1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет1/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)


,1.Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы.
Физиология — биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады. Адам мен мал организмдеріне тән фунциялар (қызметтер) мен үрдістердің тіршіліктік мәні мен маңызын айқындай отырып, физиология арнаулы мамандарды денсаулықты қорғау, организмді қатерлі (экстремальді) жағдайлардан сақтау т.б. шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетгі мағлұматтармен қамтамасыз етеді.
Физиология — грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы зандылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртұтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртұтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді затгардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау — өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алуды және оларды емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырудың, өнім сапасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп-бағудың, өсірудің, қоректендірудің биологиялық негізі.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір құбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік үрдістерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.
ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯ - ағзаның жасушалары мен ұлпаларына, мүшелеріне бірдей тән негізгі тіршілік әрекетінің табиғатын,қызметтерінің жалпы көрсеткіштерін,қасиеттерін зерттейді. Олардын сытқы және ішкі ортаның әр түрлі әсерлеріне жалпы жауабын тітіркену, қозу, тежелу т.б. құбылыстар туралы мәліметтерді қарайды.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ - әр түрге жататын ағзалардың өзіне тән қызмет ерекшеліктерін немесе бір түрге жататын ағзаның әртүрлі тіршілік кезеңдеріндегі қызмет ерекшеліктерін зерттейді(қазіргі уақытта эвалюциялық даму физиологиясы деп аталады.
ЖЕКЕ ФИЗИОЛОГИЯ- кейбір жануарлар түрінің, мысалы малдар, өсімдіктер, адам ағзаларының қызметін зерттесе, немесе адам физиологиясының ішінен жеке мүшелердің бауырдың, бүйректің, жүректің, жүйке жүйелерінің т.б. қызметі мен ерекшеліктерін зерттейді.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ - адам ағзасының тіршілік әрекетінде онтогенездік даму барысындағы өзгерістерді анықтайды.
ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты ағзадағы өзгерістерді, оның заңдылығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет