Дәріс №13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары Мақсаты



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі23.83 Kb.
#458460
  1   2   3   4
Д ріс №13 Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыст


Дәріс №13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары
Мақсаты: Балалардың қоғамдық бірлестігінің пайда болуы, оның түрлері, бағыттары мен басты мақсаттарын ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1. Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты
2. Балалардың қоғамдық бірлестігінің типтері
3. Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы
Негізгі ұғымдар: балалар бірлестігі, балалар-жастар ынтасы, әлеуметтену, субмәдениет, балалар субмәдениеті, шығармашылық бірлестіктер, формалды емес бірлестіктер, педагогикалық қолдау, даму, бос уақыттағы іс-әрекет, клубтық бірлестік.
Глоссарий: Сенім – адамның ерік – жігерін, оның бір – біріне қарым –қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Балалардың қоғамдық бірлестігігі - ең алдымен ұйымдастырушы, өзін – өзі басқарушы, балалардың сұранысын, қажеттілігін, мұқтаждарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық.
1. Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым–қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналысатын іс–әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір-біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні болмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы екінші жаққа өз тағдырын тапсырады. Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс–әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады. Олай болса, балалардың және жеткіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Жастар қозғалысы ол дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Кеңес Одағының тарауымен 1990 жылы Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне орай, балалар мен жас жеткіншектердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдері тоқтатылды. Бұл жағдай мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңа сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы обылысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларда үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда. Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттар» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді. (шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл болды. Скаутизм – ағылшын тілінде SCОТ, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді. 1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды. 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918 – 20 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. (19 мамыр 1922 жылы) Оның мақсаты – жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 70 жылдай уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең-кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет