1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Дамыта оқыту технологиясы. Проблемалық және эвристикалық оқыту технологиялары



бет25/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

37. Дамыта оқыту технологиясы. Проблемалық және эвристикалық оқыту технологиялары.
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).
Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істей алу үшін мұғалімге не қажет? Бұл технолгияның өзі дамушы білім беру кеңістігіндегі арнайы ұйымдастыруды ұсынады. Әдіскердің міндеті әр түрлі бағыттарды меңгеру үшін жағдайлар құру, әдіснамалық әдебиеттердің көп түрлілігіне педагогтарды бейімдеу. Дамыта оқыту жүйесін меңгеруде арнайы тәжірибелер бар мұғалімдерге жиі туындайтын бірталай мәселелер қатары берілген:

  1. Көптеген сұрақтарда жоғары білімділік таныту үшін, мұғалімдерге білім көлемі жеткіліксіз, өйткені сабақ шеңберінен шығу байқалады: материалдың көптігі, оның жан-жақтылығы, пәнаралық байланысы.

  2. Дамыта оқытуға сай, мұғалім жұмыс жағдайын құра алмайды. Сабақ мазмұнындағы тапсырмалардың құнды мүмкіндіктерін көрмейді, шындықты анықтауға, талқылауға сыныпты жұмылдырмайды.

  3. Сабақтың кіріспе бөлімі жиі бұзылады, өйткені оқу мазмұнының мағынасы толық мойындалмаған, оқушылардың өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алатын сезім ортасына шығу жоқ.

  4. Мұғалімдер оқулықтарға, бағдарламаларға сенбей көбінде өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сеніп, жұмыс стилін өзгертіп, дәстүрлі әдісті енгізеді де жаңа жүйе бойынша жұмыстың ерекшелігін мойындамайды.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет