Дәріс тақырыбы:
Эксперимент жүргізу әдістемесі
Цель:
Дәрістің мақсаты
Эксперимент жүргізу әдістемесі туралы ғылыми әдістемелік білімді қалыптастыру
Жоспар
1. Педагогикалық эксперименттің мәні
2. Эксперименттің түрлері
3.Эксперимент жүргізудің әдістері
Эксперименттік зерттеу адамзаттың қоғамдық тарихи және теориялық, танымдық өміріндегі аса маңызды қырларының бірі, оның ғылымдағы маңызы да үлкен.
Эксперимент- адамзат практикасындағы болжамдардың ақиқаттығын тексеруге арналған әрекеттердің бірі.
Ғылыми таным әдісі реттіндегі педагогикалық эксперименттің мәні неде? Бірнеше анықтамаға жүгінейік: «Педагогикалық эксперимент дәл есепке алынған жағдайдағы тәрбие құбылыстарына жасалған ғылыми тәжірибелер немесе бақылаулар». Осының барысында тәрбие мен оқытудың шарттары мен оның нәтижелерінің арасындағы қандайда бір педагогикалық ықпалдылықтың тәуелділігі анықталады (Педагогикалық сөздік ).
Педагогикалық эксперимент әртүрлі болуы мүмкін және ол бірнеше белгілердің негізінде топтастырылады:
а) эксперимент шарты әрекетінің уақыты бойынша – ұзақ және қысқа мерзімдік.
ә) зерттелетін педагогикалық құбылыстың құрылымы бойынша қарапайым және күрделі.
б) зерттеудің мақсаты бойынша- педагогикалық процестің барысын өзгертуші эксперимент ( немесе оны қалыптастырушы эксперимент, жасампаздық эксперимент деп атайды), дәйектеуші эксперимент, бақылаушы эксперимент және т.б.
Экспериментті жүргізуді ұйымдастыру бойынша – лабароториялық, табиғи, кешенді ( комплекісті ) болады.
.
Эксперименттің кез-келген түрі мынадай жағдайлардың болуын талап етеді:
а) болжамдардың әзірленуі;
ә) эксперименттік жұмыстар бағдарламасының жасалуы, пактикалық тәрбие тәжірибесіне қатысатын әдістер мен әдістердің анықталуы;
б) эксперименттік жұмыстар процесін жүзеге асыру үшін қажетті шаралардың атқарылуы;
в) эксперимент барысы мен нәтижесін қаржыландыратын жолдармен тәсілдердің әзірленуі;
г) жетекші ғалымның-эксперимент жүргізушінің бұл жұмысқа қатысатын барлық мұғалімдерді ( студенттерді )әзірлеу;
ғ) зерттеу жүргізушілермен зерттелетіндердің ара-қатынасының дұрыс жолға қойылуы.
Зерттелетін құбылысты оның алғашқы мәліметтері мен болжамдарын анықтау үшін алдын ала мақсатты бақылау жүргізу.
Эксперимент пен эксперимент үшін алынған обьектінің бір деңгейде болуына жағдай жасау
Эксперименттік жұмыстың процедураларын жан-жақты ыждағаттылықпен /тщательно/ жүзеге асыру
Зерттелетін құбылыстың ( обьектінің ) даму барысына жүйелі бақылау жасап, фактілерді дәл баяандау
Фактілерді түрлі құралдармен және тәсілдермен тиісті қондырғыларды, схемаларды, анкеталарды, тестілерді, психологиялық, педагогикалық сипаттамаларды, математикалық аппарттарды пайдалана отырып жүйелі түрде тіркеу
Әдістеменің қандай түрі жүзеге асырылсада мынандай талаптар басты назарда болуға тиісті
Достарыңызбен бөлісу: |