1.«Ақуыздар. Нуклейн қышқылдары» тақырыбын оқыту әдістемесі.
2. Химиядан үиірмелер өткізу және оны ұйымдастыру.
Сыныптан тысжұмыстың жеке формасы барлық сыныптан тыс жұмыс түрлерінде қолданылады және барлық мектептерде байқалады тыс жұмыстың жеке формасы бұл табиғатты тануға және зерттеуге қызығушылығы бар оқушылар мен жүргізілетін жұмыс түрі . Мұғалім оны ақыл - кеңес беру процесінде жүзеге асырады . Жеке оқушыға әдебиеттер ұсынады , бақылау жүргізуге қызықтырады , тәжірибелер жасауға қызуғышылығын оятады , қорытынды жасайды . Сыныптан тысжұмыстың жеке формасы тек сол уақытта ұйымдастырылады , егер оқушыда химияға қызығушылығы , бейімділігі байқалса ғана . Жеке форма - жеке оқушының химияға қатысты қызығушылығынан туған сұрақтарға жауап береді . Тәжірибелі химик мұғалім -өз алдына белгілі бір мақсат қойады және оған жету үшін оқушының қызығушылығын анықтап , жеке тапсырма беріп , оны сол немесе басқа бағытта дамыту үшін тапсырма мазмұнын күрделендіріп , кеңейтіп, қадағалап отырады .
Дәл осындай іс- әрекеттерді жасау үшін әрбір мектептерде үйірмелер болады. Олардың да жүйелі тәртіппен орындалуы үшін үйірмелергеде жоспарлар ұйымдастырылады. Ол қосымша білім , тәрбие беру көзі ретінде қарастырылады.
Балалар мен жеткіншектерге қосымша білім және тәрбие беру
бағытында жасалған күнтізбелік –тақырыптық жоспары. Мысалы: (8- 9 сынып )
1. Оқушыларды бағдарлама бойынша біліммен химиялық теориямен, заңдармен,ұғымдармен қаруландырып химия пәніне қызығушылықтарын арттыру.
2. Химиялық эксперимент жасату,химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу,
эксперименттік тәжірибелер орындау барысында қауіпсіздік ережелерін үйрету.
3. Оқушыларды ойландыруға,оқулық анықтамалары мен жұмыс жасауға,істеген жұмыстарын қорытындылауға,ғылыми тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
4. Химия есептерін шығарудың түрлі әдістерін үйретіп оқушыларды
олимпиадаларға әзірлеу.
Міндеті:
- оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту;
- оқушылардың ой қабілетін дамыту;
- заттар туралы білімдерін тереңдетіп, кеңейту және пысықтау;
- Қазақстанның химия өнеркәсібі және шикізат базасы туралы ұғымды қалыптастыру;
- жаңа білім алу және оларды іс жүзінде қолдану мұқтаждығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушыларға химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- заттар мен химиялық реакциялар туралы негізгі біліммен
таныстыру;
- заттарды тұрмыста,өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында
қолдана білу;
-білімді адамға қажетті химиялық түсінктерді меңгеретін
бағдар беру;
Достарыңызбен бөлісу: |