жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті



Дата07.02.2022
өлшемі18.02 Kb.
#455172
8 наурыз сенарий


1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры _____ береміз.

1-жүргізуші: Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіз __ сынып оқушылары _______ «Анашым» атты құттықтау әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. 

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін ұстаздарға бағыштайды,-дей отырып,  __ сынып оқушылары ____орындауында ___әнін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!



2-жүргізуші:  Алдарыңызға ___ сынып ұлдарының КТК командасын ортаға шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар!

1-жүргізуші
Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай __ сынып оқушысы күйші ұлдарыңыз ___орындауында «_____» күйі. Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Бишілер бар бізде ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  __ сыныптың биші жігіттеріне береміз.



1-жүргізуші: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

__ сынып оқушысы _____– «____» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Барша қыздарға арнап _____орындауында  

«___» әні қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Аналарға арнап __ сынып оқушысы __-«Шеше сен бақыттысың» өлеңін оқиды. Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Аяулысың, лицейімнің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

__сынып оқушысы_____ орындауында «________» әні



1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ___«____» атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 

Алдарыңызға __ сынып ұлдарының КТК командасы ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген.

__ сынып оқушылары ___орындауында «_____» әні. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қыздар біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

1-жүргізуші

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Ары қарай мектебіміздің ұстаздарының концертін тамашалаңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет