1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 8.
B) 6.
C) 10.
D) 7.
E) 12.
|
2. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Қазақтың тілі.
B) Құрбы-құрдас.
C) Жезтырнақ.
D) Ашудас.
E) Көкшіл.
|
3. Күрделі зат есімдерді белгілеңіз.
A) Оқушы, білім.
B) Ауыл, арба.
C) Өнеркәсіп, қызыл отау.
D) Көрме, теңіз.
E) Көңіл, күлкі.
|
4. Жинақтық сан есiмді анықтаңыз.
A) Үштен бір.
B) Үштік.
C) Үш үштен.
D) Үшеу.
E) Үшінші.
|
5. “Гөрі, үшін, сайын” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Жалғаулық.
B) Тәуелдік.
C) Жіктік.
D) Демеулік.
E) Септеулік.
|
6. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Саяжай.
B) Бетеге.
C) Маржан.
D) Адырна.
E) Шаңырақ.
|
7. Дұрыс жазылған сөздi белгілеңіз.
A) Модельi.
B) Модельдi.
C) Моделде.
D) Моделмен.
E) Моделге.
|
8. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) е
B) ь
C) щ
D) ә
E) к
|
9. Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
A) Білімсек.
B) Білгер.
C) Білек.
D) Білгек.
E) Білгіш.
|
10. Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.
A) Дара.
B) Алтын.
C) Әнуар.
D) Көртышқан.
E) Жасыл.
|
11. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) Ешкім.
B) Қайсыбір.
C) Әлдекім.
D) Кімдер.
E) Кімде-кім.
|
12. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Әкелмессің.
B) Әкелді.
C) Әкелерсің.
D) Әкелгейсің.
E) Әкелсін.
|
13. Мақалды аяқтаңыз.
Ер қанаты - ....
A) табандылық.
B) ат.
C) серігі.
D) жылқы.
E) қару.
|
14. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.
A) Қоғамдық-саяси әдебиет.
B) Көркем шығарма.
C) Газет-журнал тілі.
D) Ғылыми шығармалар.
E) Өтініш, сенімхат, қолхат.
|
15. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.
A) Ақылың аз, ашуың көп болса - қор боласың.
B) Адал достық алтыннан да қымбат.
C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
D) Ашуың келсе, қолың тарт.
E) Татулық - табылмас бақыт.
|
16. Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз.
A) Екпін дейміз.
B) Орфоэпия дейміз.
C) Дыбыс үндестігі дейміз.
D) Орфография дейміз.
E) Сингармонизм дейміз.
|
17. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Үп-үлкен.
B) Тым әдемі.
C) Көгірек.
D) Қалпақты.
E) Өте жақсы.
|
18. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Баяндауыш.
B) Айқындауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.
|
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
B) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
C) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
D) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.
E) Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.
|
20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
A) Көп сағындырдың ғой, қуатым!
B) Көп сағындырдың ғой: қуатым!
C) Көп сағындырдың ғой - қуатым!
D) Көп, сағындырдың ғой қуатым!
E) Көп, сағындырдың ғой - қуатым!
|
21. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.
A) Жүзі бал-бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім.
B) Жүзі бал-бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол.
C) - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал-бұл жанып.
D) - Мен, - деді ол түрі бал-бұл жанып, - сізге қонаққа келдім.
E) Жүзі бал-бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты.
|
22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) –Армысыз ардақты ата?
B) –Армысыз, ардақты ата!
C) –Армысыз ардақты, ата?!
D) –Армысыз, ардақты, ата.
E) –Армысыз ардақты ата.
|
23. Үтірдің қойылу себебін белгілеңі
Достарыңызбен бөлісу: |