1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —


«Иммобилизацияланған ферменттер» ұғымына анықтама беріңіз. Ферменттерді иммобилизациялау әдістерін атаңыз және оларды сипаттаңыз



бет16/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Биотех читать

16. «Иммобилизацияланған ферменттер» ұғымына анықтама беріңіз. Ферменттерді иммобилизациялау әдістерін атаңыз және оларды сипаттаңыз.
Иммобилизация – бұл ферментті қандайда бір ерімейтін тұтынушыға (носитель) бекіту. Фермент ерітіндімен субстрат жəне өнімнің молекулаларымен алмаса алады. Бұл əдіске жоғары баға беруге болады. Біріншіден, мұндай иммобилизацияланған ферментті бөліп алуға жəне бірнеше рет қолдану мүмкідігі бар. Екіншіден, мұндай фермент ұзақ уақыт бойына белсенділігін жоғалтпайды.
Фермент иммобилизациясының əдістері. Ферментті тұтынушыға (носитель) бекітудің бірнеше əдістері бар:
1. Тұтынушыдағы адсорбция – тұтынушы ретінде неорганикалық материалдар (шыны, силикагель, бентонит, аллюминий оксиді, титан диоксиді т.б.), табиғи полимерлер (целлюлоза, коллаген), синтетикалық полимер (нейлон, полиэтилен, полипропилен) қолданылады. Биокатализатор жəне тұтынушы арасындағы байланыстың мехенизмі жəне беріктігі əртүрлі, жай химиялық ковалентті байланыстан физикалық адсорбцияға дейін.
2. Агар-агар, альгинат, карагинан геліне қосылу. Фермент молекулалары гельдің тесіктеріне (пора) кіріп алады. Субстрат жəне реакция өнімінің молекулаларымолекулалық диффузия арқасында гельге енеді.
3. Бифункциональдық реагенттердің көмегімен фермент молекулаларының көлденең «тігісі»(«сшивка»). Ерітіндіде фермент молекулалары еркін орналасады, белгілі бір реагенттердің көмегімен өзара əртүрлі бөліктерімен байланысады. Белсенді фермент молекулалары бар кеңістіктік қоспа пайда болады, субстрат жəне реакция өнімі молекулаларының диффузиясы үшін ыңғайлы кеңістік туады.
4. Жартылайөткізгіш капсулаларға қосылу. Капсула ішінде ферменттің коллоидтық ерітіндісі болады. Капсуланың сыртқы қабығы айтарлықтай мықты, ферментті өткізбейді, бірақ өнім мен субстратты өткізеді.
5. Фермент сополимеризациясы жəне полимер-тұтынушы. Гельге енгізуді елестетеді, бірақ матрица полифункциональды реагент жəне фермент сополимеризациясы жолымен түзіледі. (фермент геьдің «жасушасында» ғана орналасып қоймай, сондай-ақ онымен байланысқан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет