ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТƏРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тəрбие жұмысының стратегиясы студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тəрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық əрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-əрекеттің құрамдас бөлігі болуы тиіс.
1.Жоғары оқу орнындағы тəрбие жұмысының негізгі факторлары:
біріншіден, жоғары оқу орнының өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден, ғылым жəне оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру жəне студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Университеттің міндеті білім мазмұнын құрайтын жоғары кəсіби мəдениетті маман тұлға қалыптастыру болса, осы бағыттағы Қорқыт Ата атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мақсаты – шығармашылық, инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыратын, жоғары дамыған тұлға тəрбиелеу, сонымен қатар белгілі бір кəсіби салада бəсекеге қабілетті маман даярлау.
Тұжырымдамада студенттермен тəрбие жұмысын жүргізудің кешенді мəселелері сараланып, оларға тəрбие берудің негізгі мақсаты мен міндеті жəне студенттердің білім алуы барысында тəрбие үдерісін жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар мен осы жұмыстарды жетілдірудің тетіктері мен жолдары анықталды.
2. Тəрбие жұмысының басты бағыттары
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.
● Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
● Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.
● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.
● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.
● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
● Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
● Дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады.
● Еңбек және экономикалық жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.
● Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
● Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту. Бұл бағыттар ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы негізінде қарастырылып отыр.
3. Міндеттері
- ҚМУ студентінің рухын көтеру;
- студенттерді қоғамдық қызметтерге деген белсенділігін көтеру жəне ынталандыру;
- студенттердің жемқорлыққа деген жағымсыз көзқарастарын қалыптастыру;
- ҚМУ студенттерін қоғамдық əрекеттерге тарту;
- сапалы білім алу идеясын насихаттау, студенттердің діни жəне саяси бірлестіктерге қатысуына көңіл бөлу;
- Қазақстанның тағдырына жауапкершілікті тұлғаны, белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру;
- ұтқырлықты, бəсекеге қабілетті, құндылыққа бағытталған көзқарасты, шығармашылық белсенділігін дамыту;
- өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
- саламатты өмір салты туралы ғылыми көзқарасты, физикалық жəне рухани біліктілік пен дағдыны өздігінен жетілдіру, қалыптастыру;
- ұлт аралық жəне əлеумет аралық тəжірибелік қатынастарды қалыптастыру, келеңсіз жағдайларды ескерту;
- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер қоғамдастығының қатарына жататындығы мақтаныш, қоғамдық бірлестік сезімін қалыптастыру.
4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студентінің үлгісі
Студенттер – ұтқыр және əлеуметтік топ, өзінің ұлттық жəне əлеуметтік құрылымымен жасына қарай, ерекшеленеді, сонымен бірге сол уақытқа тəн ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мəртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Əлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.
Студенттердің əлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:
1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, əлеуметтік-мəдени əрекеттердің əртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;
2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтығы – елдердегі жоғары оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;
3) студенттерді оқуға келгеннен бастап əлеуметтік-мəдени əрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның əлеуметтік мəдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.
5. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу-тәрбие əрекетіндегі мазмұн мен педагогикалық мүмкіндіктер
Тəрбие жұмысы аудиториядан тыс жағдаймен ғана шектелмеуі қажет. Студенттерді жаңа қоғамдағы өмірге дайындау, Қазақстандағы қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ кəсібіне үйрету, патриоттық сезімін қалыптастыру – бұл міндет, оқу үдерісінің деңгейінде шешілуі қажет.
Кəсіби дайындық бағыты бойынша терең білушілік жəне дағды, іргелі гуманитарлы пəндер салаларындағы білім. Дүниетанымдық ұстаным, адамгершілік мақсаттар, гуманистік құндылықтар, гуманистік ғибраттардағы
жалпы адамгершілікті қағидалар. Конституцияға, мемлекеттік рəміздерге жəне заңдарға деген құрмет, əлеуметтік жауапкершілік азаматтық ерлік, ішкі еркіндігі жəне өзінің адамгершілігін сезіну, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігі. Өмір талаптарының өзгеруіне бейімделу, əлеуметтік-саяси жағдайларды бағдарлау. Тіршілік əрекетінің барлық салаларындағы жоғарғы
əлеуметтік белсенділік, əлеуметтік-экономикалық бəсекелестік, кəсіби жəне
əлеуметтік ұтқырлық.
Тəрбие қызметі тұжырымдамасының жүзеге асыру тетігі
Студенттің өзін-өзі басқару жүйесі
Студенттің өзін-өзі басқару жүйесі Студент-жастар одағы арқылы жүзеге асады.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі студенттік өмірдің жалпы мəселелерін шешу мақсатында белсенді қызмет атқарады. Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің ынта жəне өз əрекетінің қабілетін дамыту, ұйымдастыру ептілігін дамыту, оқумен, əлеуметтік мəдени жəне ғылыми əрекеттермен айналысу, студенттердің қоғамға пайдалы еңбектеріне байланысты сұрақтарды шешумен айналысады. Мұндағы мақсат - оқу жұмысы жөнінде, əлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарды, студенттердің ғылыми жұмыстарын, көлемді мəдени жұмыстарды атқара алатын белсенді жастарды іріктеу. Студенттердің өзін-өзі басқару əрекетінің басты идеясы олардың өкілеттілігін барынша кеңейту болып табылады.
Студенттің өзін-өзі басқару əрекетінің кеңеюі
Студенттің өзін-өзі басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістері.
-
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жастармен жұмыс жасау құрылымының жаңа жүйесін әзірлеу.
ҚМУ жастармен жұмыс жасау құрылымының жаңа жүйесі төмендегі сызбада көрсетілген
«Студент-жастар одағы» қоғамдық бірлестігі
Студент-жастар одағы - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Студент-жастар одағы өзіне тапсырылған университет пен факультеттердің студент – жастар одағы мен құрылымдары жұмыстарының тиімділігімен басқару саласындағы ахуалы үшін ректорат алдында жауапты.
Студент-жастар одағы өзінің жұмысын ректорат басшылығымен, ал күнделікті атқаратын жұмысын, тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру орталығы бастығының басшылық етуімен жүргізеді.
Студент-жастар одағы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясының, Білім туралы Заңның, ҚР мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, басшы органдар мен инстанциялардың, Ғылыми кеңестік, университет ректоратының шешімдерін басшылыққа алады.
Студент-жастар одағын ректорат бұйрығымен бекітілген төраға басқарады. Төрағаның ұсынысы бойынша тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру орталығы басшысының келісімімен екі орынбасары бекітіледі.
Студент-жастар одағы өз мәжілісінде жоспар бойынша көтерілген мәселелерді талқылап, университеттің жастар құрылымдарының есебін, баяндамаларын тыңдайды.
Студент – жастар одағының қаулы, тапсырма түрінде берілетін шешімдерін факультет студенттік деканаттары, одақтың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруға тиіс.
Студент-жастар одағының негізгі міндеттері:
-
университетте жастар саясатын жүзеге асыру;
-
университеттегі, факультеттердегі, топтардағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу, студенттік ұжымдардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
-
университеттің мәдени-көпшілік жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал ету;
-
университет жастары проблемалары бойынша облыстағы жастар қоғамдық ұйымдарымен, жоғары инстанцияларымен тығыз байланыс орнату;
Студент-жастар одағы жұмысының мазмұны
-
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында баяндалған құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу жұмыстарын жүргізеді;
-
жастардың жеке және ұжымдық кәсіпкерлік жұмыстарын қолдайды және дамытады;
-
жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастыруға ықпал етеді;
-
басшы органдардың, ректораттың шешімдерін орындау жұмыстарын ұйымдастырады;
-
университет жұмысының, факультет қоғамдық құрылымдарының жұмыс бағыттарына басшылық жасайды;
-
Одақ бөлімшелері үшін кадрлар мен активтер іріктеуді жүзеге асырады;
-
Одақтың, оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау, бөлімшелердің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды;
-
жастар мен жұмыстың озық тәжірибесін, жинақтап қорытады және таратады, өз жұмысының стилін, формасы мен әдісін жетілдіреді;
-
белгіленген тәртіп бойынша басқа жоғары оқу орындарымен, жастар ұйымдарымен, басшы органдармен байланыс орнатады;
-
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады; ғылыми конференциялар, олимпиадалар, байқаулар,үздік оқу тобына,жатақханаға конкурстар өткізеді
Студент-жастар одағы құқылы:
-
өзінің мәжілістерінде факультет студенттік декандардың, студент-жастар одағы төрағаларының, университет қоғамдық бірлестік өкілдерінің, студенттік кеңесті, студенттер активтерінің есебін тыңдауға;
-
ректоратта, Ғылыми кеңесте, қабылдау комиссияларына қатысып, жастар мүдделері мен проблемаларын қорғауға;
-
университет жастары мәселелері жөніндегі жиналыстар, мәжілістер жұмысына белгіленген тәртіппен қатысуға басқа жоғары оқу орнының одақтарымен байланыс орнатуға;
-
ректорат алдында жастарға материалдық және моральдық ынталандыру немесе тәртіптік ықпал етуге ұсыныс жасауға; ректоратқа ұсыныс беруге;
-
ағымдағы жұмыстарда оқу бөліміндегі, факультет декандарындағы барлық қажетті мәліметтерді пайдалануға;
Студент-жастар одағының төрағасы:
-
одақ мүшелеріне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз міндеттерін жүзеге асыруына тікелей жауап береді;
-
орынбасарлар міндеттерін бөліп беріп олардың жұмысын үйлестіріп отырады;
-
орынбасарлардың жауапкершілік деңгейін белгілейді;
-
факультет студенттік деканаттарының құрылымы мен ережелерін бекітеді;
-
өзінің қызметтік міндеттерін орындауда университет ректораты берген құқықтарды пайдаланады.
Студент жастар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылымы:
Студент-жастар одағының атқарушы органдары құрамына: студент-жастар одағы төрағасы, оның орынбасарлары,студенттік кеңестер, старосталар кеңесі, студент кәсіподақ комитеті, студенттер Альянсы, «Ұлағат» қоғамдық бірлестігі, «Зерде» студенттер ғылыми қоғамы, «Қыран» еріктілер жасағы, «Стимул» әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қоғамы, «Интеллектуал» оқу озаттары қоғамы, қызығушылық бойынша клубтар - “Ақиқат“ дебат клубы; Көңілді тапқырлар клубы, «Грация» би клубы, Көркемөнерпаздар клубы, әскери-патриоттық клуб, баспасөз клубы кіреді.
Жазғы демалыс айларында облыс көлеміндегі студенттік құрылыс жасақтары құрылыс-жөндеу жұмыстарына, «Жасыл ел» жасағы аймақтағы көгалдандыру-тазалық жұмыстарына белсене атсалысады.
Cтуденттік Кеңес
Студенттік өзін-өзі басқарудың бір формасы студенттік кеңес жұмысы болып табылады. Ол студенттік қоғамдық ұйымдар мен институттар, факультеттер мен колледждегі студенттік кеңестің қызметтерін біріктіріп және үйлестіріп отырады.
Студенттік кеңес – студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жəне бос уақытта спорттық жəне мəдени əрекеттермен айналысуын қамтамасыз етіп, студенттерге əлеуметтік-психологиялық жəне техникалық қолдау көрсетеді.
Студенттік кеңес құрылымдық бөлімнің студенттік кеңес төрағасынан, екі орынбасарынан тұрады, оның құрамына академиялық топтардың старосталары, университеттің студенттік кәсіподақ комитетінің өкілдері, белсенді студенттер кіреді.
Студенттік кеңес студент-жастар комитетімен тығыз байланыста оқу тәртібін нығайту барысында жұмыс атқарып, старостат жұмысына бағыт береді, қоғамдық міндеттерді шешуді қамтамасыз етіп, топтарда жайлы ахуал қалыптастыру, студенттік баспаналарды дамыту үшін жағдай жасайды. Студенттік кеңес мүшелері факультет деканатының жұмысына қатысады, ректорат пен Ғылыми Кеңес құрамына кіреді.
Студенттік кеңес студенттік топтар және студенттік белсенділермен бірлесе отырып, стипендия тағайындау жөнінде стипендиялық комиссияға үсыныс береді. Үздік бағалары бар студенттерге көтеріңкі стипендиялар тағайындау мәселесін шешеді.
Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша студенттік кеңес курс, оқу топтары бойынша орындар белгілеп, жекеленген топтардың нашар үлгеріміне талдау жасайды, академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығару жөнінде, алғыс және сөгіс жариялау туралы ректоратқа ұсыныс даярлайды. Топ тәлімгерлерімен бірге үлгірімі нашар студенттердің ата-аналарымен байланыс жасап, қарыз студенттердің емтиханды қайта тапсыру мерзімін институт, деканаттар мен кафедралардың келісімі арқылы белгілейді.
Студенттік кеңес кафедралардың, кітапханалардың, оқу жайларының, жатақханалардағы кітапхана жұмысын жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар, қосымша сабақтар мен консультациялар өткізу орындары мен уақыты туралы ұсыныстар береді.
Өндірістік практика ұйымдастыру бөлімімен бірлесе отырып студенттік кеңес студенттерді практика базаларына бөлу, беделді орындарға бөлу барысында әділдік принципін қадағалу мәселелерін шешеді.
Студенттік кәсіподақ комитеті студенттік кеңеспен бірге сауалнама жүргізу арқылы университеттегі оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту және сабақ беру сапасын жоғарылату жөнінде студенттердің пікірлері мен ұсыныстарын зерттейді.
Студенттік өзін-өзі басқару органдары оқу процесін қайта құруға жан-жақты және біркелкі қатысып отырса ғана, ол болашақ маманды қайта түлету құралына айналып, оның әлеуметтік жедел өсуіне көмектеседі.
Институт, факультеттегі студенттік кеңестер
Студенттік өзін-өзі басқару процесін жүзеге асыратын бірден-бір бөлімше – институт, факультеттегі студенттік кеңестер. Институт, факультет белсенділерінің жалпы жиналысында студенттік кеңес төрағасы дауыс беру арқылы сайланады. Студенттік кеңестің құрамына факультеттің барлық белсенді студенттері мүше бола алады. Институт, факультет студенттерінің әлеуметтік жағдайын зерттеп, көмек көрсетуге ықпал жасайды. Қоғамдық өмірге студенттердің қызығушылығын арттырып, мәдени-көпшілік жұмыстарға араласуын қадағалайды.
Университет старосталары Кеңесі
Университет старосталары Кеңесі институттар, факультеттер мен колледжде барлық оқу топтарының старосталарынан тұратын университетішілік өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы болып табылады. Университет бойынша Кеңестің төрағасы немесе төрайымы старосталардың жалпы жиынында сайланады. Барлық институттарда, факультеттерде және колледжде жетекші староста тағайындалады. Сонымен қатар әр оқу курсында жетекші староста және оқу тобында старосталар бекітіліп, олар Кеңестің мүшесі болады.
Старосталардың негізгі міндеті:
-
оқу үдерісінде топтағы білім алушылардың үлгірім деңгейіне бақылау жүргізу және үлгірім нәтижесін жақсартуға ықпал жасау.
-
студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал жасау (пәндік олимпиадалар, ғылыми және әлеуметтік маңызды жобаларға қатысу т.б.);
-
студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, олардың дәлелсіз себептермен сабақтан қалмауына ықпал жасау;
-
топтың психологиялық, моральдық ахуалын жақсарту;
-
әлеуметтік мұқтаж студенттерге әлеуметтіік және психологиялық қолдау көрсету тетіктерін қарастыру, ұсыныс беру;
-
студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру (кітапханаларға, интернет орталықтарына, театр мен кинотеатрларға бару, т.б.);
-
оқу тобы студенттерін университеттің, факультеттің және өз тобының қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарына белсенді қатыстыру;
-
топ студенттерінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенті тұлғасының моралдық-этикалық нормалар ережесін» қатаң сақтауын қадағалау;
-
қажет болған жағдайда топ тәлімгеріне немесе жоғары тұрған органдарға туындаған проблемалық мәселер бойынша ұсыныс беру.
Қазақстан Студенттер Альянсы
ҚСА-ның негізгі міндеттері:
-
студенттер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оларды ұлтжандылыққа баулу;
-
студенттердің күш-жігерін топтасқан арнаға бағыттау;
-
студент жастардың мүддесін қорғау;
-
студенттер ортасына білімділікке ұмтылуды қалыптастыру;
-
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға әрекет ету;
-
«Қазақстан 2030» стратегиясын дамытуды практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға қолдау көрсету;
-
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосу.
Қазақстан Студенттер Альянсының функциясы:
-
Қоғамдық-саяси жұмыстар. ҚСА жасалған жұмыстар туралы ақпараттандыру, студенттер ортасында жүріп жатқан жағдайларға мониторинг және сараптама жасау, әлеуметтік және саяси жобаларды моделдеу, идеологияны жасау және ілгерілету;
-
Мәдени-көпшілік, бос уақыттағы демалыс және спорттық жұмыстар. Мәдени-көпшілік және студенттердің спорттық іс-шараларын ұйымдастыру (КВН, дебаттар, брейн-ринг, мерекелік жарыстар, әр түрлі конкурстар мен байқаулар және т.б.), жазғы және қысқы лагерлер, фестивальдар, слеттер және т.б.;
-
Студенттік ғылым мен отандық жоғары білімді дамыту.Білімділікті жоғарылату процесінде (студенттік клубтар, белгілі ғалымдар мен саясаткерлердің лекциялары, зияткерлік жарыстар және т.б.) және ғылыми зерттеу қызметінде (ғылыми конференцияларды ұйымдастыру, ғылыми мақалалар жинағын шығару) студенттерді жұмылдыру механизмдерін дамыту және іс жүзіне асыру;
«Зерде» Студенттік ғылыми қоғамы
«Зерде» Студенттік ғылыми қоғам қызметінің міндеттері мен бағыттары
-
СҒҚ міндеттеріне оқу материалдарын терең және шығармашылықпен игеру есебінен жоғары білікті мамандар даярлау: ғылыми және техникалық міндеттерді өз бетінше шешу құралдары мен әдістемелеріне және ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларына үйрету; ғылыми және техникалық міндеттерді оңтайлы шешуге ықпал ету жатады;
-
СҒҚ қызметі дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсетуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ зерттеу, жобалау, өндірістік қызмет пен гуманитарлық саладағы жұмыстарға неғұрлым дайындалған кадрлар әлеуетін қалыптастыруға бағытталған;
-
СҒҚ шеңберінде студенттердің еңбектері оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады әрі тікелей кафедралар мен зертханаларда ұйымдастырылады. Студенттер жұмысына университет профессорлары, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, магистранттар басшылық жасайды;
-
СҒҚ шеңберінде студенттердің жұмыстары оқу процесі кезінде де, оқудан тыс уақытта да жұмыстар атқару есебінен орындалады;
Студенттердің оқу процесі көлемінде жүргізетін жұмыстары мыналарды қарастырады:
- түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу үшін ұсынылатын тапсырмалар, курстық және дипломдық жобалар (жұмыстар) орындау;
- рефераттар, конспектілер, баяндамалар дайындап, оларды әрі қарай ғылым, техника, мәдениет саласында білімдерді таратуда дәрістік қызметтерге қолдану;
- студенттердің оқу-ғылыми жұмыс жоспарларында (СОҒЗЖ) қаралған және жыл сайынғы СҒҚ конференцияларында баяндама ретінде ұсынылған тапсырмаларды орындау;
- студенттерді университеттің басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
- оқу, өндірістік және басқа да практикалар кезінде нақты ғылыми, іздену, жобалау және басқа жұмыстарды орындау.
Студенттердің оқудан тыс уақытта жүргізетін жұмыстары мыналарды қарастырады:
- Кафедралық, кафедрааралық студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҚ секциялары) жұмыстарына қатысу;
- ғылыми іс-шаралар мен конкурстарды дайындау және қатысу;
- кафедралар мен ғылыми бөлімшелер жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу (шаруашылық келісімшарт және мембюджеттік ҒЗЖ, шаруашылық ынтымақтастық туралы келісімшарттар);
- түрлі ғылыми конференцияларға, оның ішінде Жас ғалымдар Кеңесі аясында өткізілетіндерге қатысу;
- түрлі студенттік ғылыми бірлестіктерге, уақытша студенттік шығармашылық ұжымдарға (УСШҰ) қатысу;
- Студенттердің ғылыми мақалаларын жариялауға дайындау.
СҒҚ қызметінің негізгі бағыттары:
- студенттік ұжымдардың түрлі ғылыми зерттеу бағыттары бойынша гранттар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
- түрлі студенттік ғылыми конференциялар оның ішінде ЖООаралық, тақырыптық, республикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
- ЖООаралық студенттік конференциялар ұйымдастыру, делегациялар алмасу арқылы ЖОО-мен ынтымақтастық жасауға ықпал ету;
- қажетті ғылыми, әдістемелік, ақпараттық материалдар дайындап, баспадан шығаруды жүргізу; студенттік ғылым жетістіктерді БАҚ және Интернет арқылы насихаттау;
- студенттік ғылыми-зерттеу зертханаларының (СҒЗЗ), студенттік конструкторлық, жобалық, технологиялық және экономикалық бюро (СКБ) қызметін ұйымдастырып, қолдау көрсету СҒЗЗ мен СКБ қызметінің түрі мен бағыты оларды құру кезінде бекітілетін Ережемен анықталады.
СҒҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және университет Жарғысына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерімен айналыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |