Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы



Дата03.03.2016
өлшемі57.58 Kb.
#36335
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 830 Қаулысы


      "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша):


      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы


                                                    Үкіметінің
                                          2007 жылғы 24 қыркүйектегі
                                                 N 330 қаулысымен
                                                     бекітілген

       Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және


      нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға
                      арналған жоспары

Р/
с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орындалу-
ына
жауапты

Оры-
нда-
лу
мер-
зімі

Жо-
рамал
шы-
ғыс-
тар
(мың
тең-
ге)

Қар-
жы-
лан-
дыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Мемлекеттік
қызметшінің оң
имиджін
қалыптастыру
жөніндегі
іс-шаралардың
ведомстволық
жоспарларын
әзірлеу

Іс-шара-
лар
жоспар-
лары

Мемлекеттік
органдар,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

2008
жылғы
шілде

Талап
етіл-
мейді

  

2

Мемлекеттік
қызметшілердің
оң жұмысын
жария ету,
мемлекеттік
қызметтің
беделін
көтеруге және
мемлекеттік
қызметшінің оң
имиджін
қалыптастыруға
бағытталған
материалдарды
жариялау

БАҚ-тағы
жарияла-
нымдар

МАМ,
мемлекеттік
органдар,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Тұ-
рақты

2008-
3000,
2009-
3000,
2010-
3000*

Рес-
пуб-
лика-
лық
бюд-
жет

3

Мемлекеттік
қызметшілер
үшін
"Мемлекеттік
қызметшінің
этикасы мен
имиджі" атты оқу модулі
бойынша, оның
ішінде
"Мемлекеттік
қызметшілердің
ар-намыс
кодексі - қыз-
меттік қарым-
қатынастар
этикасының
негізі",
"Қазақстан
Республика-
сында сыбайлас
жемкорлықтың
алдын алудың
әлеуметтік-
адамгершілік
аспектілері",
"Іскерлік
қарым-қатынас
этикасы",
"Мемлекеттік
қызметшінің
этикеті"
тақырыптары
бойынша
дәрістер
ұйымдастыру

Дәрістер
циклі

МҚА
(келісім,
бойынша),
МБА
(келісім
бойынша)

Жыл
ішін-
де

Талап
етіл-
мейді

  

4

Мемлекеттік
органдар
арасында
спорттық
іс-шаралар
ұйымдастыру

Үкіметке
есеп

ТСМ
(жинақтау),
мемлекеттік
органдар,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Жыл
сайын
1
жел-
тоқ-
санға
дейін

Талап
етіл-
мейді

  

5

Мемлекеттік
органдардың
веб-сайттарына
мемлекеттік
қызметтің оң
имиджін
қалыптастыруға
және нығайтуға
арналған бөлім
енгізу

Веб-бө-
лімдер
құру

АБА,
мемлекеттік
органдар,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

2008
жылғы
қазан

Талап
етіл-
мейді

  

6

Білім беру
ұйымдарында
оқитындармен
патриотизмді,
азаматтық
борыш сезімін
тәрбиелеу
мәселелері
жөнінде
кездесулер
ұйымдастыру

Кездесу-
лер

МҚА,
(келісім
бойынша),
БҒМ,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Жыл
ішін
де

Талап
етіл-
мейді

 

7

"Ең үздік
халыққа қызмет
көрсету
орталығы"
конкурсын
өткізу

Үкіметке
есеп

Әділетмині

Жыл
сайын
1
жел-
тоқ-
санға
дейін

Талап
етіл-
мейді

 

8

Мемлекеттік
қызметші күнін
бекіту

Жарлықтың
жобасы

МҚА
(келісім
бойынша)

2009
жылғы
мау-
сым

Талап
етіл-
мейді

  

9

"Болашақ"
халықаралық
стипендиясының
стипендиат-
тарымен оқу
аяқталғаннан
кейін оларды
мемлекеттік
қызметке тарту
жөнінде
кездесу өткізу

Кездесу

БҒМ, МҚА
(келісім
бойынша)

Жыл
сайын

Талап
етіл-
мейді

  

      Ескертпе:
      * 2008-2010 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша шығыстардың сомалары болжамды болып табылады және оларды 2008-2010 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес айқындайтын болады.
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      МБА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы
      БАҚ - Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет