1 Дәріс: Нақты-әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу әдістері мен техникасы



бет1/5
Дата02.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504245
  1   2   3   4   5
әлеуметтану 1


1 Дәріс: Нақты-әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу әдістері мен техникасы:
1. Әлеуметтанулық зерттеудің түсінігі, кезеңдері мен түрлері.
2. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері.
3. Таңдамалы әдіс және оның негізгі түрлері.
Әлеуметтанудың пайда болуы.
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды.
Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды.
Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды. Ол осы саланың негізін салушы болып саналады.
1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым.
Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі.
Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді.
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды.
Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Карл Маркс (1818-1883) Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген.
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі - оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды.
Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликтерді өршітуден және байларды әлсіретіп, жүмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет