3.Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың түрлері.
Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері. 1 Баланың отбасына бару. Сынып жетекшісі отбасына бармас бұрын міндетті түрде мақсат қоюы керек, мысалы отбасымен танысу. 2 Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу сынып жетекші үшін өте маңызды. Отбасына бармас бұрын бұл жөнінде ескерту керек. 3 Ата – ананы мектепке шақырту. Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес ата – ананы мектепке шақырту бала тәрбиесі жөнінде пікір тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай – ақ ата – аналар түрлі шараларға тәрбиелі сағаттарға қатысу үшінде де шақырылады. 4 Ата – аналар жиналысында тәртіппен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата – аналар жиналысы белгілі бір тақырыппен пікір алмасу тұрғысында болуы керек. 5 Ашық сабақтар. Ата – аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ашық сабақтар қатысуға мүмкіндік беру керек тоқсанына 1 – 2 рет. Баланың өмірі барлық саласында белсенді ақыл - ой шығармашылық іс - әрекетке қабілетті еркін тұлға ретінде тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылдық тәрбие жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтармен ата- аналардың өзара әрекетінің арқасында оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін шешуге болады. 6.Педагогикалық пікірталас: Педагогикалық мәдениетті көтерудің, ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды бөлігі – талқы. Пікірталастың негізгі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?», т.б.
7. Рөлдік ойындар. Ата-аналардың педагогикалықбіліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-ірекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әртүрлі болады: «Таңертең сіздің үйде», «бала мектептен келді», «Отбасы кеңесі», т.б.
8 Ата-аналармен өткізілетін конференциялар.Белгілібір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.
9. Ата-аналар комитетімектепішілік болып және әрбірсыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара мынандай міндеткерліктерді бөліп атқарады.
1) Төраға.
- Ата-аналар алқасын ұйымдастырады, жоспар
құрады.
- Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға қатысады.
2. Қазынашы (казначей).
- Ата-аналардан сынып ұжымы үшін жарна жинау.
- Сынып жетекшісімен біріге отырып шығын сметасын жасау.
- Жұмсалған қаражат жөнінде ата-аналар алдында есеп беру.
3. Оқу процесіне жауапты адам. Балалардың сабақтарына қатысу. Қажеттікітаптар мен көрнекіліктер алуға көмектесу. Үлгермеуші оқушыларға көмектесу. Сыныпта, сабақтан тыс уақыттарда саналы тәртіп орнату.
4. Шаруашылық жұмысқа жауапты адам. Сыныптың тазалығын сақтау.Сыныпқа қажетті шаруашылық заттарын алуға көмектесу.
5. Мәдени шараларға жауапты адам. Экскурсия, жорық, саяхат,үйірмелер, кештер ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары:
Сынып жетекшісі оқу жылы бойына 4-реттен аса жиналыс өткізуі қажет. 1-ші ата-аналар жиналысы қыркүйек айының алғашқы жартысында өтеді. Бұл ұйымдастырушылық сипатта болады. 2-3-ші жиналыстар белгілі тақырыппен өткізіледі. Мысалы, мынандай тақырыптарды алуға болады.
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру.
- Отбасындағы қайшылықты жою жолдары.
- Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
- Баланы өмірге қалай дайындауға болады?
- Баланың кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
- Ата-аналар жиналысы жыл қорытындысы бойынша да өткізіледі. Бұлата-аналар жиналысын балалармен бірге мереке түрінде өткізуге болады. Балаларға мадақтау беріліп, ата-аналарға алғыс жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |