1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Лингвостилистикалық талдау



Pdf көрінісі
бет44/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

79. Лингвостилистикалық талдау
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық
алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бəрібір көнбейді. Бойынан күші
кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей
ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай –
ас екен» айтылған екен дейтіні осыған орай.
Ақыры (пысықтауыш) аштан (толықтауыш) өліп бара жатқан (пысқтауыш)
соң шыдамай (баяндауыш), бай (бастауыш) бір үзім нанға барлық алтынын
(анықтауыш) айырбастынын айтады ( баяндауыш). Кедей (бастауыш) бəрібір
( пысықтауыш) көнбейді (баяндауыш). Бойынан күші кеткен (анықтауыш)
бай басы (бастауыш) айналып (баяндауыш), суға (пысықтауыш) құлап кетеді
(баяндауыш). Ал , келесі күні (пысықтауыш) су (бастауыш) тоқтап
(баяндауыш), кедей (бастауыш) ағаштың (анықтауыш) басынан
(пысықтауыш) түседі ( баяндауыш). Халықтың (анықтауыш): « Алтын, күміс-
тас екен , арпа, бидай – ас екен» (бастауыш) айтылған екен дейтіні
(баяндауыш) осыған орай.
Cөйлемдер:
1)
Сабақтас құрмалас сөйлем ,жақты, жайылма, толымсыз.


2)
Жақты, жайылма, толымсыз.
3)
Жақты, жайылма, толымды.
4)
Жақты, жайылма, толымды.
5)
Жақты, жайылма, толымды.
Бай айтады-қиысу, Кедей көнбейді-қиысу, Бай құлап кетеді-қиысу, Суға
құлап кетеді-меңгеру, Күші кеткен-матасу.
А-дауысты,жуан,ашық,езулік.
Қ-
дауыссыз,қатаң.
Ы-дауысты,жуан,қысаң,езулік.
Р-дауыссыз,ұяң.
Ш-дауыссыз, қатаң.
Т- -дауыссыз, қатаң.
Н-дауыссыз,үнді.
Ө-дауысты,жіңішке,ашық,еріндік.
80. Этимологиялық талдау
Қазақ- Қазақстан Республикасын мекендейтін халық атауы. Карамзиннің
сараптауына сəйкес, "казак" сөзі батылдық, ержігіт, еркіндік мағынасына ие,
кейбіреудің айтып жүргеніндей ол сөз теріс мағынадағы "қарақшылар"
дегенді білдірмейді. Ержүрек батырлар еркіндік үшін, Отан үшін, жер үшін
жаумен алысып, өлерінде өзін осылай атағандығын жазған. Шежіреші
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы да өз еңбектерінде "қазақ" атауы туралы сөз
қозғаған. Арабша "ұғызақ" деп жазылса, шағатай түркісінде "хазағ" деп
жазылған, өзіміздің жуан тілде "қазақ" деп жазылған. Зерттеуші Ə.
Əбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» жəне «оғ» деген екі сөздің
қосылуынан жасалған: «оғ» – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді.
«Қаз – оғ» – қазақ ру-тайпалары ұғымын білдіреді. Орыс ғалымы А.
Бернштам «қазақ» сөзін Қаспий маңы жəне сақ тайпаларының бірігуінін
нəтижесі деп көрсеткен. «Қазақ» сөзі «Қыпшақ-араб сөздігінде» алғаш рет
қолданысқа түсіп, түсініктеме берілгендігі туралы айтылып жүр. Сөздіктің
қолжазбасын 1894 жылы голландиялық шығыстанушы ғалым М.Т.Хоутсма ең
алғаш зерттеп немісше аудармасымен қатар басылымға дайындаған екен.
М.Т.Хоутсма қолжазбаны хатқа түсіргенде «Адам сипаттары» атты 19
бөлімдегі «қазақ» сөзіне берілген арабша түсініктемесін «əл-мужəррад» деп
берген. «Қазақ» сөзіне түсініктеме ретінде көрсетілген арабша «əл-
мужəррад» сөзінің мағынасын немісше «landst r eicher », яғни «қаңғыбас,
кезбе» деп жазған. Аталған сөздікке өткен ғасырдың алпысыншы жылдары
зерттеу жүргізген ғалым Ə.Құрышжанов та «қазақ» сөзіне арабша «əл-


мужəррад» сөзінің мағынасына сəйкес «жалғыз», «жалаңаш, қарапайым, бір
нəрседен айрылған» деген мағыналарды қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет