерді, формаларды, заңдары, талаптарды орындау өзгешелігімен, сондай-ақ, қоғам пікірімен де айқындалады.
Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандықты игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап-тілектерді қояды.
Журналистік этика ұғымының екі мағынасы бар:
1. Журналистік этика, тар мағынасында - журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады.
2. Журналистік этика, кең мағынада - журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни журналист этикасы нормаларын сақтау– шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.
Журналист этикасы журналистік қызметтің барысында көптеген жағдайларда көрініс тауып отырады.
Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет.
БАҚ туралы заңда журналистік этиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет