1. Биологиялық активті заттар, ферменттер, витаминдер алу


Тағам биотехнологиясының даму тарихы



бет2/9
Дата13.01.2023
өлшемі34.97 Kb.
#468362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lektsiya 1

1.1. Тағам биотехнологиясының даму тарихы
Биотехнологияның тарихына келсек, онда оның көне заманнаң басталатынын ескерген жөн. Адамзат тағам өнімдерін дайындау тәсілдерін ерте заманнан қолданады. Мысалы, сүт өнімдері: ірімшік, сүзбе, қатық, құрт, шұбат, қымыз, ішімдіктер: сыра, боза, шарап, спирт, коньяк және т.б. тағамдар. Сыра ашыту біздің эрамыздан 700 жыл бұрын Вавилонда болған, Арменияда IV ғасырда, Римде ХІ-ХІІ ғғ. басталған.
Бұлардың бәрі микроорганизмдердің тіршілігіне негізделген ежелгі өнімдер. Олар біртіндеп ірі-ірі техникалық өндірістерге айналды.
XIX ғасырдың аяғында көптеген елдерде органикалық қышқылдарды микроорганизмдер арқылы алу жұмыстары істеле бастады.
1929 жылдың аяғында лимон қышқылын өндіретін микробиологиялық өнеркәсіп жұмыс істей бастады. Одан кейін сүт қышқылын, глюкон қышқылын т.б.органикалық қышқылдарды микроорганизмдер арқылы өндіретін өнеркәсіптер ұйымдастырылды. Бұл өнеркәсіптер тиімді болды да, басқа химиялық үдерістерді ығыстыра бастады.
Ресейде 1920 жылы В.Н.Шапошниковтың басқаруымен микробиология-лық жолмен сүт, май қышқылдарын өндіру, ал 30 жылы ацетон, бутил спиртін өндіру жолға қойылды. 1925 жылы Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов рентгек сәулесінің микроорганизмдерге мутагендік әсерін ашты, оның маңызы жоғары активті объектілер алуда зор болды.
Көп ғасырлар бойы адам қоғамы технологияда қолданылатын ғылыми негіздерді білмей-ақ, бірақ үлкен тәжірибелеріне сүйене отырып, сүт қышқылды өнімдерді алуда, шарап және сыра, нан пісіруде микробиологиялық үдерістерді қолданған.
Микробиологиялық үдерістердің ғылымдық негізін Л. Пастер (1822-1895 жж.) ашқан, атап айтқанда айқын тәжірибелерде дәлелденген, яғни ашу және шіру - бұл химиялық реакциялар тізбегі емес, ол субстратқа микроорганизм-дердің әртүрлі топтарының әсер етуі және микробиологиялық үрдістер нәтижесінде - микроорганизм түріне байланысты ашу кезінде органикалық қышқылдар (майды, сүтті, пропиондь жэне басқалары) мен спирттің жиналуы. Осыдан спирттік, майқышқылды сүтқышқылды, пропионқышқыл-ды ашу болады. М. М. Манасейн (1872ж. спирттік ашудың тірі организмдер болмаса да болатындығын көрсетті.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихын ғылыми пән ретінді қарастырған голланд ғалымы Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты:
1. Пастер гасырына дейінгі эра (1865 ж.). Сыра, шарап, нан өнімдер және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
2. Пастер гасырлық кезеңі (1866-1940 жж.) - этанол, бутанол, ацетол, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960 жж.) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дакылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.
4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975 жж.) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
5. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 ж. бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет