«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»
БОӨЖ №2
Реферат
Тақырыбы: «Миф теориялары»
Орындаған: Акрамхан А. Б.
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 221-А
Қабылдаған: Оразхан Т.
Алматы, 2022.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІI. Негізгі бөлім
Адам көзқарасының бірі – миф
А) Миф туралы түсінік
Ә) Ғалымдардың миф туралы көзқарасы
Б) Қазіргі таңдағы миф
ІII. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады. Әрбір хапық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла- нысты болса керек. Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетіиің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес бага беріп, осы уақытқа шейін ашылмаган сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, онын қалай пайдапану керектігін түсіндіріп, әртүрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді… Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің шығарма- ларында әртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance — француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы — Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дагдарысқа келіп тірелуі, рухани азгындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Достарыңызбен бөлісу: |