Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп
Мектептегі дәстүрлі 45 минут мұғалімнің іс-әрекетіне негізделген. Менің күнделікті өткізетін дәстүрлі сабағымды өткізу барысында сабақ сұраймын, жаңа тақырыпты түсіндіремін, 5-6 оқушыны бағалаймын, оқушыларға өздерінің білім дәрежесіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беріп шектелетін сияқтымын. Мұндай білім аясы тар, көбінесе ойлаудың төменгі деңгейін ғана қамтамасыз ететінін байқадым. Мен үшін білім жетілдірудің 3- айлық курсында мәлімет алған жеті модуль идеялары менің мектептегі іс-тәжірибеме үлкен өзгеріс әкелді. Сабақ барысында қолдану осы жеті модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілі оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруына жетелейді. Осы орайда сыни тұрғыдан ойлау модулінің басты міндеті- мұғалімнен өз сабақтарында оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпалдастырып ұйымдастыруды талап етеді. Мектептегі тәжірибе кезінде философ Конфуцийдің « Естідім- ұмыттым, көрдім- есте сақтадым, қолдандым-үйрендім» деген қағида маған үлкен негіз болды, себебі тәжірибе кезіндегі жеті модуль идеяларын пайдаланып өткізген сабақтар барысында оқушылардың өз бетінше білім алуы маңызды. Менің іс-тәжірибедегі бақылауға алған сыныбым қазақ әдебиеті пәнінен 5- сынып оқушылары. Сабақты бастамас бұрын оқушылардан «Өлең оқи білеміз бе ?» тақырыпта эссе жазуларын ұсындым . Бірақ жазбас бұрын мен оқушылардың пікірін сұрадым. Сол кезде оқушылар өз ойларын әр түрлі айта білді. А тобындағы оқушы бірден келісті. Себебі дарынды – оқушы зияткерлік пайымдауы мен қиялы ерекше дамыған тұлға. Б В деңгейінің оқушылары ойым тиянақсыз, жазған өлеңімнің ұйқасы келмейтінін, оған Сіз де, оқушыларда мардымсыз жауапқа қанағаттанбайсыз, менің ойым бір сарында ғана болып қала береді, өлең жазбай-ақ жаттап алып, оқып әңгімелеп те жақсы баға ала аламын деген пікірлерін ашық айтты. Осындай пікірлерден кейін мен жақсы нәтиже бірден болмайтынына сенімді болдым. Алайда оқушыларды үйретуім кезінде көптеген қиындықтарды жеңіп шығу керек сәтте «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің көмегімен іске асыру дұрыс деп шештім.Оқушылардың жауабын оқи отырып, олардың өлеңмен жазылған шығармаларды тек жаттап алу деп ұғатынын , өлеңнің мағынасын терең түсіне алмайтындығын байқадым. Нәтижесінде жаттап алатындар-11 оқушы, мағынасын терең түсінетіндер- 4 оқушы ғана екені анықталды. Бұл 4 оқушы өзіндік ойларын өлеңге өрбіте білген шығармашылыққа бейім оқушылар. Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы қазақ әдебиеті пәнін оқыту – оқушының сыни тұрғыдан ойлаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыта, әдеби шығармалардың мән-мәтінін саналы оймен қабылдауды көздейді. Сабақ барысында оқушылар алған білімдерін саналы түрде естеріне сақтамайды, мұғалім тапсырмасын орындап қана қойып, өз беттерінше ізденуге талпынбайды, сондықтан басқаша әдіс-тәсіл қолдану керек екен деген тоқтамға келдім. Осындай ойлардан кейін сабақ жоспарыма өзгерісті Кембридж университетінің білім беру факультетінің ұсынған модульдардың бірнеше әдістерін кіріктіре Күләш Ахметованың «Қазағым менің» атты тақырыбында сабақ өткізуді жөн көрдім. Ондағы тапсырмалар Қазақ әдебиет сабағында оқушы шығармашылық қабілетін дамытуда Блум таксаномиясының әдісі бойынша сатылай берілген. Сабағымның нәтижесінде оқушылардың «қазағым менің»өлеңі арқылы туған өлкемнің шежіресін , тарихын түсініп, сол алған білімді қабылдау арқылы қазақ елінің құндылығын анықтауға, өз ой толғанысын айтуға, тағы басқа қазақ еліне туралы өлеңдерді ізденіп, басқа ақындардың өлеңімен салыстыра ойлау деңгейлерін дамытуға, өзіндік ой пікірін білдіруге жетелеу арқылы сабағымның мақсатына жеттім деген ойдамын. Сабақтың басында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан топтардың басшыларына бағалау парағының төмендегі критерийлері таныстырылды. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылатынын ескертіп «5» -7 балл,»4» -6 балл, »3» -5 балл, »2» -4 балл бағалау парағын балдық жүйесімен таныстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |