Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ - ІХ ғ.)
АНАРГУЛЬ ДОСЕТОВА
№1 жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі.
Құлсары қаласы
Атырау облысы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ - ІХ ғ.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттер туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, сұрақ-жауап тапсырмалары арқылы терең ойлауға, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік: Тұңғыш түрік мемлекеттерінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, талқылау, өзіндік жұмыс, тестпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, тарихи даталар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған парсы тарихшысы?
2. Қимақтардың этникалық құрамы қандай болды?
3. Қимақтарда шаруашылықтың қай түрі басым болды?
4. Қай ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған?
Мұғалім оқушыларға ширату әдісін қолдана отырып, өткен тақырыптарға шолу жасайды.
Ширату сұрақтары:
1. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы қай аралықты алып жатты? (Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралық)
2. Қағанат оңтүстік-шығысында қай елмен, оңтүстік-батысында қай елмен шектесті?(Қытай және парсы)
3. Түрік сөзі алғаш рет қытай деректерінде қай жылы кездеседі? (542 ж.)
4. 552 жылы Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны Анағұйды жеңіп, қандай атақ алады? (елхан)
5. 552-554 жылдары қай қағанның кезінде жужандар мүлде қайтып бас көтерместей болып жеңілді? (Мұқан)
6. Қағанаттың өз ішінде билік үшін талас-тартыс қашан басталды? (581 ж.)
7. Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып қай жылы екіге бөлініп тынды? (603 ж.)
8. Батыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны? (Тардуш)
9. Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы? ("он тайпа")
10. Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны? (Елтеріс атанған Құтлық)
11. "Қара бұдундар" деп кімдерді атады? (қарапайым халықты)
12. Түрік қоғамындағы "тат" сөзі қандай мағынаны білдіреді? (құл)
13. Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерінің орталығы болған қала?
14. Сұлу қаған билік құрған кезең? (715-738 жж.)
15. Сұлу қағанды Навакет қаласында опасыздықпен өлтірген өз қолбасшысы кім? (Баға тархан)
16. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы қай ғасырларда басталды? (VІ-VІІІ ғғ.)
17. Қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болғандығын жазған араб тарихшысы? (әл-Марвази)
18. Оғыз мемлекетінің орталығы болған қала? (Янгикент)
19. Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталды? (жабғу)_20. Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған парсы тарихшысы? (Гардизи)
"Тарихи шатасу"
Әр жолда түркі мемлекеттері басшыларының есімі жасырылған. Соны тауып, түсініктеме бер.
нымбу, душрат, анқұм, имтеши, гуше, нот, кілшү, лусұ, шақоғұл, мәлікшах.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Бумын Оғыз мемлекеті
Үшлік Батыс Түрік қағанаты
Тон Қарлұқ қағанаты
Білге Күл Қадырхан Түрік қағанаты
Шахмәлік Түргеш қағанаты
Мына тарихи оқиғаларға сәйкес келетін тарихи оқиғаларды атаңдар:
552 ж. ___________________________
552 - 554 жж. ___________________________
581 ж. ___________________________
603 ж. ___________________________
704 ж. ___________________________
756 ж. ___________________________
Жауабы:
(552 жылы Жужан қағандығы тас-талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды)
(552-554 жылдары Мұқан қағанның кезінде жужандар мүлде бас көтерместей болып жеңілді)
(581 жылы қағанаттың өз ішінде билік үшін соғыстар басталады)
(603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп тынады)
(704 жылы Түргеш қағанаты құрылды)
(756 жылы Қарлұқ қағанаты құрылды)
Мемлекет басшылары
Симантикалық карта. Мағынаны айыру. Жеке жұмыс. Тақтаға сызылады.
Қаған есімдері
|
Түрік қағанаты
|
Батыс Түрік қағанаты
|
Шығыс Түрік қағанаты
|
Түргеш қағанаты
|
Қарлұқ қағанаты
|
Оғыз мемлекеті
|
Бумын
|
|
|
|
|
|
|
Үшлік
|
|
|
|
|
|
|
Сұлу
|
|
|
|
|
|
|
Тон
|
|
|
|
|
|
|
Иштеми
|
|
|
|
|
|
|
Тардуш
|
|
|
|
|
|
|
Шегу
|
|
|
|
|
|
|
Әли
|
|
|
|
|
|
|
Шахмәлік
|
|
|
|
|
|
|
Мұқан
|
|
|
|
|
|
|
Қара-Еске
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды:
Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін, шығу парағын пайдаланамыз. Әр оқушыға шығу парағы таратылады, сол параққа олар бүгінгі тақырыптан не түсінді, барлығын қағазға жазып, тақтадағы ілініп тұрған конвертке апарып салады.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: "Егер Мен қаған болсам........." деген тақырыпта ойтолғау жазу. Сөзжұмбақ, тест құрастыру.
Тас дәуірі
АНАРГУЛЬ ДОСЕТОВА
№1 жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі.
Құлсары қаласы
Атырау облысы
Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам баласының алғашқы қолданған еңбек құралдары тастан жасалғандығын, сондықтан да адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталатындығын ұғындыру;
Дамытушылық: Тас дәуірі кезеңін еркін меңгерген, өз ойын ашық жеткізе алатын оқушы дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларға тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың негізгі күнкөріс құралдары тастан жасалғандығын айта отырып, оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талқылау, тестпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сабаққа қатысты сызбалар, суреттер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Оқушылардың үйге берілген тапсырманы қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында кестені толтыру тапсырмасы беріледі.
І. Адамның пайда болуы
Алғашқы адамдар
|
Табылған жері
|
Өмір сүрген уақыты
|
«епті адам»
|
|
|
питекантроп
|
|
|
синантроп
|
|
|
неандерталь адамы
|
|
|
саналы адам
|
|
|
ІІ. «Кім жылдам!» ойыны арқылы оқушылардан сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.
1. Алғашқы адамдардың топталып жүруі қалай аталады? (адамдар тобыры)
2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары қалай аталады? (қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы)
3. Алғашқы адамдардың кәсібі қалай аталады? (терімшілік)
4. Алғашқы адамдар қандай аңдарды аулаған? (мамонт, бизон, марал, жабайы жылқы, үңгір аюы)
5. Аңшылықпен бірыңғай кімдер айналысты? (еркектер)
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың жоспары:
1. Палеолит.
2. Тас құралдар.
3. Орта тас ғасыры (мезолит).
4. Жаңа тас ғасыры (неолит).
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге, яғни тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді.
Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.
Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың өндірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін-палеолит, мезолит, неолит деп үш кезеңге бөледі. Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
Тарихта ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі (палеолит) б.з.б. 2,6 млн жылдан-б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолит дәуірінің бастапқы кезінде еңбек құралдарын дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі кең тарады. Дөңгелек өзектастың шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшалары алынды. Одан ежелгі шебер шетін егеп тілгіштер мен қырғыштар жасады. (Тақырыптағы негізгі оқиғалар слайд арқылы көрсетіледі.)
Орта тас дәуірі (мезолит) б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды. Мезолит дәуірі құралдарының ерекшелігі-ол микролиттер. Микролиттер-ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ тастардан жасалған құралдар. Мезолит дәуірінің үлкен жаңалығы-садақ пен жебенің шығуы еді.
Жаңа тас дәуірі (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Неолит дәуірі тас өңдеу техникасының гүлденген кезі болды.
ІV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
2. Ежелгі тас дәуірі қай аралықты қамтиды?
3. Мезолит заманының үлкен жаңалығын атаңдар.
4. Тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі?
V. Сабаққа қорытынды. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға дискуссиялық өрнек толтыру тапсырмасын бере отырып, жаңа білімді игеруін бақылаймын.
№
|
Сұрақтар
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
1
|
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында үш кезеңге бөлінеді.
|
+
|
|
2
|
Тас дәуірінде адамдар негізінен мыс құралдарды пайдаланды.
|
|
+
|
3
|
Археологтар тас дәуірін-палеолит, мезолит, неолит деп үш кезеңге бөледі.
|
+
|
|
4
|
Тарихта ең ұзаққа созылған орта тас дәуірі (мезолит).
|
|
+
|
5
|
Садақ пен жебе мезолит дәуірінде ойлап табылды.
|
+
|
|
6
|
Неолит дәуірі б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
|
|
+
|
Тест тапсырмасы: (10 сұрақ)
1. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалды?
а) ерте палеолитте ә) мезолитте б) неолитте в) энеолитте
2. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды?
а) қырғыш ә) микролит б) дәнүккіш в) жебе ұшы
3. Мезолит заманының үлкен жаңалығы?
а) бифас ә) микролиттер б) қырғыш в) шапқы
4. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең?
а) б.з.б. 140-40 мың жыл ә) б.з.б. 40-12 мың жыл
б) б.з.б.12-5 мың жыл в) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар
5. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
а) 5 ә) 4 б) 3 в) 2
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Тас дәуірі тақырыбын оқып, түсінік айту. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі кестесін толтыру. Қосымша тест, сөзжұмбақ дайындап келу.
Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
Атауы
|
Кезеңдері
|
Ерекшеліктері
|
Палеолит
|
|
|
Мезолит
|
|
|
Неолит
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |