3. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері,
зерттелу барысы
Салыстырмалы тарихи əдіс – тіл тарихын туыстас тірі жəне өлі тілдермен
салыстыру арқылы оның əр түрлі даму кезеңіндегі фактілер мен
құбылыстарды салыстыруға негізделген зерттеу əдісі.
Салыстырмалы-тарихи əдіс тарихи болып табылады, өйткені ол объектінің
бір күйін ғана емес, оның бүкіл даму барысындағы өзгерістерін зерттеу үшін
қолданылады. Ол салыстырмалы əдіс болып табылады, өйткені ол бір
құбылыстың дамуындағы бірнеше байланысты фактілерді немесе бірқатар
кезеңдерді салыстыруға негізделген. Салыстырмалы тарихи əдістің бұл екі
элементі өзара байланысты. Əдістің міндеті - объектінің əртүрлі күйлеріндегі
немесе байланысты объектілердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
табу.