п.ғ.м., оқытушы Адасканова Жадыра Кайратовна adaskanova.zh@qyzpu.edu.kz
Жоспар:
1. Психология пәні және оның міндеттері
2. Психология ғылымының даму тарихы
3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
4. Психология ғылымының зерттеу әдістері
Психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ). Психология жан туралы ғылым ретінде.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Психологияның даму кезеңдері:
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді?
Ағылшын ғалымы Джон Локк Адам туғанда оның психикасы – «табула расса» (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Ағылшын ғалымы Джон Локк Адам туғанда оның психикасы – «табула расса» (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Психология ғылымын ғылымын оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиеттер; 3)психикалық қалып. 1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т.б. компоненттері. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары Еңбек психологиясы, инженерлік психология, арнайы психология, заң психологиясы, зоологиялық психология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, медициналық психология, әскери психология, спорт психологиясы, даму психологиясы, ғарыш психологиясы, өнер психологиясы, әлеуметтік психология, басқару психологиясы.
Психология әдістері:
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді). 2. Эмпирикалық әдістер: Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау).
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |