Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Зерттеу проблемасы психологиялық басылымдар мен нормативтік құжаттарды жүйелі теориялық талдау мен қатар эмперикалық әдістерге генеалогиялық әдіс, биографиялық әдіс, Г. Роршахтың проективті әдісі, оқушылардың ата-аналарына арналған сауалнама.
Зерттеу әдістері:
«Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі;
Жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеуге Р. Б. Кеттел 16-факторлы тұлғалық сауалнамасы;
А.Г. Маклаков, С.П.Чермяниннің «Көп деңгейлі тұлғалық бейімделу» сұрақтамасы.
Зерттеудің практикалық базасы: Алматы обылысының Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы №43 сауықтыру мектеп-интернаты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық факторларды ғылыми тұрғыдан талданды. Жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықталып, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістемелер кешені жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және 61- пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі -74.
1 «ҚИЫН» БАЛАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
«Қиын» балалар ұғымының мәні
Біздің қоғамдық дамуының күрделі әлеуметтік экономикалық жағдайға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық ортағ дәрігерлік қызметтің нашарлығына тағы басқа балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда жиі байқалады делінген. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын балалардың арасында «жасару» тенденциясы байқалады. Олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырылып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлқының бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады [2].
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. \1928ж\ еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің әрі қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Бастауыш мектеп кезеңі балалардың жеке басының қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болды, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.
Баланың жеке қасиетінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәні мен жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мысалы, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер заттың түрін, түсін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттену, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адамның дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақниетті болып келмейді, мұның бәрі жүре пайда болады.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деп қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлщерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері, қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі.
Керісінше күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.
Мінез-құлқы «қиын» бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4-сыныпқа қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады.
Мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
Конформды түрге жататын балаларға қайырымдылық жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жататын балалар тыныш, қайырымды жағдайға қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.
Мұғалімдер мен тәжірибешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.
Өзінен өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптастырылады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды. Ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайда баланың реакциясы әр түрлі (апатия, ценизм) шектен шыққан арсыздық (агрессия т.б.).
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады, міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық, кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды, ойын тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй-ішіндегі жағдайларға да, айталық ата – ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді [2] .
Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы отбасы , мектеп, жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар «қиын» балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжалдар шығаратын, арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында , жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлық жасау т.б. қылықтар кездесіп отырады.
Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылған жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады.
«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі – дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап – тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелету мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойшылдардың, қайраткерлердің бірі Г.П. Бельский, А. Богдановский, А.Я. Герд, Д.А. Дриль, Д.Р. Тальберг, А.А. Фидлер және т.б. еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г. Бельский және Д.Л. Дриль құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп-тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін анықтауды талап етеді. П.П. Пусторослов болса, педагогикалық тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу – тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбитский, А. Ширген, А. Герд тәрбие-еңбек еолонияларында оқу процесін жандандыруды қарастырады. Н.Н. Горонович құқық бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеу процесін жақсартудағы тәрбиешінің ролін көрсетуге кеңес берген [3].
20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған жасөспірімдердің проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психологтары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, Л.С. Выготский, Л.В. Заньков, В.Н. Мясишев т.б. шұғылданды. Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың тәртіптерінің нашарлау себептерін екі мағынада түсіндірді: топтағы ғалым-педагогтар, қоғамдық жағдайлар мен күнделікті өмірдегі тұрмыс – жағдай негіз болады десе, екінші топтағы педагогтар баланың психикадағы табиғи ерекшеліктері мен мінез-құлқыныңжағымсыз факторларға бейімділігінен деп санады.
Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында объективті жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде \В.А. Сухомлинский, Л.С. Славина, Г.П. Медведев, Л.М. Зюбин, Э.Г. Кюсташкин, Г.А. уманов, М.А. Невский, З.И. Шыныбекова, В.В. Трифанов, Р.К. Мәмбетова, Л.К. Керімов т.б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған.
отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған
мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыластарын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген.
жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни оқушылардың тұратын микроаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы салдары да негіз болған [5] .
Мінез-құлқындағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 ж. Пайда бола бастады. (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазіргі кезде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |