Бірінші талап – әдістер қазіргі мектептегі оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталуға тиісті. Білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын рөлі ерекше.
Екінші талап: әдістер оқытудың тәрбиелік ықпалын арттыруға көмектеседі. Балалардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымның қалыптасуына оқыту әдістерінің жасайтын ықпалы зор.
Үшінші талап: мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылым әдістерінің элементтерімен таныстыруға міндетті.
Төртінші талап: оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бесінші талап: мұғалімнің әдістерді қолдануды шеберлігіне озат педагогтардың, жаңашыл мұғалімдердің іс тәжірибесінен үйреніп отыруы пайдалы.
2.Тіл мәдениеті мен стилистика әдістемесі.
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нәтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын реттейді. Стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары стилистикалық ресурстар ( мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те аталады. Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика және дара (индивидуалдық) стилистика болып бөлінуі.
Жалпы стилистика тілдің қай топқа, қай класқа жататынына қарамастан, тіл атауларына ортақ стилистикалық пробремалар мен мәселелерді қозғайды.
Салыстырмалы – салғастырмалы стилистика әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктердің болатыны сияқты, тілдік құралдардың қолданылуына да бір заңдылыққа бағына бермейтіндігі туралы.Стилистиканың салыстырмалы және салғастырмалы түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Екі сөзден біріккен атауды (салыстырмалы - салғастырмалы) контрасивтік стилистика қатарына жатқызушылық. Контрасивтіліктің жайы сәл басқаша екенін айта кету жөн болар. Мұндайй жағдайда көбіне – көп салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі стильдік құралдардың жұмсалу реттерінде айырмашылықтарға, қарама-қайшылықтар мен қарама-қарсылықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардың арасындағы жақындық пен ұқсастықты зерттеуді басқа ізденушілердің міндеті болып саналуы.
Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистиканың бір-бірінен айырымдарына келетін болсақ, мынадай жайды ескеру қажеттілігі.Салыстырмалы стилистикада туыстығы алыс тілдердің стилистикалық немесе стильдік құбылыстары жарыстырыла сөз болады.Мәселен, ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің стилистикалық қызметі немесе неміс тілі мен қырғыз тіліндегі зат есім сөздердің қолданылысы т.с.с. зерттеу жұмыстары осы салаға жатқыза отырып зерттеу әдістері.
Салғастырмалы стилистика туыстығы жақын тілдердің фактылары негізінде стлистикалық зерттеу жұмыстарын қамтитындығы. Мәселен, қазақ және қырғыз тілдеріндегі сын есімнің стилистикасы немесе түрік және әзірбайжан тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қолданылуы т.с.с. мәселелер туралы зерттеу еңбектердің маңызы.
Салыстырмалы –салғастырмалы деп қоса –қабат айтылуы да тегін емес. Бұл салада да зерттеулер баршылық. Мәселен, неміс, иқырғыз және қазақ тілдеріндегі синонимдердің стилистикалық қызметі немесе ағылшын, француз және өзбек, түрік тілдеріндегі метафоралардың қолданылуы жайлы сөз болатын зерттеулерді осы тұрғыдағы еңбектер. Ол арқылы ұлттық стильдік жүйенің ероекшеліктерін анықтау қажеттілігі.
Ішінара стилистика нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтереді. Қазіргі пайдаланып жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, неміс тілдері стилистиканың оқулықтары мен іргелі зерттеулер мұның мысалы болып табылады.
Дара немесе индивуальдық стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына , айталық. «Қорғансыздың күніне» арналса, ол ізденістен осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сондай –ақ кеңсе қағазының тіл туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. жөніндегі үлкенді –кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататын қарастыру.
Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стлистика мен тіл ярустары стилистикасы.
Функциональдық стилистиканы екінші бір ретте қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп те атайды. Қалай болғанда да, стилстиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, мәтіннің құрылымы ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданып, тыңдарманға немесе оқырманға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бұл жеке шығарма ұғымының барынша кең мағынада екенін еске сала кетейік) болмысында саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, қателіктер бола беруі әбден мүмкін. Функциональдық стилистика мәселенің бұл жағына да назар аударады, демек, ол олқылықты қалай толтырудың, кешің тұстарды қалай түзеудің жолдарын көрсету қызметі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |