1 бет Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



Дата28.11.2023
өлшемі40.53 Kb.
#484768
нурайым


1 бет Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ...
Сенімділік деген не? Шын мәнінде ол сенің не істеп жатқаныңнан емес, өзіңді қалай сезінетініңнен көрінеді.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен қулық сақтап
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегіңмен ақылың екі жақтап.
Абай атамыз дың осы бір өлеңі кез-келген адамның сенімділігін оятары хақ. Жаман ойға ерік бермей, қай кезде де жақсы ой ойла, не істесең де өзіңе сенімді бол, өзіңді жақсы көр.

2 бетСенімділік туралы сөйлесейік


Сенімділік дегеніміз біреуге сенімділік арту керінісше ешкімге сенбеу. Терең ойласаң сенімділіктің жақсы-жаман жақтары болады. Жақсы жағы: сеніміңді ақтап,сенім білдіріп,құпияңмен,ішкі сырыңмен бөлісуге дайын тұратын адамдар. Оларға адалдық, адамгершілік жатады. Жаман жағына: сырыңды жария қылатын, өзіне деген сенімін білдіре отырып, ойына келген арам ойын жүзеге асыратын адамдарды жатқызамыз.
Қазіргі уақытта бір-бірімізге деген сенімділік жоғалып бара жатыр. Соның арқасында өзіміздің дінімізге деген сенімсіздік пайда болуда. Кез-келген адам өзіне деген сенімділігін арттыру үшін отбасына, қоғамға деген әл-әуқатын көтеру керек.

3 бетСенімділікті жалпы жақсы қасиеттердің қатарына жатқызамыз. Ал қазіргі уақытта сенім сөзіне дақ түскені мені алаңдатады. Осы негізде сенімділіктің түрлеріне тоқталар болсам:


Сенімділіктің түрлері
Сенімділіктің біз айтқалы отырған басты екі түрі бар:
. Өз-өзіне сенімділік (өз-өзіңе ұнауың және соған байланысты өзіңді еркін сезінуің)
. Әлеуметтік сенімділік (қоршаған ортада өзіңді еркін сезінуің)
Енді осы екуін және олардың өзара байланысын қарастырып көрейік.
Сенімділік өзіңе деген сеніммен байланысты. Бұл барлық істі бір өзің атқара алуың керек деген сөз емес. Ол сенің қолыңнан келетінін білуің және сонымен қатар кей жағдайларда басқалардың көмегіне жүгінуіңе тура келетінін түсінуің арқылы пайда болады.

4бет.«Өз-өзіне сенімділік»


Сенімділікті арттыру үшін-қолайлы орта туғызу керек. Әрбір баланың қолайлы ортасы-ол Отбасы. Ата-ана тарапынан баланың сенімін ұялатып, әл-әуқатын, күш-жігерін көтеріп, отбасылық әңгімелесу, пікір-талас арқылы санасын қалыптастырып, қолдау көрсетіп отыру керек.
Сенімді балалар өз ісіне қашанда риза болады. Бір нәрсені тез меңгере алмасада,олар ешқашан ұнжырғасын түсірмейді. Олар өздерінің сенімді тұстарын біледі, сол себепті жаңа нәрселерге машықтануға тырыса түседі. Адам бір нәрсені меңгеруге талпынғанда сенімділігі оянады. Ол, мысалы, футбол ойнау, ән айту, би билеу немесе математикалық есептер шығаруға байланысты болуы ықтимал. Өзіне сенімді балалардың салы суға кетіп: «Мен ақымақпын! Мен мұны түсіне алмаймын!» -деуі неғайбыл.Үнемі қорқақтай беретін адамның, өзіне деген сенімі жоғалып,әлденені игеруі қиын.
5 бет2.Әлеуметтік сенімділік
Осы қалпыңның өзіңе ұнайтынын сезінген кезде сен айналаңдағылармен қарым-қатынаста да сенімділікке оңай қол жеткізесің. Өз-өзіңе ұнасаң, қалайша басқаларға ұнамайсың? Бұл арадағы күрделі бір нәрсе-басқа адамдардың ойында не бар екенін біле алмайтының. Олардың кейбірі сені түсінуі, тіпті басқалардан ғөрі сағана іш тартуы мүмкін. Әйтсе де өзіңе деген сеніміңді, құрмет сезімін өзіңнен басқа ешкім оята алмайтынын білгені жөн. Мұның бәрі сенің өз қолыңда.
Есіңде болсын, өзіңе сенімді болу-сенің барлық жағынан мінсіз екеніңді немесе жұрттың бәрі сені жақсы көретінін білдірмейді. Ол сенің өзіңді тура осы қалпыңда жақсы көретініңен және күрделі жағдайлардан өз күшіңмен, болмаса әлдекімнің көмегімен шыға алаттыныңан көрінеді.
6 бетӨзің сенімділігіңді анағұрлым арттыра түсу үшін былай істеуге болады: Бұл тізімді көңіл-күйің болмай тұрғанда пайдалан (өз-өзіңе: “Мен өзгерткім келетін жақтарым, соныиен қатар артықшылықтарымда бар”,-деп айт)
.Өзіңе хат жаз.Оның ұзақ болуы шарт емес, бірақ онда сенің жақсы қасиеттерің мен ерекше сипаттарың қамтылуы керек. Жазып болған соң, қайталап оқы. (тіпті ерсі көрінсе де) Бұл сенің іс-әрекетіңнің сезімің мен ойыңның дұрыс арнаға түсуіне ықпал етеді.
. Тізіміңді толықтыра түс. Оның ұлғайғанын және өзгергенін үнемі бақылап отыр.

7 бетӨзің сенімділігіңді анағұрлым арттыра түсу үшін былай істеуге болады: Бұл тізімді көңіл-күйің болмай тұрғанда пайдалан (өз-өзіңе: “Мен өзгерткім келетін жақтарым, соныиен қатар артықшылықтарымда бар”,-деп айт)


.Өзіңе хат жаз.Оның ұзақ болуы шарт емес, бірақ онда сенің жақсы қасиеттерің мен ерекше сипаттарың қамтылуы керек. Жазып болған соң, қайталап оқы. (тіпті ерсі көрінсе де) Бұл сенің іс-әрекетіңнің сезімің мен ойыңның дұрыс арнаға түсуіне ықпал етеді.
. Тізіміңді толықтыра түс. Оның ұлғайғанын және өзгергенін үнемі бақылап отыр.

8бет Қазіргі уақытта Сенімсіздіктен туындайтын өзекті мәселелердің бірі баланың ата-анаға деген сенімінің жоғалуы. Бұрынға уақытта ата-анаға деген сенімсіздік отбасында өгей-әке, өгей шеше болған жағдайда пайда болса, қазіргі таңда өз туған ата-анасына деген сенімсіздік белең алуда. Дегенмен көпке топырақ шашауға болмайды.


Баланы жаңа туған күнінен бастап, далаға тастап кетіп, тастанды бала атандырып, ата-анаға жалпы адам баласына деген мейірімділіктен бүлдіршінді бір айырса, өсе келе ата-ана ішімдік ішіп, мас болып, балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, баланы өмірден түңілдіреді. Аталған қиындықтың барлығы ата-ананың бала кезінен сөзіне деген сенімділігінің қалыптаспағанынан. Осы орайда тағы айта кететін жағдай, ғаламтор желісіндегі түрлі көріністердің адам санасына кері әсер етуі.

9бет Сенімділікті арттыратын сөздер


Мен өз артықшылықтарыма баса мән бермеймін.
Кемшіліктіремді біліп, қажет болса, көмек сұраймын
Бойдағы үреймен қиыншылықтарды жеңу өзімді сенімді сезінуге көмектеседі
Мен өзімді сенімді адам сияқты ұстай аламын
Қателскен кезде өзімді жазғырғанды қоямын
Өзімді қанаттандыратын сөздерге көп көңіл бөлемін
Өз-өзімді қолпаштап отырамын
Сенімділік адамның өз ішінен шығатынын жадымда ұстаймын
Бұл әлемде мен жалғыз емеспін
Көмек сұрай білуде-батылдықтың белгісі
Жанымда мені бағалайтын және сенетін адамдар бар
Жақсы нәрсе ойласам, өзімді жақсы сезінемін
Егер өзімді сенімді ұстасам, жаңа табыстарға жетуге тәуекел ете аламын!
Өзіме сенімді болсам, мен тура өз ойымдағыдай бола аламын
Егер өзіме ұнайтындай кейіп көрсетсем, басқаларда менімен жақынырақ танысқысы келеді
10бет«Мектепте өзіңе сенімді бол»
Мектепте өзін сенімсіз сезінетін балалар көп. Өзіңе сенімділікті арттыру үшін мектепте барлығынан артық болудың қажет шамалы. Бірақ мүмкіндігінше жақсы нәрсе істеуге тырысқаның жөн. Мына кеңестер мектепте өзіңе неғұрлым сенімді болуға көмектеседі:
Бүгін жасайтын нәрсені ертеңге қалдырма.
Жинақы жүр.
Сабақта белсенді бол.
Көмек сұраудан қысылма.
Мінсіз болуға тырыспа.
Өзіңді мақта.
Мінсіздікке ұмтылыс өкінішке әкеп соқтырады. Бар күшіммен талпынсам, сенімді бола түсемін! Көмек сұрау арқылы жаңа белестерді бағындырамын. Алға жетелеген әрбір шағын қадам мектептегі сенімділігіңді арттыра түседі.

11бет«Мектепте өзіңе сенімді бол»


Мектепте өзін сенімсіз сезінетін балалар көп. Өзіңе сенімділікті арттыру үшін мектепте барлығынан артық болудың қажет шамалы. Бірақ мүмкіндігінше жақсы нәрсе істеуге тырысқаның жөн. Мына кеңестер мектепте өзіңе неғұрлым сенімді болуға көмектеседі:
Бүгін жасайтын нәрсені ертеңге қалдырма.
Жинақы жүр.
Сабақта белсенді бол.
Көмек сұраудан қысылма.
Мінсіз болуға тырыспа.
Өзіңді мақта.
Мінсіздікке ұмтылыс өкінішке әкеп соқтырады. Бар күшіммен талпынсам, сенімді бола түсемін! Көмек сұрау арқылы жаңа белестерді бағындырамын. Алға жетелеген әрбір шағын қадам мектептегі сенімділігіңді арттыра түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет