1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


- БИЛЕТ 1. Сүйек ұлпасының құрылысы мен қызметіне түсінік беріңіз



бет10/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79
шпор цитооо

5- БИЛЕТ
1. Сүйек ұлпасының құрылысы мен қызметіне түсінік беріңіз.
Сүйек ұлпасы тек қана омыртқалы жануарларда кездеседі. Тірек функциясын атқаруға бейімделген және организмнің минералдарының алмасуында да маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге сүйектің қызыл майы қанның пішінді элементтерінің түзілетін орны, қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек мезенхимадан дамитын клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известленген дәнекер ұлпасының түрі. Клеткааралық негізгі зат органикалықматрикс пен тұздардан тұрады. Органикалық қосылыстар негізгі заттың 30% жуығын құрайды, ал қалған 70% бейорганалық заттардан түзілген. Негізгі заттың органикалық компоненттері электрондық микроскоппен байқалатын көлденең сызылғаны байқалатын коллаген талшықтары мен белок-полисахаридтер комплекстер. Сүйектің коллаген талшықтарын оссеин талшықтары деп атайды. Сүйектің негізгі бейорганикалық компаненті гидрооксиапатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар. Сүекте минералдық тұздардың көп болуы мен мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа органдардағы кальций мен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97% дерлігі жинақталған. Белгілі жағдайда кальций бөлініп басқа ұлпаларға баруы мүмкін. Сүйектің құрамында қан мен липидтер болады. Сүйектің органикалық және бейорганикалық компоненттері және жеке-жеке сүйек материалы бола алмайды, бірікккен күйінде ғана жеңіл тірек ұлпасы бола алады. Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген дәнекер ұлпасының бір түрі. Организмдегі минералды заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі затгарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылдарының тұздары кездеседі. Сүйек үлпасы тығыз ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан жоне коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы талшықты және пластинкалы құрылысты сүйектер деп ажыратылады. Ұлпаның негізгі қызметі - минералды зат алмасуында. Құрғақ сүйектің 65-70%-і минералды заттардан, ал 30-35%-і органикалық компоненттерінен тұрады. Сүйек ұлпасы сүйек клеткаларынан және клетка аралық заттардан тұрады. Бірақ клетка аралық заттары - өте жақсы жетілген. Клетка аралық заттарды қарайық, онда коллаген талшықтарының басқа түрі - оссеин кездеседі, бұл талшық барлық ұлпаның 20-40%-ін алып жатады. Тірі сүйектің қүрамы: 50%-су 15,7%-майлар 12,45%-орг.заттар 21,85%-тұздар Сүйек ұлпасы динамикалық тірі ұлпа, оның құрасындағы заттар үнемі жаңарып өзгеріп отырады. Сүйек ұлпасының клеткалары остеобластар, остеоциттер және остеокластар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет