1. Иллюзия галлюцинация психосенсорлы бұзылыстар



Дата13.09.2022
өлшемі0.84 Mb.
#460692
түріАнализ
Интеллект.бұзылыстары


Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары
№ 2 Дәріс
Лектор: неврология, психиатрия, наркология кафедрасының
доценті Оспанова Н.Н.
Қабылдау
бұзылыстары үшке бөлінеді
1. Иллюзия
2. галлюцинация
3. психосенсорлы бұзылыстар
Иллюзия – заттарды
қате қабылдау.
.
Қалыпты өмірде
физикалық иллюзиялар таралған
Иллюзия:
Аффектілік
Психогенді
Вербальдық
Парэйдолиялық
болуы мүмкін
Аффективті иллюзия - қорқыныш сезімінде болатын иллюзия.
Психогенді иллюзия –
психикалық жарақат
мәселесімен
байланысты.
Парэйдалиялық иллюзия –
клемдегі ою-өрнектер,
қабырға жарықтары т.б.
ертегі кейіпкері,
қиял құбылыстар ретінде
қабылданады.
Вербальдық иллюзия - нақты
өтіп жатқан айналадағы әңгімесінің
мазмұнын жалған қабылдауға
байланысты болады. Ауруға
мүлде қатыссыз тақырыптар
болса да олар өздеріне арналған
айыптауларды кінәлаулар,
қорқытуларды естиді.
Галлюцинация –
жоқ объектілерді
қабылдау.
Анализаторға байланысты
есту, көру, дәм, сипап
сезу т.б. болып бөлінеді.
Сонымен қоса шынайы
және жалған.
Шынайы галлюцинация
сырттан қабылданады,
науқастың оның
шындығында күмәні
болмайды.
Жалған
галлюцинациялар.
Қасиеттері:
-Сезу іштен;
-Осы сезімдер бір күштен
жасалады,
біреу жасайды;
-Шындыққа сәйкестігі жоқ.
Психосенсорлы
бұзылыстар.
Дереализация – ортадағы
заттар біртүрлі,
ерекше қабылданады,
негізі өргермесе де
көлемі , пішіні , түсі
өзгеруі мүмкін.
Деперсонализация –
адам өзінің бірегейлігін
жоғалттым
деп санайды.
Түйсік – қоршаған
ортадағы заттар мен
құбылыстардың жеке
қасиеттерін реттеу.
Түйсік
бұзылыстары:
Гиперестезия –
сырттан келген
тітіркеніштерді аса
айқын қабылдау,
көбінесе астеникалық
жағдайда болады.
Гипестезия – сырттан
келген тітіркеніштерді
әлсіз қабылдау,
сезімталдықтың төмендеуі.
Есенгіреу жағдайында
болады.
Анестезия –
сырттан келген
тітіркеніштерді
мүлдем қабылдамау.
Сенестопатия – шектен
тыс жағымсыз ауруды
қатты қинайтын,
жалған сезім. Науқас оны
сөзбен жеткізе алмайды.
Ойлау
бұзылыстары.
Ойлау – айналадағы
әлемді оның толық
байланыстарымен, ішкі
заңдылықтарымен өз
санасында көрініс табу,
тек бақылау емес сонымен
қатар болып жатқанды ұғу.
Ассоциациялық процестің
жылдамдауы – әрбір уақыт
аралығында түзілген ассоциация
мөлшерінің көбеюі, олардың
басталуының жеңілдеуі.
Сонымен бірге үздіксіз пайда
болған ой-пікір, пайымдау.
Ой қорытындысы неғұрлым
үстіртін, кездейсоқ байланыстарға
себепші бола түседі.
Ассоциациялық процестің тежелуі –
мұнда жанағы айтқанымызға
қарама-қарсы ассоциация өте
баяулайды, олар жұтаң бола түседі.
Ой пікірлер мен түсініктер өте аз,
қиыншылықпен түзіледі мазмұны да
бірыңғай, тапшы болып келеді.
Ойлаудың байланыссыздығы
(инкогеренция) – ассоциация
түзілуіне, қабылдау, түсініктер,
ұғымдар жалғастығына,
байланыстар мен
қарым-қатынастардағы
шындықтың бейнеленуіне
қабілеттің жоғалуы.
Ойлаудың пайымдылығы – алдыңғы
ассоциацияның ұзақ уақыт бойы
үстем болуы салдарынан жаңа
ассоциациялардың түзілуі
шектен тыс баяулайды.Науқас
бірдеңені баяндау кезінде қажетсіз
көріністер егжей-тегжейлі келтіріледі,
ешқандай мәні жоқ ұсақ-түйектер
ыждағатпен сипатталады.
Ойлаудың персеверациясы –
ассоциациялық процестің шұғыл
қиындауы байқалғанда белгілі бір
ойдың, бір түсініктің ұзақ уақыт
бойы басым келуі. Айталық,
бірінші сұраққа жауап бергеннен
кейін сол жауап басқа мазмұндағы
келесі сұрақтарда да қайталанып
отырады.
Сандырақ – түзетуге
келмейтін, науқаспен
мойындалмайтын,
науқас өміріне әсер
ететін жалған пікір.
Мазмұнына байланысты
жіктелуі:
В.Грезингер бойынша.
Ұлылық сандырақ тобы
-(көніл күйдің жоғарылауымен жүреді):
-байлық сандырағы;
-ұлылық сандырағы;
-дарындылық сандырағы;
-аса белгілі адам ұрпағы;
-реформаторшы;
-суйіспеншілік эротикалық сандырағы.
Қудалау сандырақ тобы:
-қудалау сандырағы;
-әсер ету сандырағы;
-уландыру сандырағы;
-қызғану сандырағы;
-ұрлау сандырағы.
Өзін өзі кінәләу сандырақ
тобы:
-күнәшілік сандырағы;
-өзін өзі жою сандырағы;
-ипохондриялық сандырақ;
-нигилистік сандырақ;
Сандырақ
біріншілік және
екіншілік болып
бөлінеді.
Біріншілік –
жалған пікірден
туады.
Екіншілік –
галлюцинациядан
пайда болады.
Жабысқақ
жағдайлары:
Обсессия – науқас
оның жалғандығын
біліп онымен
күреседі.
  • образды: жабысқақ

  • күдік күмән, жабысқақ
    әуестіктер, жабысқақ
    әуестік қимыл
    қозғалыстар, жабысқақ
    қорқыныш.

2. идеаторлы: әртүрлі
мелодиялар айту,
жабысқақ түрде санау,
ырымдар
Өте бағалы ойлау –
науқас психикасында
шын мәніне сәйкес
келмейтін доминантты
орын алатын ой.
Сандырақтан ерекшелігі шындыққа сәйкестігі бар, түбегейлі қателік жоқ.

Ес бұзылыстары

  • Ес бұзылыстары

Ес дегеніміз информацияны жинақтау, сақтау және қажет жағдайда жиналған дағдылар мен тәжірибелерді іске асыру.

  • Естің түрлері:
  • Қысқа уақытты және ұзақ уақытты
  • Механикалық және ассоциативті

Естің негізгі компоненттері:

  • Фиксация
  • Ретенция
  • Репродукция
  • Ұмыту

Естің бұзылу түрлері:

  • Сандық (дисмнезия)
  • Сапалық (парамнезия)
  • дисмнезия
  • гипермнезия
  • гипомнезия
  • амнезия

Гипермнезия

  • Науқас адамның есіне өткен оқиғалар ретсіз, ұсақ-түйектеріне дейін түсіп, ойлау процесіне , жаңа информацияны қабылдауына кедергі келтіреді. Жиі маниакальді синдромда, кейде психотропты заттарды қолданғанда кездеседі.

Гипомнезия

  • Естің барлық функцияларының,әсіресе бекітудің әлсіреуі. Науқас адам жаңа атаулар мен мерзімдерді, болған оқиғаларды есіне сақтай алмай қиналады. Жиі себебі болып мидың органикалық аурулары, әсіресе атеросклероз табылады. Бірақ психиканың функционалды бұзылыстары кезінде де (астениялық синдром, шаршау) болуы мүмкін.
  • Амнезия
  • естегі
  • информа-
  • цияның
  • жоғалуы
  • Ретроградты
  • Конградты
  • Ретро-
  • антероградты
  • Өрістеуші
  • Антроградты
  • Бекіту

Ретроградты амнезия

  • Ауру пайда болғанға дейінгі немесе жарақатқа дейінгі оқиғалардың естен шығуы. Жиі тікелей сананың жоғалуы немесе аурудың басталуы алдында болған оқиғалар мен деректерді еске түсіре алмайды.

Антероградты амнезия

  • Аурудан кейінгі тікелей іле-шала болған оқиғаларды естен жоғалту. Жиі себебі болып сананың бұзылыстары (сананың бұлыңғыр болуы) табылады. Бұл жағдайда есте бекіту функциясы тез қалпына келеді.

Конградты амнезия

  • Бұл амнезия сананың жоғалуы кезінде пайда болады, яғни кома немесе сопор жағдайында науқас адам информацияны қабылдай алмай, естің функциялары бұзылады.

Бекіту амнезиясы

  • Естің фиксациялық (бекіту) функциясының төмендеуі немесе жоғалуы.Науқас адам жаңа ғана естіген, көрген, оқыған информацияны есте сақтай алмайды, бірақ ауру басталғанға дейін болған оқиғалардың барлығы есінде бар, профессионалдық дағдылары сақталған, бірақ жаңа ситуациаларда науқастың дезориентировкасы болады.

Өрістеуші амнезия

  • Рибо заңына сәйкес алдымен есте сақтау қабілеті төмендейді (гипомнезия), кейін жақын арада боған оқиғалар, одан кейін бұрын өткен оқиғалар ұмытылады. Алдымен неғұрлым ұйымдасқан (ғылыми, абстракті) білімдер естен жоғалады. Ұзақ уақыт бойы эмоционалды тұрғыдан әсер қалдырған (балалық, жастық шақ), автоматтанып, жаттықтырылған дағдылар есте сақталады.

Парамнезия

  • Грекше para – жақын, осы арада + mneme – ес, естелік.
  • Жалған, қате естеліктер.
  • парамнезия
  • Пвсевдо-
  • реминисценция
  • криптомнезия
  • эхомнезия
  • конфабуляция

Псевдореминисценция

  • Науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде, бірақ басқа уақытта болған оқиғалармен толтырады. Естің иллюзиясы деп те атайды.

Конфабуляция латынша con + fabula -әңгімелеу, ертегі.

  • Науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде болмаған, өзі шығаран оқиғалармен толтырады.
  • Естің галлюцинациясы деп те аталады.

Криптомнезия грекше kriptos-құпия + mneme-естелік

  • Науқас адам кітаптан, түсінен немесе басқа адамдардан алған мәліметпен есінен жоғалған уақыт аралығын толықтырады.

Эхомнезия (Пиктің редуплицирлеуші парамнезиясы)

  • Науқас адамда осы шақта болып жатқан оқиғаға ұқсас оқиға өткенде болған тәрізді сезім туады. Déjà vu-ға қарағанда пароксизмальді қорқыныш сезімі жоқ және өткен мен қазіргі оқиға арасында тек ұқсастық сезімі бар.

Интеллект

  • Рациональды таным, ой тұжырымдау мен пайымдаулар арқылы неғұрлым толық адаптацияны қамтамасыз ететін адамның ақыл мен оларды іске асыру жолдарының, ойлау ерекшелігінің потенциалдар жиынтығы.

Интеллект бұзылыстары

  • Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.
  • Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық.
  • олигофрения
  • дебилділік
  • имбецилділік
  • идиотия

Идиотия

  • Психикалық кем ақылдылықтың терең түрі. Науқас адам сөйлемейді, эмоциялары қарапайым (жылау, айғайлау), жүре алмайды, кейде стереотипті қимылдар жасайды,өзін-өзі күте алмайды. Осындай науқастарға Ітоп мүгедектігі беріледі.

Имбецилділік

  • Бұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады.

Дебилділік жеңіл түрдегі кем ақылдылық. науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым, өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі.

  • деменция
  • Органикалық
  • Шизофрениялық
  • Эпилепсиялық

Органикалық деменция -тотальді (диффузді) -ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді)

Тотальді органикалық деменция

  • Науқас адамның барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды.

Ошақты органикалық деменция

  • Науқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.

Шизофрениялық деменция

  • Науқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Бірақ апати мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге, басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға құлқы жоқ.
  • Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім оқымайтын шкафпен салыстырады.

Эпилепсиялық деменция

  • Есте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті өзгереді.Науқас адамда ой пайымдылығы, детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі қызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына ерекше назар аудару болады (концентрациялық кем ақылдылық).

Корсаков синдромы- амнезиялық синдромдардың бірі

  • Бекіту амнезиясы
  • Амнезиялық дезориентировка
  • Парамнезия

Психоорганикалық (энцефалопатиялық) синдром

Вальтер-Бюеля триадасынан тұрады:

  • Ес бұзылыстары
  • Интеллектің төмендеуі
  • Эмоциялық лабильділік
  • Стадиалары (Шнайдер К.):

    Астениялық

    Эксплозивті

    Эйфориялық

    Апатиялық


Назарларыңызға рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет