1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Модульдік оқыту технологиясы: мәні мен түсінігі



бет8/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134
емтихан

3. Модульдік оқыту технологиясы: мәні мен түсінігі. Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Модульдік технологияның мүмкіндігі: Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы. “Модульдік оқыту технологиясы” деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда “толық меңгеру” әдітемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 – жылдары американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Ал, М.Жанпейісова ұсынған нұсқада мұғалім әрекетінің кезектілігі сәл өзгеше:

  • Оқушыларды оқу мақсатттарымен таныстыру.

  • Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктарды оқыту модулімен сыныпты таныстыру.

  • Мұғалім таңбалар жүйесімен берілген сызба, кесте, таблицалар т.с.с.қолдана отырып, материалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге, іздеуге жетелейді.

  • Диалогтық қарым-қатынасқа негізделген оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, әр сабақтағы әр оқушының іс-әрекет нәтижесін бағалау.

  • Оқу материалына 4-7 рет қайта орала отырып, жалпы тақырыпқа, тарауға жету.

  • Өтілген тақырып бойынша тестілеу жүргізу.

  • Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша сынақ, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы Оқу модулінің өз құрамы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену).

  2. Диалогиялық сұхбат бөлімі (көбіне сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру).

  3. Қорытынды бөлім (бақылау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет