1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Қолмен белгі беру» әдісі. «20секунд» әдісі. Бағдаршам. Бір минуттық эссе



бет47/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. «Қолмен белгі беру» әдісі. «20секунд» әдісі. Бағдаршам. Бір минуттық эссе.
«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
Мен түсініп отырмын___ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
Мен әлі түсінбей отырмын___(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
Мен түсінгеніме сенімді емеспін___(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.
Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы.
«20 секунд» әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз « Неге? Не себепті? Қалай?»- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.Мысал:
Оқушы ауланған ұлуларды зерттеп, олардың тіршілігі жайлы презентация жасайды. Сонда оқушы келесі мәселеге баса назар аударады: «Менің ойымша, дәл қазіргі уакытта аквариумда ұлулардың үш ұрпағы тіршілік етуде». Сол кезде ұстаз: «Не себепті сен олай шештің?» - деді. – Оқушы: «Себебі, біз бұл ұлуларды аулағанда олардың өлшемдері үлкен және орташа болған, ал қазір аквариумда тек кішкентай ғана өлшемді ұлулар қалды. Бұдан мен аквариумда ұлулардың үш ұрпағы бар екен деген қорытындыға келдім». Яғни, нақтылау сұрақтарын қою арқылы ұстаз оқушының білімін анықтай түсті.Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түседі.
Бағдаршам
Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін.
Бірминуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі.Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.
Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?
Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды
Сөздік үлгісі
(еске салу)Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады.
Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) ___ болып табылады, өйткені____т.с.
29 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет