Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім
|
«Мәдени мұра»
|
|
Педагогтің аты – жөні
|
Қонысбаева Зарухан Қыпшаққызы
|
|
Күні
|
23.11.2021ж
|
|
Сынып: 4 «Б »
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Абай шығармалары-ұрпаққа мәңгі мұра. 40-сабақ
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір) қою
|
|
Сабақтың мақсаты
|
-Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді ажырату,
-Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін қойып үйрену.
|
|
Сабақтың барысы
|
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақ тың басы
|
(Ұ) Ширату. «Шаттық шеңбер құрайық!» әдісі.
Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Қазақ тілді оқуды бастаймыз!
Осы өлең ішінде сөйлемнің бірыңғай мүшелермен байланыс бар ма?
(Ж) « Сенің көмегің қажет » әдісі
Бірыңғай мүшелерді сәйкесте. 1.Барлас,Байкөкше баян еткен дастан жырларға тең келетін еш нәрсе есітпеген сияқты.
2.Бала Абай қажымай жалықпай ынтыға тыңдайтын.
3.Абай Құнанбаев – қазақтың бас ақыны ұлы ағартушы. 4.Абайдың өлеңдері қарасөздері аудармалары ел арасында кең тараған.
Дескриптор:
- Сөздерді мұқият оқиды.
-Мағынасына талдау жасайды.
-Сөйлемнің бірыңғай мүшесіне сәйкестендіреді.
ҚБ: мұғалімнің мадақтауы «Жарайсыңдар!»
(МК): Сабақ мақсатын таныстыру
Ендеше,бүгін біз Абай шығармалары-ұрпаққа мәңгі мұра. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері тақырыбын жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді ажыратуды,бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін қоюды үйренеміз
Тыңдалым. Бейнеүзік «Бірыңғай мүшелер»
|
.
Интербелсенді тақтадан оқып, қимылмен орындайды
Күн ретін,
сабақтың тақырыбын дәптерге қатесіз,
көркем жазады.
Бейнеүзік көреді.
|
Мадақтау, толықтыру
ҚБ: мұғалімнің мадақтауы
|
Презента ция №1
Кеспе қағаздар
87-бет
Bilimland-Onlinemektep
|
Сабақ тың ортасы
Сергіту сәті
|
(Ұ). «БІР МЕЗЕТ» әдісімен
Оқулықпен жұмыс 87- бет 35-жаттығу(ауызша)
Өлеңді нақышына келтіріп оқы.Бірыңғай мүшелерді тап.
Жау-жау, жаңбыр, тағы да,Дала, тауға көрік бер.
Менің еккен бағымда.Өссін жүзім, өріктер!
-Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудар.Одан не байқадың?
Дескриптор
-мәнерлеп оқиды;
-бірыңғай мүшелерді табады;
-БМ. соңғы сөздерінің өзгерісін айтады.
Ережемен таныстыру
Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мысалы: Өзендер, көлдер-жердің берекесі. Өзен, көлдер-жердің берекесі.
|
Өлеңді нақышына келтіріп оқиды Бірыңғай мүшелерді табады
Қорытынды жасайды.
Оқулықтағы ережемен жұмыс
|
Ауызша бағалау, қолдау көрсету
|
Оқулық
87-бет
Презента ция №7
|
Дәптермен жұмыс. «Қойылмаған үтірлер»әдісі
88 бет 36-жаттығу
Жеке жұмыс (жазбаша орындайды)
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық.
Дескриптор -мәтінге тиісті белгілерді қояды;
-бірыңғай мүшелердің астын сызады.
|
Мәтінге тиісті тыныс белгілерін қойып жазады
|
|
Презента ция №10
|
«ОЙЛАН ТАП» оқыта -үйрету ойыны
Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).
.
|
|
|
Презента ция №12
|
|
Саралаудың “ТАПСЫРМА” әдісі
1) Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қай мүшелермен байланысып тұр.
Көл бетінде үйрек, қаз , аққу, бірқазан жүзіп жүр.
2) Көп нүктенің орнына бірыңғай мүшелерді тауып айт.
. . . , . . . , . . . – аңыз кейіпкерлері.
3) Синтаксистік талдау жаса
Бұғыбай-көрікті, ашық-жарқын, ақ көңіл жігіт.
Бағалау критерийі:
• Өлеңнің мәнін түсініп оқиды;
• Бірыңғай мүшелерді табады;
-Олардың бірыңғай мүше екенін дәлелдейді
88-бет.37-жаттығу
Білімдіден шыққан сөз.Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге Көкірегінде болсын көз.
Абай Бағалау критерийі:
• Өлеңнің мәнін түсініп оқиды;
• Бірыңғай мүшелерді табады;
-Олардың бірыңғай мүше екенін дәлелдейді
Жеке тапсырма.МұханбетәлиД,Жалғасбаева А,Мәлкаждарова Ж,Байзақов Ә,Жарылқасын А,Серікұлы М.
Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
5-тапсырма . 89 бет 39 жаттығу
Ы.Алтынсариннің әңгімесін тамашалайды.
Дескриптор
-суретті көріп,әңгімені оқиды;
-суреттің атауын бірінші сөйлемнен табады.
|
Бірыңғай мүшелерді табады. Олардың бірыңғай мүше екенін дәлелдейді.
Қорытын ды жасайды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау
ҚБ: Өзара бағалау. «Үш шапалақ»
|
Презента ция №11,таратпалар
Презента ция №13
бейнеүзік
|
Сабақ тың соңы
|
«ҚБ» тапсырмасы - таңдамалы тест.
1. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді . . .
А) сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Ә) сөйлемнің дара мүшесі
Б) сөз таптары
2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте Ә) сызықша Б) үтір
3. Дұрыс жазылған бірыңғай мүшені тап
А) Саматпен Қанат
Ә) кітап қағаз Б) кітап, дәптер
Дескриптор:Оқушылар Тест тапсырмасына жауап береді.
Рефлексия Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы»
Сәйкес баспалдақ бойынша оқушылар өз аттарын жазып жапсырма қағаздарды орнатады.
ҚБ (мұғалімнің ауызша кері байланысы)
|
Оқушылар өз аттарын жазып жапсырма қағаздарды баспалдаққжапсырады.
|
Тиімді кері байланыс орнату.
Жақсы түсіндім. Түсіндім. Сұрағым бар. Мүлдем түсінбедім
|
Таратпалар
Стикерлер
|
|
Үй жұмысы 88 бет 38-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, бірыңғай мүшелердің астын сызады.
|
Шартын талдай отырып,түсіндіреді
|
Шартын түсініп оқып,күнделікке жазады.
|
|
№ 64 ОРТА МЕКТЕП
Бөлімі:Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» 40-сабақ
ПӘН МҰҒАЛІМІ:ҚОНЫСБАЕВА З.Қ
Сыныбы: 4Б
2021-2022 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |