ҮІ Модуль. 2-сабақ
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Астана – әдемі қала. Астана – республикамыздың мақтанышы.
Қала орталығындағы университет пен институтқа, мектеп пен мұражайға, цирк пен саябаққа студенттер мен оқушылар көп барады.
Астананың халқына да, қонағына да жаңадан салынған мешіт ұнайды.
Қонақүй, кітапхана, кітап дүкені, пошта, дәріханалар Есіл жағалауында орналасқан.
Елордаға келгенде, президент саябағына баруды ұмытпаңыз.
ҮІ Модуль. 3-сабақ
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді оқыңыз.
Әр жазғы демалыста атамның ауылында боламын. Ауылда достарым көп. Бос уақытта достарыммен бірге киноға барамын.
Күнде таңертеңнен түске дейінгі жұмысым – әжеме көмектесу. Түстен кейінгі уақытта қызықты кітаптар оқимын. Оларды достарыммен талдап отырамын. Кейде достарыма атам мен әжем жайлы айтамын.
Алдымыздағы сәрсенбіде ауылда мереке кеші өтеді. Сол кеште мен ән айтамын. Ән береке мен ауызбіршілік туралы болады.
ҮІІ модуль
4-тапсырма. Оқылым
4.1. Мәтінді оқып шығыңыз.
Бүгін аспанда бұлт көп. Демек, жаңбыр жауады. Сосын найзағай ойнайды. Бұршақ та жауады деп ойлаймын. Жаңбырдан соң күн шығады. Әдемі самал жел еседі. Көктемде жаңбыр көп жауады.
Қыста қар аралас жаңбыр жауады. Ондай жаңбырдан кейін жерде көктайғақ орнайды. Қыста даланы тұман басады. Тұман күні адамдар көп жүрмейді. Көлік қақтығысынан қорқады. Боран күні жаңбыр жаумайды.
Жаңбыр жауғанда ауа жақсарады.
2-сабақ.
Ауыспалы келер шақ. Болымсыз түрі
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Уәдеде тұру
Мен енді мектепте төбелеспеймін,-деп шештім.Өйткені, анамнан ұят болады. Сабақтан да қашпаймын. Берілген тапсырмаларды уақытында аяқтаймын. Спорттық жаттығуларды орындауды ұмытпаймын. Саяхаттауға да өтінім беремін. Өйткені, табиғат аясында дем алғым келеді.
Өзім өтірік айтқанды қолдамаймын. Бұрыннан ұқыптылық пен еңбекқорлықты ұнатамын. Жаман балалардың айтқанына көнбеймін,-деп уәде бермін.
Ертеңнен бастап үйірмелерге жазыламын. Жақсы кітаптарды оқимын, іздеймін. Әрқашанда достарымды қолдаймын. Айтқан уәдемде тұрамын.
Достарыңызбен бөлісу: |