1. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз.
A) Қатањ.
B) Дауысты.
C) Дауыссыз.
D) Үнді.
E) Ұяњ.
|
2. Күрделі зат есімді анықтаңыз.
A) Азық-түлік.
B) Тағамдар.
C) Нан.
D) Сушы.
E) Аспаз.
|
3. Сын есiм нені бiлдiретінін белгілеңіз.
A) Заттың атын.
B) Заттың ретiн.
C) Заттың сынын.
D) Заттың қимыл-әрекетiн.
E) Заттың санын.
|
4. Болжалдық сан есiмді анықтаңыз.
A) Қырық.
B) Он-оннан.
C) Отыз шақты.
D) Сегiзiншi.
E) Бiр жарым.
|
5. Кµсемшеніњ ж±рнаѓын белгілеңіз.
A) -ды, -ді, -ты, -ті.
B) -қалы, -келі, -ѓалы, -гелі.
C) -ма, -ме.
D) -атын, -етін, -йтын, -йтін.
E) -ар, -ер, -р.
|
6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған
жалғауды табыңыз.
A) Рульді.
B) Hольден.
C) Артельде.
D) Лагерьге.
E) Бинокльінен.
|
7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Құлұн.
B) Бүйрөк.
C) Жүрөк.
D) Құрық.
E) Қүйүк.
|
8. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
A) Көкқұтан.
B) Қосаяқ.
C) Жолбарыс.
D) Тасбақа.
E) Қарақұрт.
|
9. Туынды сөзді көрсетіңіз.
A) Соң.
B) Қызғылт.
C) Үсті.
D) Алыстан.
E) Қуырдақ.
|
10. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.
A) 250 қойлар.
B) Екі құрттар.
C) Студенттер.
D) Бірнеше кісілер.
E) Сүттер.
|
11. “Ешқандай, ешқайдан” сөздері тән қатарды белгілеңіз.
A) Үстеуші есім.
B) Белгісіздік есімдігі.
C) Болымсыз етістік.
D) Өздік етіс.
E) Болымсыздық есімдігі.
|
12. Қуанышты жасыруға болмайды.
Сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Атаулы.
B) Жақты.
C) Құрмалас.
D) Толымды.
E) Жақсыз.
|
13. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
B) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
C) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
D) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
E) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
|
14. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
B) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!
C) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.
D) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
E) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” - деді мұғалім.
|
15. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) От.
B) Өзек.
C) Кітап.
D) Орыс.
E) Қазы.
|
16. Синонимдік қатарды табыңыз.
A) Жақсы, тәуір, оңды.
B) Көкшіл, көгілдір, жасыл.
C) Кенет, тосын, мүлде.
D) Келесі, ендігі, бұрынғы.
E) Біреу, кейбіреу, әркім.
|
17. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Ендігәрі.
B) Биыл.
C) Әлдекім.
D) Шегара.
E) Былтыр.
|
18. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
A) Сен әкел(ме).
B) Сен сен(бе).
C) Жаман әдетке үйрен(бе)
D) Сенейін(бе), сенбейін(бе)
E) Өтірік айт(па).
|
19. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.
A) Ала тай.
B) Сегіз жас.
C) Сенің үйің.
D) Айтып бер.
E) Он жеті.
|
20. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Республика сарайы адамға лық толды.
B) Ұлжан – сыншыл адам.
C) Төрт жердегі төрт – он алты.
D) Келе жатқан – Жамал.
E) Оның еңбегі жанды.
|
21. Сапалық сын есім қатысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Көк аспан.
B) Он оқушы.
C) Ақылды адам.
D) Білгеннің пайдасы.
E) Малдың шөбі.
|
22. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
B) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
C) Айжан дүкенге кетті.
D) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
E) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
|
23. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.
A) Қыстырма сөз
B) Автор сөзі
C) Қаратпа сөз
D) Төл сөз
E) Төлеу сөз
|
24. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.
A) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
B) Ой санамалап айтылса.
C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
D) Оқиға толық айтылмай тоқталса.
E) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.
|
25. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Отаның мен халқыңа еңбек ет.
B) Өзі оңбаған ант ұрған.
C) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
D) Сексен түйе үстінде
Алтын жағлан орнаған
E) Ол жанын шүберекке түйді.
|
26. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.
A) Шарасыздан айтқанға келісті.
B) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
C) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
D) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.
|
27. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.
Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.
A) Түнеріп өтті.
B) Сұр жапалақ.
C) Қайта-қайта түнеріп.
D) Төбеден өтті.
E) Кеңк-кеңк етіп.
|
28. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз.
Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
A) Одағай сөз, қаратпа сөз.
B) Қаратпа, қыстырма.
C) Тек қана қыстырма сөз.
D) Қаратпа, шылау.
E) Қаратпа сөз, жалғау.
|
29. Драмалық шығармалардағы ремаркаларға (автордың түсіндірмелері) қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.
Амангелді. Миша! Жайнаққа Әкет машиналарыңды!
A) Сызықша.
B) Жақша.
C) Тырнақша.
D) Үтір.
E) Қос нүкте.
|
30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Ауызекі тіл.
B) Көркем әдебиет тілі.
C) Ғылыми тіл.
D) Публицистика тілі.
E) Ресми тіл.
|
|