1-лекция. АгрОМЕтЕОрОлОгИЯ туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар
Мақсаты: Климат пен ауа райы жағдайларының ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай бiлуін және оны шаруашылықта қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: агрометеорология, климат, ауа-райы.
Дәріс жоспары:
1. Агрометеорология пәнi
2. Агрометеорологияның негiзгi мақсаттары
3. Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi
Агрометеорология пәнi – климат пен ауа райының ауылшаруашылық өндiрiсiне тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым.
Студенттерге агрометеорология жөнiндегi бiлiм мынандай жағдайларда қажет болады: а) арнайы мамандық пәндердi оқып үйренуде; ә) курстық жұмыстарды орындауда; б) диплом жұмысында, магистратурада эксперименттiк зерттеулер жүргiзу және т.б.
Мұндай бiлiм мамандарға қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы жағдайларына дұрыс бағалай бiлу үшiн қажет. Өйткенi ауа-райына, оның өзгеруiне көңiл бөлiп, ол өзгерiстердiң:
1. Ауылшаруашылық дақылдарының өнiп-өсуiне;
2. Ауылшаруашылық дақылдарын аурулары мен зиянкестерiнiң пайда болуы мен таралуына;
3. Микроорганизмдердiң дамуына;
4. Топырақ құрамының қалыптасу үрдiсiне және т.б. жағдайларға тигiзетiн әсерiн бақылап отыру қажет.
Негiзгi мақсаты ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай бiлу. Өйткенi дақылдардың географиялық таралуы мен орналасуы, себу мерзiмi, қолданылатын агротехника мен егiс айналымы, ең соңында өнiм алу климат пен ауа райына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |