1. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармшылығы



бет1/9
Дата03.04.2024
өлшемі71.83 Kb.
#497548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
4-дәріс

4-тақырып.

  • 4-тақырып.
  • ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ балалар әдебиеті
  • Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.
  • Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы.
  • «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің мәні.
  • Ы.Алтынсарин өлеңдері.

1. Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармшылығы.

  • 1. Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармшылығы.
  • Ы. Алтынсарин - шын мәніндегі тұңғыш ағартушы ұстаз, тамаша тарихшы, фольклоршы - этнограф ғалым, тіл білімпазы, осы күнгі әліпбиімізде жазылған ең алғашқы оқулықтың туындыгері, халық ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы.
  • Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай облысы, Николаевск уезінің Аманқарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында) дүниеге келді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін сәби Ыбырайдың тәрбиесі атасы Балқожа бидің қолына көшеді. Сөйтіп болашақ ақынның бүкіл балалық шағы осы үлкен атасының тәрбиесінде өтеді. Балқожа би Орынборда оқуда жүрген шәкірт Ыбырайдың ел арасындағы дау-жанжалдарға төрелік айтуға, билік шешім қабылдауға баулып отырған. Соның біршамасы ел аузында «Ыбырайдың айтқаны», «Ыбырайдың шешімі», «Ыбырайдың тоқтамы» деген тұрғыда ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып тарап келеді. Ыбырай қазақ ауылының үстіне төнген қара түнектің жиегі көтерілмей тұрған кезде өмір сүрді.
  • Біріншіден, елді патша өкіметі қанады. Екіншіден, халықты патша өкіметіне сүйенген жергілікті әкімдер сүліктей сорды. Қайғысы мен қасіреті мол осындай кезеңде өмірге келген Ы.Алтынсариннің мақсаты мен міндеті елі үшін талмай еңбек етіп, халқына қызмет жасау болды. Ол үшін ағартушылық қызметке араласу керек болды. Соның бірі – мектеп ашу ісі. ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласында мектеп ашу ісі қиынның қиыны еді. Мектеп үйі, оқытушы, оқу құралдары т.б. нәрселер көшпелі қазақ санасына онша орнықпаған ұғым болатын. Бұл айтылғандармен қоса осындай игілікті іске қожа, молда, бай, болыстар мен патша чиновниктері барынша салқын қарады. Патша өкіметі отар халықтарды қараңғылықта ұстауды қолайлы санады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет