Дәрістің түрі: Кіріспе дәріс. Дәрістің мақсаты



бет1/3
Дата13.02.2022
өлшемі104.5 Kb.
#455335
  1   2   3
1 ВФК-16-3к


1-тақырып. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі.

Дәрістің түрі: Кіріспе дәріс.

Дәрістің мақсаты: Тәрбие үдерісі туралы, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары, қағидалары мен мәні туралы ұғымды қалыптастыру.

Жоспары:

1.Тәрбие – мәдени – тарихи феномен.

2.Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара байланысы.

3.Тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары.

4.Тәрбие үдерісінің қағидалары.

5.Тәрбие үдерісінің мәні, құрылымы мен логикасы



Негізгі ұғымдар: феномен, тәрбие, дамыту, ізгілік тәрбиесі, парадигма, гуманизм.
Мазмұны:

    1. Феномен ұғымы адамның пайымдау тәжірибесіне сай: мән мен идеяның көрінісі (Феномен — термин, в общем смысле означающий явление, данное в чувственном созерцании. В естественной науке под феноменом понимается наблюдаемое явление или событие ) құбылыстар.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады. Ондай көзқарастың дәстүрлі түрлерінің бipінe эволюциялық-биологиялық теорияны (Ш.Летурно, Дж.Симпсон, А.Эспинас) және психологиялық теорияны (П.Монро) жатқызуға болады. Эволюциялық-биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың тәрбиелік ic-әрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың тұқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады. П.Монро негіздеген психологиялық теория бойынша тәрбиенің пайда болуын балалардағы санасыз инстинктің үлкендерге еліктеуінен байқалуы деп түсіндіреді. Eкі теорияда да бip-бipінe ұқсас тұжырым қалыптасты: алғашқы тәрбиенің пайда болуы оның ортаға бейімделуі деп түсіндірді. Тәрбие үдерісі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.

Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Ересек буын қоғамда ,тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.



  1. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік «Менін» қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.

Еліміз 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу-орындарында және қоғамдық ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін ендірілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С.А.Назарбаева. Оқулықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған.

Бұл пән негізінен төмендегі көрсетілген тақырыптар мен тарауларды қамтып, көптеген адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты да адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдыќ ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам» болып қалыптасады.

Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді.

Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады. 

Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады. Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді. Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды. Адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады. Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.

Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар)  тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Өзінің «Саясат» (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте

- мәдени құбылыс;

- педагогикалық ықпал ету;

- балалардың әрекетін ұйымдастыру;

- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.



Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді - білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды: 1) ... адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... . Сонымен бірге, әлемнің екінші ұстазы айтқан «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген тұжырымы баршамыздың жадымызда. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың дәстүрлері мен тағылымдарын үйрету арқылы жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулимыз.

Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenskу, 1592-1670) ғылымға «пампедия» жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша «пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс».

Эмпиризим мен либерализмнің өкілі ретінде саналатын ағылшын философы Джон Локктың (John Locke, 1632-1704) 1693 жылы жарық көрген «Тәрбие туралы ойлар» («Some Thoughts Concerning Education») атты трактатында тәлімгер өмірлік жағдайлар мысалында тәрбие нәтижелерін айқындайтындығын дәлелдейді. Білім беру үрдісі төмендегідей үш әдіс арқылы жүретіндігі туралы айтады: дені сау тәннің дамуы, қайырымдылық қасиетін қалыптастыру және өзіне қажетті білім беру бағдарламасын таңдау .

Француз ойшылы Жан-Жак Руссо (Jean-Jacques Rousseau, 1712-1778) кейінірек жаратылыс тәрбиесі технологиясы түсінігін енгізді. Ол бұл ойын мынадай үш идеямен айшықтайды: 1. Нәресте - бұл кішкентай ересек адам емес. Тәрбие сәбидің жаратылысы кезеңдерін ескере отырып, әрбір кезеңде түрлі міндеттерді шешуі қажет. Орындалуы тиіс міндеттер мен оны шешу тәсілдері ересектермен сәйкес келмейді. Балалық шақ мәселесін зерттеуші көптеген ғалымдар Руссоның балалық шақтың көптеген құпияларын ашты деп көрсетеді.

2. Нәресте тәрбиесіне үш фактор ықпал жасайды: табиғат, адамдар, қоғам. Әрқайсысының атқаратын өз міндеті бар, тәлімгер оның тек үйлесімділігін айқындайды.

3. Тәлімгер табиғатқа көмек беруде нәрестеге қатысты мәселелерде жасандылыққа салынбағанын қадағалағаны абзал. Санадағы бүкіл білім мен адамгершілік нұсқауларын нәресте өзі қалыптастыру қажет.

Қарап отырсақ, тәрбие мәселесі қоғам мен адамзат үшін ерекше мәнге ие. Оның көмегі бойынша қалыптасады:


  • біріншіден, адамның сөйлеу мүмкіндігі;

  •  екіншіден, қоршаған ортаның өзгерісіне бағытталған мінез-құлық белсенділігі;

  • үшіншіден, қоршаған орта элементтерінің өзгерістеріне байланыс қызметі (өндіріс құралдары).

Міне осы ерекшеліктерге байланысты адамзат популяциясы бейгенетикалық сипаттамалық құрылымға ие мәдени және этникалық дәстүрлерді қалыптастырды. Сондықтан қажетті тәрбиенің жоқтығы ақыл-ой дамуын кідіртіп, адамзат қоғамы өмірі рөліндегі әлеуметтік қалыптасу жолдары бұрмаланады.

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.

Білім беру парадигмасы – ғалымдардың, практиктердің басым көпшілігі қабылдаған және теория мен практиканың дамуында пайдаланатын бастапқы теория, теориялық ережелер, идеялар мен сенімдердің жиынтығы.

Парадигма – қалыптасқан, әдеттегі көзқарастарға айналған идеялар. Белгілі сипаттағы педагогикалық міндеттерді шешудің үлгілері. Бірақ, педагогикалық теория мен тәжірибеде көпшілік қабылдаған көзқарастарды шүбә астына қоятын фактілер пайда болуы да мүмкін.

Мысалы, дәстүрлі оқыту әдістемелері оқушылардың алдын ала берік теориялық білімдерді қалыптастыру, содан соң ғана оларда шығармашылық қабілеттерін дамыту керек деген көзқарасқа негізделеді. Ал жаңа педагогикалық технологиялар оқушылар тұлғасын, олардың қабілеттерін дамытуға негізделеді. Баланың өзі білім іздейді.

Гуманизм – адамның тұлға ретінде құндылығын, оның еркіндік, бақыт, даму және өзіндік қабілеттерін толық көрсетуге құқығын мойындайтын көзқарастар жүйесі. Әлеуметтік құбылыстарды бағалаудың өлшемі – адамның игілігі. Теңдік, әділеттік, адамгершілік (адамшылық) – қоғамдағы қатынастардың нормасы болуы тиіс.

Тәрбиенің ізгілік парадигмалары өзінің гумандық мәнімен сипатталады. Балаға құрмет пен махаббат, оның шығармашылық күштеріне оптимистік сену, мәжбүрлеуге жол бермеуді насихаттайды.

Балаға гумандық-тұлғалық тұрғыдан қатынас:



  • мектеп тәрбие жұмысының орталығына біртұтас тұлғаның сапаларының бүкіл жиынтығын қояды. Педагогтар, педагогтар ұжымы, білім беру ұйымы жұмысының сапасы жеке тұлғаның дамуымен өлшенеді.

  • Мектептің басты міндеті – баланың ішкі күш мен мүмкіндіктерін ояту, өмірге келтіру, оның толығырақ және еркін дамуына пайдалану.

Балаға деген гумандық-тұлғалық қатынас тұлғаға бағдарланған педагогикалық технологиялардың негізіне жатады. Оның негізгі идеялары.

  • Оқу-тәрбие үдерісінің тұлғаға бағдарланғандығы, тұлғаға білім берудың мақсаты ретінде жаңа көзқарас;

  • педагогикалық қатынастарды ізгілендіру;

  • тікелей мәжбүрлеу /еріксіз көндіру, зорлық әдісінен бас тарту;

  • даралық тәсілді жаңаша түсіндіру;

  • ұнамды Мен-тұжырымдаманы қалыптастыру (тұлғаның өзі туралы саналы және санасыз түсініктері,. Жағымды Мен тұжырымдама - Мен ұнаймын, МЕН қабілеттімін, МЕН керекпін) табысты іс-әрекетке, жетістікке, тұлғаның ұнамды көріністеріне әкеледі).

«Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар.

Тәрбие теориясын парадигмалық көзқараспен қарастыру үлкен қызығушылықты туындатады. Томас Сэмюэл Кун (Thomas Samuel Kuhn, 1922-1996) пікірінше, ғылымның дамуы ғылыми парадигмалардың ауысуымен тікелей байланысты.

Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:

1. Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);

2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);

3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);

4. Технократтық;

5. Эзотерикалық.

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.

Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс - әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс - әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.

Тәрбие парадигмаларының түрлері бірнеше теориялар және тұжырымдамалармен өзара байланысты. Әрқайсысын жеке қарастырып көрелік.

Авторитарлық тәрбие парадигмасы. Дәстүрлі қоғам тәрбиесінің сипаттамалық белгісін көрсететін ескі парадигма. Ең негізгі белгісі тәлімгер мен тәрбиеленуші арасындағы бір жақты байланыс, біріншісі әрдайым шыншыл, екіншісі оған сенуі тиіс және оның ізімен жүргені абзал. Бұл тәрбиелеу моделінің маңызды қызметі білім, әлеуметтік құндылықтар мен өмір тәжірибесінің ұрпақтан ұрпаққа берілуінде жатыр.

Аталмыш парадигманың ойлары неміс философы және педагогы Иоганн Фридрих Гербарт (Johann Friedrich Herbart, 1776-1841) еңбектері арқылы көрініс табады. Оның пікіріндегі тәрбиенің басты мақсаты этикалық ойлар тұрғысындағы ерік үндестігі мен көпқырлы мүдде дағдылануында жатыр.

Табиғатқа ұқсаушылық тәрбие парадигмасы. Бұл дәстүрлі педагогика ретінде саналатын авторитарлық тәрбиеге қарама-қайшы алғашқы жауап. Мұның негізгі идеялары Я.А.Коменскийдің төмендегі пікірлерімен өзара байланысты: біріншіден, тәрбие әмбебап және ол қауымдық тосқауылдармен анықталмайды; екіншіден, тәрбие адамзат табиғатымен сәйкес келуі тиіс «табиғат күрделі және тәрбиелеуді қиындатады); үшіншіден, әмбебап тәрбие үшін әмбебап мұғалімдер қажет (әрбір адамды жетілдіру үшін, шебер басшылық керек).

ХХ ғасырдың басында аталмыш парадигма жанданып, швед жазушысы және педагогы Эллен Каролина Софья Кей (Ellen Karolina Sofia Key, 1849-1926) еркіндікте тәрбиелеу тұжырымдамасын айқындады. «Нәресте ғасыры» (Век ребенка», 1905, 326 б., «Barnets århundrade») кітабында балалар еркіндікте даму құқығын иеленуі жөнінде баяндалады.

Замандастар ұжымындағы тәрбие парадигмасы. Ұжым - тәрбиенің кеңестік ресми жүйесіне қажетті ұғым ретінде өзінің ғылыми мағынасын жоғалтып, тек идеология құралы саналды. Ол кезеңде ұжым социализм кемел болашаққа апарар жол болса, индивидуализм - капитализмнің адамзатқа жасалған қатері есептелді. Осындай жұтаң ұстанымдар деңгейінде көптеген елдердің ресми педагогикасы құрылды.

Бірақ ұжым ұғымы социализм идеясымен бірге келді деу қате пікір. Капиталистік қоғам берілген парадигма бойынша тәрбие жүргізу қызметін «скаутинг» (Scouting) арқылы түсіндіре аламыз.

Ұсынылып отырған мәселе төңірегіндегі тәжірибелі жұмыс нәтижелерін польша педагогы Януш Корчак (Janusz Korczak, 1878-1942) және орыс педагогы Антон Макаренко (1888-1939) көрсете білді. Бүгінде көптеген ғалымдар А.С. Макаренконың тоталитарлық қоғам азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған жүйені қалыптастырды және оның жүйесінде еркін адам жоқ деген пікір білдіреді. Бүгінде ғалым еңбектеріне Ресей көрсете алмаған құрметті Германия танытты. Германияның әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік жұмысшылары арасында еңбектері кең тараған. А.С. Макаренконың барлық еңбектері неміс тіліндегі кеңейтілген түсіндірмелері жарық көрді. Оның құрған тәрбие моделі тәжірибеде өз жемісін де беріп жатыр.

Бір бағытта қызмет атқаратын ұжымға сүйеніш тәрбиенің көптеген міндеттері мәселелерін шешті. Бұл жүйе жаңа шарттарға оңай дағдыланады. Бұл парадигма идеясы барысында балалардың өмірлік әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі туралы да айтуға болады.

Қатерлі қоғамдағы жеке өмір сүру парадигмасы. Бұл парадигма әлі толықтай қалыптасып үлгермеуімен қатар, оның нақты сипаттамалық анықтамасы жоқ. Десек те, қазіргі жаһандық процестер, оның артықшылықтары мен қатерлерімен өзара байланысты адамзаттың жаңа кезеңдегі өмірінің көрінісін айшықтайтындығын болжауға болады. Оның теориялық негіздемесінің дайындығына постмодернизм ықпал ететіндігі де анық.

Қатерлі қоғам тұжырымдамасының сипаттамалық белгілерін танымал европалық әлеуметтанушылар Ульрих Бек (Ulrich Beck, 1944) және Энтони Гидденс (Anthony Giddens, 1938) еңбектерінен көруге болады. У.Бектің пікірінше, қатерлі қоғам дәстүрлі қоғам аяқталғанда, дәстүрдің реттеу рөлі жоғалғанда басталады.

Неміс философы және әлеуметтанушысы Юрген Хабермас (Jürgen Habermas, 1929) төмендегідей пікір ұсынады: «Қоғамда моральды-саяси автономия санасы дамуда. Бұл біздің дәстүрге, дінге, көсем беделіне сүйене алмайтындығымызды көрсетеді және дұрыс пен бұрыс айырмашылығын өзіміз анықтауы қажеттілігін танытады. Бұл үшін бізде тек жеке өлшемдері ғана бар. Адам осы өзгерісі мол шындықта өзін-өзі сақтау үшін «толық жеке өмірлік жоспарын» құрады. Демек, бұл парадигманың негізгі мазмұны бүгінгі күнде ата-ана, тәлімгерлер, әлде, «үйдің үлкені» (ағасы) тәрбиесі арқылы орын алатындығын анықтауда жатқан секілді.

Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегйінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

«Тәрбие» ұғымы тар мағынада «Тәрбиеші тәрбиелейді», кең мағынада «Өмір тәрбиелейді» деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:

– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.

– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

Сонымен тəрбие – бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.

Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:

«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.

«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.

«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.

«Арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.

«Тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.

Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші ұсынылған тәрбиені алып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен тəрбие - бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.

Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:

- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу (общение):

- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;

- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.

4. Тәрбие үдерісінің қағидалары: гумандық бағыттылығы, жалпы адамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық ұлттық.

Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты, жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет